Қазақ тілінің төл дыбыстарын түзетуге арналған тактильді-кинестетикалық стимуляцияны қолдану



бет1/4
Дата22.09.2022
өлшемі30,33 Kb.
#150369
  1   2   3   4
Байланысты:
1618943071 1


Қазақ тілінің төл дыбыстарын түзетуге арналған тактильді-кинестетикалық стимуляцияны қолдану
Usage of tactual-kinesthetic stimulation focused on breaking defects of specific sounds of Kazakh language.

Абдыкашева Л.Е. («Теміртау қаласы №15 қазақ мектеп гимназиясы» КММ)


Abdykasheva L. E.

Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің туған тілін қолдануға, кез келген қарым-қатынас тілін еркін таңдауға, тәрбие алуға, оқуға және шығармашылықпен айналысуға құқығы бар. Сондықтан тіл сауаттылығын қалыптастыру: фонетика, лексика, грамматика саласында тіл жүйесі туралы білімді меңгеру ҚР-дағы заманауи білім алудың бірден бір маңызды құзыретіне кіреді.


Алайда осы міндеттерді шешу оқыту тілі қазақ тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқытудың бірыңғай әдістемесі жоқ екендігімен күрделене түсуде. Бірінші сыныптан бастап мұғалімдер мен оқушылар қазақ тілінің төл дыбыстарын айту мен жазуда бұзушылықтар сияқты мәселелерге тап болады. Мұндай олқылықтарды таза билингвистикалық деп санауға болмайды, себебі ол мәселелер тек қазақ тілін білетін балаларда да байқалады. Жұмыс тәжірибесінен шыға отырып, мен осындай қателіктерді бастауыш сынып оқушыларында ғана емес, сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларында да және ересек адамдарда да (мысалы, ата-аналарында да) кездесетінін де нақты айта аламын.
Ана тіліндегі төл дыбыстарды жазудағы бұзушылықтар оны айтудағы бұзушылықтармен, дыбыстарды фонематикалық қабылдаудың қалыптаспауынан, грамматикалық ережелерді білмейтіндіктерімен байланысты.
Кеңес және Ресей логопедиясынан аударылған материалдарға негізделген, қазақ тіліне бейімделмеген, жаңадан дамып келе жатқан қазақ логопедиясын ескере отырсақ, қазақ тіліңің тілдік бұзушылықтарының арнайы түрлерімен байланысты бұзушылықтарды жіктей алмайды.
Тақырыптың өзектілігі келесі ережелермен расталады:

  1. Қазақ тіліндегі логопедия дамымаған;

  2. Қазақ тілінің төл дыбыстарын айтудағы бұзушылықтар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда кең таралған тілдік бұзушылықтар болып табылады;

  3. Бұл жұмыста мұғалім-логопедтер Е.Ф.Архипованың, Т.В.Сорочинскаяның, Фомичева М.Ф. еңбектерін жұмыста пайдалану негізінде артикуляциялық және ұсақ моториканың кешенді тәуелділігі қарастырылады;

  4. Осы ереже түзетудің жаңа жолдарын іздеумен, тиімді әдістемені құрумен шарттастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет