Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет40/90
Дата29.11.2022
өлшемі408,98 Kb.
#160237
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90
Байланысты:
2 5215504080318762273

Қимыл-сын бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

қайтіп? не етіп? қалай?

Мақсат бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.

не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

-са, -се + жіктік жалғауы

Сабақ оқысаң, бес аласың.

2

-май, -мей,-пай, -пей,
-бай, -бей

Сабақ оқымай, бес алмайсың.

3

-майынша, -мейінше,
-пайынша, -пейінше,
-байынша, -бейінше

Сабақ оқымайынша, бес алмайсың.

4

-ғанда, -генде,
-қанда, -кенде

Сабақ оқығанда, бес алар едің.



Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

-са да, -се де

Қыс келсе де, қар жаумады.

2

-ғанмен, -генмен,
-қанмен, -кенмен

Қыс келгенмен, қар жаумады.

3

(-а, -е, -й) + тұра

Қыс келе тұра, қар жаумады.

4

(-ғанына,-геніне,-қанына, -кеніне)+қарамай (қарамастан)

Қыс келгеніне қарамас-тан, қар жаумады.

5

(-ғаны, -гені, -қаны, -кені) + болмаса

Қыстың келгені болмаса, қар жаумады.

6

-ғанша, -генше, -қанша, -кенше

Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

-а, -е, -й, -ып, -іп, -п

Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.

2

(-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) + с + (-тан, -тен)

Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді.

3

(-ған, -ген, -қан, -кен) + күйі, қалпы, бойы

Екі қолы дірілдеген күйі, Оспан ішке кірді.

4

(-ған, -ген, -қан, -кен) +(-дай, -дей) + болып

Екі қолы дірілдегендей болып, Оспан ішке кірді.


Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

-ғандықтан, -гендіктен,
-қандықтан, -кендіктен

Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.

2

(-ғаны, -гені, -қаны, -кені) + үшін

Күн жылы болғаны үшін, біз серуенге шықтық.

3

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й

Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық.

4

-ып, -іп, -п

Күн жылы болып, біз серуенге шықтық.

5

үш шақтағы етістік + деп

Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.

6

(-ған,-ген, -қан, -кен) + соң

Күн жылы болған соң, біз серуенге шықтық.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

Мен айт



-ғанда, -генде, -қанда, -кенде

ол жазды.

2

(-ғанға, -генге, -қанға, -кенге) + дейін, шейін

ол жазды.

3

(-ғаннан, -геннен, -қаннан, -кеннен) + кейін, соң

ол жазды.

4

(-ған, -ген, -қан, -кен) + сайын

ол жазады.

5

(-ған, -ген, -қан, -кен) +
кезде, сәтте, уақытта,

ол жазды.

6

(-ған, -ген, -қан, -кен) + -ша, -ше

ол жазды.

7

(-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) + с + бұрын

ол жазды.

8

-ысымен, -ісімен, -сымен, -сімен

ол жазды.

9

-арда, -ерде, -рда

ол жазды.

10

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

ол жазып жүр.

11

(-ғаннан, -геннен, -қаннан, -кеннен) + бері

ол жазып жүр.

12

-са, се + жіктік жалғауы

Ол келсе, сабақ аяқталыпты.



Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас

1

(-мақ, -мек, -пақ, -пек,
-бақ, -бек) + -шы, -ші
+ болып

Ол оқымақшы болып, қалаға келді.

2

-у + үшін

Ол оқу үшін, қалаға келді.

3

(шартты, қалау, бұйрық райлар) + деп

Ол оқысам деп, қалаға келді.

4

(-қы, -кі) + тәуелдік жалғау + келіп

Оның оқығысы келіп, қалаға келді.

Назар аудар!
1) "Деп" етістігі ашық райдағы етістікпен тіркессе, себеп бағыныңқы болады, ал бұйрық, шартты және қалау райдағы етістікпен тіркессе, мақсат бағыныңқы болады.
2) Төмендегі жасалу жолдары бірнеше сабақтас түрін жасауға қатысады. Мұндай жағдайда сабақтастың түрін сөйлемнің мағынасына қарай ажыратуға болады.

1. -са, -се:
- шартты бағыныңқы:
- қарсылықты бағыныңқы:
- мезгіл бағыныңқы:
2. -ғанда, -генде, -қанда, -кенде:
- шартты бағыныңқы:
- мезгіл бағыныңқы:
3. -ып, -іп:
- себеп бағыныңқы:
- қимыл-сын бағыныңқы:
4. -ғанша, -генше, -қанша, -кенше:
- қарсылықты бағыныңқы:
- мезгіл бағыныңқы:



АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Аралас құрмалас сөйлем – кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.
Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:

Басыңқы, бағыныңқы,
басыңқы.

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Бағыныңқы, басыңқы,
басыңқы.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Бағыныңқы, басыңқы,
бағыныңқы, басыңқы.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Басыңқы, бағыныңқы,
бағыныңқы, басыңқы.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.


ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

  1. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем – құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі.

Сызбасы: басыңқы, басыңқы, басыңқы.
Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

  1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Мысалы: Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің (к.б.с.қ) 2 түрі бар:
1) Жарыспалы к.б.с.қ бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланысатын сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы


Мысалы: Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.

    • Бірыңғай жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары бірдей сөйлем. (шартты бағ. , шартты бағ. , басыңқы.)

    • Әр алуан жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары әр түрлі сөйлем. . (шартты бағ. , қимыл-сын бағ. , басыңқы.)

2) Сатылы к.б.с.қбағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланыспайтын сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы


Мысалы: Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

  1. Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі. Бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады.

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.


Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.
Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы


Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
ПУНКТУАЦИЯ

  • Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.

  • Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:

  1. Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.

  2. Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.

  3. Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.

  • Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:


қойылатын орны

түрі

қызметі

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері

нүкте ( . )
сұрақ белгісі ( ? )
леп белгісі ( ! )
көп нүкте ( ... )

Даралушы қызмет атқарады.

Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері

үтір ( , )
қос нүкте (:)
жақша ( )
тырнақша (" ")
сызықша ( – )

Ерекшелеуші қызмет атқарады.

Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері

үтір ( , )
қос нүкте ( : )
нүктелі үтір ( ; )
үтір сызықша (, – )

Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады.

НҮКТЕ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет