Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


І. Себепші негізге қимылдық, қозғалыстық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар



бет27/43
Дата04.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#194882
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
аза тіліні с зжасамы А. Б. Сал ынбай – ф. . д., профессор І.
Бұдабай қабылұлы , 1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org
І. Себепші негізге қимылдық, қозғалыстық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар:
-та, -те, (-да, -де, ла, -ле); Бұл жұрнақ кез келген себепші негізге жалғана бермейді. Валенттілік ыңғайына қарай дене мүшелері атауларынан кейін (ауызда, қолда, тісте, жұдырықта, аяқта, баста, көзде, уыста, қолтықта т.б.); еңбек, тұрмыстық құралдары атауларынан кейін (балғала, балтала, үтікте, кісенде, оқтаула, қасықта, тізгінде, тырмала, қақпанда, кілтте, құлыпта, т.б.); қимыл-қозғалыс арқылы іске асырылатын зат атауларынан кейін (ұшта, күште, сабында, жүнде, тұзда, мұзда, күнде, т.б); сындық-сапалық мағынадағы атауларға жалғана келе (тазала, кірле, қызылда, ақта, қарала, көкте, әдеміле, сұлула, ажарла, жақсыла, жаманда, т.б.); өлшемдік мәнді атаулардан кейін (таразыла, адымда, тоннала, қарыста, сүйемде, т.б.); еліктеу, бейнелеу мәніндегі атаулардан кейін (жарқылда, жырқылда, тарсылда, ырсылда, тырсылда, суылда, ысылда, мамырла, митыңда, маңқылда, сусылда т.б.); төл атауларынан кейін (ботала, лақта, қозда, төлде, бұзаула, т.б); сандық мәнді атаулардан кейін (екеуле, үшеуле, төртеуле, онда, жүзде, мыңда т.б.) т.б. атауларға жалғанып, әртүрлі парадигмалық қатар құра алады.
Тіліміздегі ең өнімді СТТ қатарына жататын бұл жұрнақтың құрылымдық сипаты туралы кең ғылыми түсінікті ғалым А.Ысқақов морфологиялық аспектіде тәптіштеп жазған еді.
-Та, -те (-да, -де, -ла, -ле) тұлғасының сөзжасамдық мағынаға қосатын семалық қырын былайша саралауға болар еді:

  • іс-әрекеттің орындалуын, аяқталу сипаты: бұзаула, балапанда , аяқта, кісенде, ауызда т.б.;

  • іс-әрекеттің дүркіндік, еселік семасы: жұдырықта, арқала, білекте, тістеле, сабаула, көсеуле, тырмала, қасықта;

  • іс-әрекеттің қалпын білдіруші сема: тізерле, танаура, өкпеле, көзде, күңкілде, мыңқылда, іркілде, тыраңда т.б.;

  • іс-әрекеттің көп болып, не кемінде екеу болып орындалу семасы: үймеле, қаумала, арашала, жаманда, жақсыла т.б.;

  • іс-әрекеттің орындалу амалын білдіретін сема: ойла, тазала, адымда, тақтайла, жүнде, майла, күлімде, амалда т.б.;

Бұл көрсетілген мағыналар туынды сөздің мағынасы емес, тек СТТ-ның қосатын парадигмалық семалары. Мағыналардың әртүрлі сипаты мен көрінсі бір тұлғаның әртүрлі семантикалық сипатын танытады, сөйтіп бір парадигмалық шеп құрайды.
тан, -тен, (-дан, -ден, -лан, -лен). Құрамы –та және –н тұлғаларынан құралатын бұл жұрнақ екі түрлі түбіртектен құралатындықтан, өзінше күрделі семантикалық сөзжасамдық құрылымға ие. Валенттілік ыңғайына қарай: синкреттілік негізді атаулардан кейін (ашулан, қатулан, ойлан, жандан, қолдан, үйлен т.б.); абстрактылы мәнді атаулардан кейін (арлан, борыштан, рахаттан, сезіктен т.б.); иелік мән туғыза алатын атаулардан кейін (малдан, үйлен, пайдалан, қарыздан т.б.); кісінің мінез-құлқына қатысты атаулардан кейін (қулан, қайраттан, мазасыздан, ашулан, қайсарлан, жалқаулан, еріншектен, шамдан, т.б.) жалғанады.
Себепші негізге мынадай семалық мән жүктейді:

  • іс-әрекеттің, қимылдың көбеюі, молдығы семасы: малдан, батырлан, намыстан, сараңдан, рухтан, борыштан т.б.;

  • іс-әрекет, қимыл, қозғалыстың амалын білдіру семасы: мейірлен, күлімден, рахаттан, елгзектен, сезіктен, баптан т.б.;

  • іс-әрекеттің, қимылдың қозғалысқа келу семасы: машықтан, қамсызда, қамдан, ойлан, тазалан, ашулан, пайдалан, әлден, гүлден т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет