Қазақ тілінің төл дыбыстарын түзетуге арналған тактильді-кинестетикалық стимуляцияны қолдану


Тактильді-кинетикалық әсер етуді пайдалана отырып «Ң» дыбысын автоматтандыру



бет3/4
Дата22.09.2022
өлшемі30,33 Kb.
#150369
1   2   3   4
Байланысты:
1618943071 1

Тактильді-кинетикалық әсер етуді пайдалана отырып «Ң» дыбысын автоматтандыру
Оқыту кезеңі келесі түрдегідей жүзеге асырылады:
Логопед белгілі бір ізділікпен дауысты дыбыстарды айтып, кезекпен саусақ жастықшаларымен Кузнецовтың иппликаторын басып жаттығуды орындайды. Содан соң бала еліктеу арқылы жаттығуды орындайды.
Егер бала жаттығуды синхронды орындай алмаса, оқыту процесі кезеңдерге бөлінеді:
1-кезең. Бүкіл алалқанмен иппликаторды басып, дауысты дыбыстар айтылады.

  1. А----------------бас бармақ

  2. О----------------ортаңғы бармақ

  3. У----------------сұқ бармақ

  4. И---------------- шылдыр шүмек

  5. Ы --------------- шынашақ

  6. Э---------------- алақан

2-кезең. Жекелей және бірізді бас бармақтан шынашаққа дейін саусақтардың жастықшаларын басып, бір мезгілде анық дауысты дыбыстарды айтылады.
3-кезең. Саусақтардың қозғалысы және артикуляциялық аппарат біріктіріліп, автоматтандырылуға жеткізеді.
4-кезең. Қозғалыстың нақтылығы, ырғақтылығы, бірқалыптылығы өңделеді. Осы кезеңде дауысты дыбыстарды күшейте және төмендеу дауыспен айтқан жөн.
Кузнецовтың иппликаторында жасалған жаттығу дағдыларын қалыптасқан соң, бірізділікті сақтай отырып, буындардағы дыбыстарды автоматтандыру ұсынылады.
Автоматтандыруды дауысты дыбыстарды дұрыс айту арқылы бастау керек. Балаларды дыбыстарды ұзақ, дұрыс, нақты айтуға үйретеді. Көру тіректері еңгізіледі - дауысты дыбыстардың символдары айту барысында есте сақталады, еріндер де белсенді жұмыс істейді.



А- ауыз қуысы кең ашылады



О- еріндер тұмсыққа тартылады



У-еріндер бір жерге жиырылады



И-еріндер созылады



Ы- төменгі ерін тырысып, ашылады



Э-еріндер жоғарғы және төменгі тістерге жабысады.

Баланың үстелінде орналасқан Кузнецовтың иппликаторымен бірге төменде берілген кестелерді ұсынған абзал.
Жаттығулар келесідей орындалады:

Даустылардың белгісі













Дауыстылар

А

0

У

И

Ы

Э

Саусақтардың қатысуы

1-й п

2-й п

3-й п

4-й п

5-й п

бүкіл сасақтар

Саусақтардың атауы

бас бармақ

ортаңғы бармақ

сұқ бармақ

шылдыр шүмек

шынашақ

алақан

Дауысты дыбыстардың артикуляциясын анықтап, балаларды үйреткен соң, дауысты дыбыстарды айту барысында еріндермен белсенді жұмыс істей білген соң, қойылған дыбыстарды автоматтандыруға көшуге болады. Біз қарастырып отырған – «Ң» дыбысы. Балалар берілген кестеге қарап, алынған модульдер бойынша «Ң» дыбысын даусты дыбыстармен қосып айтады.


Е.Ф.Архипова бойынша кез келген қойылған дыбыстарды автоматтандыру үшін 11 модуль ұсынылады. Біз тек қана бірнешесін қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет