Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет35/43
Дата04.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#194882
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
аза тіліні с зжасамы А. Б. Сал ынбай – ф. . д., профессор І.

-шаң, -шең. Себепші негізге мағыналық сипатына қарай:

  • сындық, бейнелік сема жалғайды: киімшең, көйлекшең, мәсішең, т.б.

  • қасиеттің, белгінің молдығы семасы: сөзшең, ашушаң, бойшаң, өміршең, т.б.

Дәстүрлі грамматикада етіс және есімше тұлғалары “сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар” ретінде қарастырылады. Функциональдық-семантикалық жағынан дами келе мұндай тұлғалардың сөзжасамдық сипатқа ие болғаны дау туғызбаса керек. Мысалы: ұқсас, таныс, жалғас, ұшқыш, алғыр, білгір, тарамыс, жазмыш, жинақы күрдіргі, жылтыр, сылбыр, тебеген, сүзеген, қабаған ұзын, бүтін т.б. Тұлғалардың сөзжасамдық мағыналары негізінен контекстегі қолданысы арқылы дами келе, бірте-бірте жеке зат атауы, сын атауы ретінде қалыптасқан. Яғни конверсияның тікелей жемісі.
Біз етіс тұлғаларының сөзжасамдық мағыналары бар деген пікір айтамыз. Сонымен бірге етіс, есімше тұлғалары контексте сын-сапалана, заттана (адъективтену, субстантивтену) келе, етістіктің ерекше қызметі мен әрекетін білдіруден басқа, себепші негізге заттық, сындық мағына қоса алады. Бұл етіс, есімше тұлғаларының тегі қимыл есімдері болғанымен байланысты. Яғни формалардың архисемасында мағына синкреттілігі сақталған.
-ыс, -іс, -с: таныс, біліс, жүріс, тұрыс;
-қыр, -ғыр, -кір, -гір: білгір, өткір, ұтқыр, ұшщыр, т.б.
-мыш, -міш: жасамыс, тарамыс, жазмыш, болмыс, тарамыс, т.б.
-қы, -кі: жинақы, қазақы, бүлдіргі, күрдіргі, сыдырғы;
- ыр, -ір, -р: жұмыр, сығыр, тықыр, білгір, алғыр т.б.;

  • у: таяу, баяу, қызу, жадау т.б.;

  • -аған, -еген: тебеген, жатаған, сүзеген, қашаған, алаған, береген т.б.;

  • мсақ, -мсек: келімсек, өлімсек, тілемсек, жарамсақ, алымсақ, т.б.

  • алақ, -елек: еңкелек, қаңғалақ, бұлтанақ, шыжғалақ, жалталақ т.б.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет