Түлкі мен ешкі
Бір түлкі далада жортып келе жатып еді. Ол байқаусызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.
Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның апанда неге тұрғанын сұрады. Түлкі апанның салқын, ішінде суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті. Осыны күткен түлкі ешкінің үстіне секірді. Одан апанның сыртына қарғып шығып, қаша жөнелді. (65 сөз)
Жоспар.
Түлкі апанға түсіп кетті.
Ешкінің су іздеуі.
Түлкінің айласы.
Мақтаншақ аю
Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде ақ төс аю тұрыпты
. Ол түнімен тоғайды аралап, ап күн ысығанда ұңгірге кіріп жатады екен. Ақ аю қазандай тасты допша домалатып ойнайды екен.
Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.