мысалы
|
мысал
|
1
|
сілтеу
есімдігі
|
мыналар, осылар, бұлар, солар, олар
|
Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл.
|
2
|
жалпылау есімдігі
|
бәрі, баршасы, барлығы
|
Шымкент, Алматы, Қарағанды – бәрі үлкен қала.
|
3
|
жинақтық
сан есім
|
екеуі, үшеуі
|
Аса, Мағаш, Жандос – үшеуі оңаша әңгімеле-сіп отыр екен.
|
4
|
зат есім
|
зат есімдер
|
Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі – Балқаш көліне құяды.
|
Жалпылауыш сөздің тыныс белгісі
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше.)
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады. (Бірың. мүше – жалп. мүше)
Бірыңғай мүшенің алдында жалпылауыш сөз тұрып, соңында сөйлемнің басқа мүшелері келсе, бірыңғай мүшеден бұрын қос нүкте, олардан кейін сызықша қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше – басқа сөздер)
АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ
Айқындауыш мүше – сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі.
Айқындауыш мүшенің 2 түрі бар: оңашаланған айқындауыш және қосарлы айқындауыш.
Достарыңызбен бөлісу: |