I = – ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN),
мұндағы pi — N хабарлар ішінен i нөмірлі хабарды таңдап алу ықтималдығы.
Бұл формула бойынша егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысының мәні 1/N –ге тең болады да, Шеннон формуласы Хартли формуласына айналып кетеді.
Бұл екі формуладан басқа да ұсыныстар болған. Бірақ бір есте ұстайтын жайт – кез келген теориялық ұсыныс бастапқы алынған шарттарға қарай тек кейбір оқиғаларға байланысты ғана дұрыс нәтиже береді.
Клод Шеннон информацияны өлшеу үшін бір бит (ағылшынша bit — binary digit — екілік сан) бірлігін ұсынды.
10. Ақпараттық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпаратты өңдеу – жеткізу, жинақтау және түрлендіру істері. Ақпаратты
өңдеу – кейбір алгоритмдерді орындай отырып, бір ақпараттық объекті-лерден екінші бір одан басқа ақпараттық объектілерді алу. Жалпы ақпарат өңдеу ісі оны қабылдау, сақтау, түрлендіру және тасымалдау әрекеттерінен тұрады.
Ақпаратты өңдеу құралдары – адам жасаған әр түрлі құрылғылар мен жүйелер, бірінші кезекте, ол компьютер.
11. Компьютерлердің жұмысын қарастырудан бұрын ақпаратты өрнектеу форматтарын білу қажет. Ақпараттың өлшем бірлігі болып байт саналатындықтан, сандарды өрнектеу форматтарының негізін байт ұғымы құрайды, кез келген сан байттар тізбегінен тұрады, олар солдан оңға қарай нөлден бастап нөмірленеді.
Ақпарат өңдеу аспаптарында жиі кездесетін формат – машиналық сөз. Ол қатар тұрған 4 байттан немесе 32 биттен тұрады. Оның жартысы қысқартылған формат ретінде жиі қолданылады да, жартылай сөз форматын құрайды. Кейде екі еселенген сөз, яғни 8 байт тізбегі де қолданылады (64 бит).
Достарыңызбен бөлісу: |