Ќазахстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет3/21
Дата30.04.2020
өлшемі325 Kb.
#65197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
kur -aqparat-ugymynyn-qoldanyluy-45

Қоғамды ақпараттандыру

Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын – соңғы болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігін анықтай бастады. Академик А. А. Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциялдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі. Соғыстан кейінгі дәуірде ең бірінші болып “ақпараттық революцияның” жемісін өз пайдасына қолдана білген халық – жапондықтар болды. Көптеген мамандардың Күншығыс елінің экономикасының қарқынды өсуш, “жапондық ғажайып” феноменінің пайда болуы ақпаратпен табанды және білікті еңбек ете білуінің нәтижесі деген пікір тегін емес. Әсіресе бұл 50-жылдары жаңа технология бойынша ақпарат жинаудыа тыңғылықты істер басталуына қатысты. Американдық ең соңғы ғылыми – техникалық жетістіктерді біліп отыру үшін қазіргі таңда “шет елдерде барлық маңызды зерттеулер бойынша шығатын ақпараттарға иелік жасау керектігін” мойындап отырғандай. Ақпараттық тұрғыдағы надандық бұл күндері технологиялық банкроттыққа, ұлттық тоқыраушылыққа соқтырады, елді шикізаттық колонияға және көнеленген технологияны үйіп тастайтын қоқыс алаңына айналдырады.

“Ақпараттық революцияның” негізінде басымыздан өткеріп отырған қазіргі кезеңде микропроцессорлық техника мен оның технологиясының қарқынды өсуі жатады. Көшірме машиналардан бастап телекске дейін, электронды – есептеуіш машиналардан бастап байланыс серіктеріне дейін әр түрлі техниканы өндіретін ақпараттық индустрия қарқынды дамуда.

Жаңа технологияның маңыздылығы – оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. “Ақпараттық экономика теория ғана емес, өндірісте немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бірде бір сала жоқ”, -дейді американдық экономист П. Хауке. 70-жылдар шамасында Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық прогрестің көш басшылары (М.Порет, Е. Масуда, А. Тоффлер т. б. ) шын мәнінде ‘ақпараттық қоғам’ туралы бірауыздан айтқан еді. Бүгінде пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны: “Неғұрлым көбірек және тезірек ақпарат алу!” болып отыр.

Өмір ағымының жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін интенсификациялау, білімді жылдам жинақтау – осының барлығы А. Тоффлердің айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі футуролог “Келешекпен бетпе – бет келу” атты кітабында: “Ақпарат пульсі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылдамырақ соғуы керек” дейді.

“Ақпарат жаңа әлемде” бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде және іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми – зерттеу институттарында,мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелеріндежүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адепттерлерінің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975 жылдан бастап – ақ жалданып істеген американдық азаматтардың жартысынан көбі негізінен ақпаратты өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.

Әлем қазір ақпараттық қоғам табалдырығында тұр.Ондай қоғамда ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу жүйусі аса маңызды рөл атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ ақпараттық орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған ақпараттардан кез келген адамның өзіне қажетті ақпараттарды алуын қамтамасыз етеді. Компьтерлердің интеллектуалдық роботтармен қатар адам іс - әрекетінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Ақпараттарды жинақтау, өңдеу, қорғау және сақтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын адам саны өсуде. Ақпарат аса бағалы тауар болады, ақпарат индустриясы болашақ қоғамда өте маңызды құбылыс болмақ.

Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеументтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірісте роботты пайдалану адамның қатысуына бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкелді. Мұндай технологияны жасау ісі басталыпта кетеді. Жаңа қоғам мүшесі өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да жанданып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандықтар, кәсіпкер номенклатурасымен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.

Дүниежүзілік тарихтың мойнындағы үш ірі ағын тоғысатындай: технология ағыны, ақпарат ағыны және осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны. Белгілі мөлшерде ақпараттық тұрғыда бұрынғыдан жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениетте мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып,бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамдардың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару мен ұйымдастыру түрлерінде де үлкен өзгерістер болып жатыр.

Қоғамды ақпараттандыру (информатизация) – информациялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың информациялық талаптары мен құқықтарын қанағаттандыру үшін тиімді шарттар жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Ақпараттандырудың мақсаты – жұмыс өнімділігін арттыру мен еңбек ету жағдайларын жеңілдету мақсатында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет