Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


уыл, уіл: шабуыл. қарауыл, сырғауыл, торуыл т.б. мал



бет34/43
Дата04.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#194882
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
аза тіліні с зжасамы А. Б. Сал ынбай – ф. . д., профессор І.

уыл, уіл: шабуыл. қарауыл, сырғауыл, торуыл т.б.

  • мал, мел: ашымал, саумал, т.немел, орамал т.б.

  • шақ, шек: келіншек, ұрыншақ, болашақ, келешек т.б.



    ІІІ. Себепші негізге сындық мағына қосатын
    сөзжасамдық тұлғалар:
    -қы, -кі, -ғы, -гі. Өзге сөз тудырушы жұрнақтар сияқты, бұл тұлғаның да себепші негізге жалғануының өзіндік валенттілік қасиеті бар. Себепші негіз бен сөз тудырушы тұлғаның байланысуы ішкі мағыналық құрылымының мәндес, ыңғайластығына негізделеді. -Қы, -кі, -ғы, -гі тұлғаларының жалғану қабілеті белгілі жүйені құрайды, бұл жүйе әдеби тілдік норма ретінде қабылданады. Негізінен, мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін атауларға жалғанып, себепші негізге нақтылық сема қосады: ауызғы, төргі, үйдегі, түздегі, төменгі, жоғарғы, алыстағы, жақындағы, кешкі, түскі, түнгі, күндізгі, жазғы, көктемгі, қысқы, күзгі, ертеңгі, т.б.
    -ты, -ті, -ды, -ді, -ны, -ні. Болмыстың әртүрлі қасиеті мен белгілерін айқындаудың нәтижесінде, себепші негізде соның барлығын, молдығын нақтылап көрсету үшін жұмсататын СТТ. Мысалы: айбарлы, ардақты, арлы, қарлы, үйлі, күйлі, балалы, малды, жанды, әдепті, ағалы-інілі, жарлы, байлы, сырлы, пайдалы, сазды, түзды, ақылды, сыйлы, даулы, ашулы, мұңды, нулы, сулы, отты т.б.
    - сыз, - сіз. Себепші негіздің мағынасына болымсыздық мән жүктеу үшін жалғанатын СТТ. Мысалы: білімсіз, ақылсыз, жылусыз, сусыз, қағазсыз, қаламсыз, пешсіз, шөпсіз, әнсіз, күйсіз, даусыз, т.б.
    -шыл, -шіл. Себепші негіз мағынасына бейімділік, икемділік семасын қосатын СТТ. Мысалы: міншіл, сыншыл, кінәмшіл, сыршыл, күлкішіл, өзімшіл, турашыл, ырымшыл, ұйымшыл, ойыншыл, таушыл, күншіл, ойшыл т.б.
    -тай, -тей, -дай, дей, -лай, -лей. Есім сөздерге жалғанып, әртүрлі сема туғыза алады. Соған орай, дәстүрлі грамматикада оның сын есім туғызатын мағынасы мен үстеу туғызатын мағынасы ерекше айқын ажыратылып көрсетіледі. Себепші негізге мынадай мағына қосады:

    • салыстыру семасы: адамдай, құстай, оттай, әндей, сүттей, айрандай, бүркіттей, аққудай, мендей, сендей, сіздей, үлкендей, кішілей т.б.

    • шамалау, мөлшерлеу семасы: ондай, жүзбей, қырықтай, жиырмадай, жетідей, т.б.

    • іс-әрекеттің өту амалы семасы: күздей, жаздай, екіншілей, осылай т.б.;

    • іс-әрекеттің орындалу сипаты: жақсылай, жамандай, басқадай, кәдімгідей т.б.;

    • іс-әрекеттің орындалу сипатын салыстыру семасы: құстай, түлкідей, мысықтай, Абайдай, Қобландыдай, Мұхиттай, Рүстемдей т.б.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет