Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметін көрсетіңіз Мұсылман фракциясы


Тәуелсіздік тұсындағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңарудың рөлі мен маңызын талдаңыз



бет20/22
Дата25.02.2023
өлшемі122,16 Kb.
#170115
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2 dengei - копия

Тәуелсіздік тұсындағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңарудың рөлі мен маңызын талдаңыз
Қорыта айтсақ, алдымыздағы онжылдық ел шаруашылығын индустриялық деңгейге көтеретін өте бір маңызды кезең болғалы тұр. Осы стратегия Елбасының тікелей басшылығымен жасалды. Одан біздер стратегиялық болжау мүмкіндігіміздің өскенін, күрделі проблемаларды шешу барысында ұтымды тәжірибелер жиналғанын байқаймыз. Қазіргі стратегиямыздан әлем елдерінде бұрын болмаған үлкен дағдарысқа байланысты мемлекет пен нарықтың ара қатынасы туралы қалыптасқан тұжырымның өзгере бастағаны да байқалады. Батыс елдері осыған дейін нарық экономикасы тетіктерін негізгі дамыту күштері деп санап, мемлекетке осы саланың тек “түнгі күзетшісі” міндетін ғана бөліп беріп келді. Ал әлемдегі экономика-қаржы дағдарысына тірелгенде күйзеліске ұшыраған шаруашылық салаларына, банктерге, компанияларға көмекке келетін мемлекеттен басқа ешкім табылмады. Либералдық экономика қоғамның тұрақты дамуын барлық уақытта қамтамасыз ете алмайтыны әлем елдеріне белгілі бола бастады. Сондықтан да нарық қатынастарын дамыта отырып, мемлекеттік реттеу шараларын да қолдану керек. Бұл тек қалыптасқан пікір ғана емес, әлем елдерінде әртүрлі деңгейде қазір қолданылып жатқан, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан реттеу шаралары

28

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу қадамдарын көрсетіңіз
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасының ұлан ғайыр жері, оның ерекше бай қазыналары, табиғи-экономиклық қолайлы жағдайлары бар. Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуы оның экономикасының дербестігінің негізі болып табылады.
Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет – республиканың өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, "технологиясын" талдау.
Республикада экономика мен бизнес салаларында осы заманғы жоғары маманданған кадрлар даярлау студенттер тарапынан Қазақстан экономикасының нақтылы жағдайын "өткені – қазіргісі - болашағы", "сала –регион – бүтіндей халық шаруашылығы " тарауларына бөле, нарықтық құрылым жүйесін дамыта қалыптастыру жолдарын неғұрлым тереңірек зерттеп білуді талап етеді. Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне асырудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтарды болжай алмайтындықтарынан болып отыр.
"Қазақстан экономикасы" курсы - өзіне ғана тән қолданбалы білім саласы. Оның мақсаты – халықты республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жолдарымен қаруландыру. Қазақстан экономикасының даму барысын басқыштай талдау мынадай ретте құрылады: басында құрылымы мен міндеттері. Одан кейін Қазақстан экономикасының "кешегісі – бүгінгісі - болашағы" тізбектері арқылы жалпы тарихи-экономикалық шолу жасалады. Келесі Қазақстан экономикасы салалары бойынша және олардың ішкі байланыстары талданады; республика өңірлеріндегі экономика жағдайларына талдау жасалады.

29



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет