Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымды терең меңгеру, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік



бет6/15
Дата05.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#180260
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Мазмұндамалар

Жаңбыр мен найзағай
Бұлт үстінде жаңбыр рақаттанып ұйықтап жатады. Найзағай жасырынып оған жақын келіп, қатты бақырып жібереді. Осы кезде шырт ұйқысынан оянған жаңбыр жылап қоя береді. Оның көз жас жерге құйылады.
Ал адамдар мұны жаңбыр жауды деп ойлайды. Дала мен шабындық жуынып апады. Бидай мен шөптер де жуынады. Бұлт жылауын қойса, жаңбыр да тыйыла қалады. (55 сөз)
Жоспар.

  1. Жаңбырдың ұйқысы.

  2. Найзағай не істеді?

  3. Жаңбырдың пайдасы қандай?


Алғыс
Биыл қар қалың түскен еді. Бірақ көктем шығысымен, күн тез жылынды, Қар еріп, сарқырап су аға бастады. Түс мезгілінде, сабақтан қайтқанда өткел іздеп, сай жағалап жүргеніміз.
Балалар арнасы тарлау жерден кешіп өтті. Ең соңында кішкентай екі қыз тұрып қалды. Бойшаңдауы оп-оңай секіріп өтті де, қолын созды. Қыздар аман есен өтті. Балалар қуана-қуана үйлеріне жетті. (57 сөз)

Кішіге қамқор болу.

Жоспар.

  1. Көктем шықты.

  2. Балалар сабақтан қайтты.

  3. Олар өткелден қалай өтті?

Жақсы мен жаман
Ә. Жылбеков
Жақсы бала құлақ сап,
Айтқанынды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық, Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып, Алады ол таранып.
Жаман бала құрысып,
Өз-өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып.
Жоспар.

  1. Жақсы баланың ісі қандай?

  2. Жаман баланың ісі қандай?


Менің лағым






Ол - ешкінің төлі. Мен лағыма «Қаңтаркөк» деп ат қойдым. Оған жапырақ, шөп беремін. Өзі сүйкімді, әрі жақсы. Қаңтаркөк деуімнің себебі, ол қаңтардың сегізі күні туды. Лағым өте нәзік болатын. Оған шөп берсем, тіземе мініп, кольмдағы шөпті жеп қояды. Мен оны өте жақсы көремін. (44 сөз)
«Айгөлек» журналы №4, 2005ж.
Жоспар.
1. Лақтың аты — Қаңтаркөк.

  1. Қаңтаркөк деп неге атады?.

  2. Лақты күту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет