Қазахстан Республикасында әлеуметтік –экономикалық жағдайдың тұрақтандырудағы әйелдердің ролі. Қоғамдағы әйелдің ролі


Жоғары қызметте және үкімет құрамындағы әйелдің орны



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі24,32 Kb.
#96272
1   2   3   4   5
Байланысты:
ор12с

Жоғары қызметте және үкімет құрамындағы әйелдің орны
Бүгін әйелдер бизнеспен және кәсіпкерлікпен айналысуға мүжбүр, өйткені бұл – қазіргі қиын экономикалық жағдайдан шығудың бірден бір жолы. Көптеген әйелдер қазір орасанауыртпалық көтеріп, шоп-турларға барады, базарларда, дүңгіршіктерде жеке саудамен айналысады. Сонымен бірге оны «отбасын сақтауда» ешкім босатқан жоқ. Осы проблемаларды өз ісін кеңейту үшін несие ресурстар алудың қиындығы ауырлата түсуде. Ауылдағы әйелдер туралы айту қиын – олар нағыз кедейлікті бастан кешуде.
Бұл күндері іскер әйелдер бірігуге тырысуда. Олардың талабы елімізде қалыпты заң шығару базасы мен салық жүйесі болғанда ғана күш алмақ және бірдеңелерге қол жеткізбек. Қазіргі кәсіпкерлердің үлкен бөлігі /80%/ салықпен тұншықтырылғандықтан тірлік ету үшін өздерінің табыстарын жасырып қалуға мәжбүр. Бізге әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту ісінде оларға шығын несиелер беру ең тиімді стратегияның бірі сияқты. Мұндай жұмыс Қазақстанда 1998 жылдан жүргізіліп келеді, мұндай әйелдердің үштен екісі, негізінен ауылдағылар.
Соңғы екі жылда еліміз экономикасында күшті оңды өзгерістер байқалады. Қазақстан экономикасын тұрақтандыруда әйелдер де белсенді қатысып келеді. Жалақыны, зейнетақы көлемін көтеру қажет. Егер шынында да арнаулы әлеуметтік қолдау болса, халықтың бір бөлігінде қосымша мүмкіндіктер ашылатыны даусыз. Экономикасының өсу, жалпы алғанда макро-экономиканың тұрақтануы, тұрақты қаржы жүйесі, шаруашылық жүргізудің жаңа қағидаттарына бейімделген жаңа басқару институттарының қлыптастыру жағдайында жүруде. 2001 жылдың 9 айлық қорытындысы еліміз экономикасының дамудың жаңа сапалық сатысына бет бұрғанын дәлелдейді. 2001 жылдың 1-ші жарты жылдығында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 14% /1 тоқсанда11% / артты. Салалар бойынша өсу көрсеткіштері баспасөз беттерінде жарияланғандықтан оны қайталау қажет те болмас. Егемен Қазақстанның алғашқы қалыптасу жылдарында қоғам қайраткері Сара Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» қорын ашып, балалар мен аналарға қамқорлық жұмысын басқарды. Бұл тәуелсіз балауса Қазақстанды нығайтуға жасалған дер кезінде басталған қажетті қадам болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 22 желтоқсандағы жарлығымен отбасының мүдделерін қорғау, әйелдердің еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысу үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында отбасы және әйелдер мәселелері бойынша Ұлттық Комиссия – ҚР Президенті Жанындағы Консультативті-Кеңесші орган құрылды. Комиссияны Қазақстан Республикасының министрі, Үкімет мүшесі А.Б.Самақова басқарады.
Осындай комиссиялар облыстардың, Астана мен Алматы қаласының әкімдері жанынан құрылды. Оларды әкімдердің орынбасарлары басқарады.
Бүгінгі таңда әйелдер орталық аппараттан бастап, өкіметтің барлық эшелондарында істейді, тіпті шетелдерде Қазақстан атынан өкілдік етеді.
1997 жылдың басында Парламент депутаттары арасында әйелдер саны 10,7%, соның ішінде Сенатта 6,5%, мәжілісте 13,4% республикалық атқару органдарының бірінші басшысы қатарында бір әйел бар, лблыс әкімі арасында әйел жоқ. Жоғары және орта білімді әйелдер көп болса да – сол ұйымдар басшылары арасында олардың үлесі небәрі 7%-ды құрайды.
Бұл жерде Қазақстанның Израильдегі Елшісі болған, казір ҚР білім беру және ғылым министірі болып сайланған Бірғаным Әйтиева, Франциядағы Елші Ақмарал Арыстанбекова, БҰҰ-дағы өкілі Мәдина Жарбосынова, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты Нина Каюпова, Шәмша Көпбаева, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Жанат Ертілесова, Қаржы министрі Наталья Коржова, Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау министрі Роза Қуанышбаева, Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі Зинаида Федотова, БҰҰ-ның гендерлік бюросының директоры Ғалия Хасанова, т.б. елеулі үлес қосып келеді. Жақында біздің Республика әйелдер істері жөнінде БҰҰ алдында есеп береді.
Бұдан ҚР-да әйелдер ерлерден көп болса да, олардың жоғары қызметте және үкімет құрамында өте аз екендігін көреміз. Оның өзіндік себебі бар. Бұл біздің менталитетіміз. Сайлауларда әйелдердің көбі ерлер үшін дауыс береді. Қазір Парламентте 13 әйел (жалпы депутат санының 11%) бар. Мәслихаттағы жағдай бұдан тәуірлеу /19%/.
Мекемелер мен кәсіпорындар басшылары арасында әйелдер саны барлығы 8% қана. Өткен жылы мемлекеттік қызметшілердің бос орны үшін конкурсқа қатысушылардың жартысы әйелдер болды да, оның 4,2 мың әйел жеңіске жетті. Қазір мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі қызеткерлері арасында әйелдер үлесі 40%-дан асты. Сөйтіп әйелдерді жлғары орындарға ұсынудың қуатты базасы жасалды, бұл қуанарлық жағдай.
Қазіргі уақытты жеке секторларда жұмыс істейтін әйелдер саны 40%-ға жуық. Әйелдердің экономикалық жағынан ілгерілуін ұйымдастыру мақсатында мемлекет басшысы Үкіметке әйелдер блогін құруды немесе тек қана әйелдер жобасын қаржыландыратын несиелік желі ашуды тапсырды. Сонымен бірге елімізде әйел кәсіпкерлігін дамыту үшін гранттар бөлу туралы халықаралық ұйымдармен келісім бар. Президент Н.Ә.Назарбаев ҚР-да әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенцияға, кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияғақол қойылғанын, әйелдердің жағдайын жақсарту жөнінде ұлттық жоспар қабылдағанын, яғни Қазақстан әйелдерінің теңдік жағдайын қамтамасыз ететін нақты негіз жасалғанын атап өтті.
Бірқатар жаңа заң жобалары, соның ішінде «Тепе-тең мүмкіндіктер» туралы заң жобасы жасалды.
Қазақстан әйелдері құқылы түрде қоғамда маңызды орындарды иеленуде. Оған дәлел ретінде Ұлттық Академияны басқарған Нағима Айтқожаны, Өскемен қаласының әкімі Вера Сухорукованы айтсақ та жеткілікті.
Қазақстанның бизнес-элитасын әйелдер белсенді түрде толықтыруда. Олар ерлер мен бәсекелесе отырып, кәсіпкерліктің әрі алуан саласын меңгеруде. Солардыңішінде Зәуре Көшербаева, (қомақты кәсіпкерлік өтімі бар іскер әйел, маман-металлург, мұнай бизнесі мен фармацевтикалық нарықтың білгірі). Раушан Сәрсенбаева ( Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясы үкіметтік емес /ҚІӘА/ ұйымының президенті), Мәрия Қаражігітова («Қазақстан ХХІ ғасыр әйелдерің акциясының бас демушісінің және жыл сайынғы «Нағыз әйел» консурсыныңтөрайымы, «Теңіз-Шевройл» ЖШС-ның бас менеджері), Қымбат Мұстафина (шағын және орта бизнестің дамуын басқарады, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары) Алмагүл Сәуденова, (Қостанай қаласының «Алпамыс» АҚ-ның президенті жеңіл өнеркәсібі бойынша үлкен тәжірибесі бар), т.б. бар Сабыргүл Асанова басқаратын «Сымбат» Сән академиясының мысалынан әйелдерді еңбекке орналастыруда кәсіполрын атқарып отырған игі істерді көруге болады, мұнда 300 адам істейді, 500 адам оқып-үйренуде, 106 әйел қайта даярлаудан өтуде, өз тауарларын өткізумен 500 адам айналысады. Осында Сән мұражайы, Сән театры бар. Жылдық айналымы – 10 млн. тенге.
Әйелдер проблемасы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде көтерілуде. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның қамқорлығымен Президент жанынан «Әйелдер: Шығыс-Батыс» атты қоғамдық-саяси журналы, сондай-ақ отбасының, аналар мен балалардың проблемалы тақырыптарын көтеретін басқа да басылымдар іске асуда.
2001 жылғы 23-28 шілдеде Алматыда ОБСЕ-нің Демократиялық институттар мен адам құқы жөніндегі бюросы /ДИАҚБ/ ұйымдастырған «Әйел және саясат – басшылық дағдылары» тақырыбында семинар өтті. Бұл «Әйелдер құқығы туралы ақпараттану жобасының екінші кезеңі болды, онда Қазақстанның аймақтары бойынша 2 мың әйелге 112 мини-семинар өткізілді, оған қатынасушылар адам, дәлірек айтқанда әйел құқықтарымен танысты, яғни оны қорғап қалудың жолдарын үйренді.
Осының бәрі Қазақстан әйелдерін саяси жетекшілікке, әйелдер қозғалысын дамытуда ынтымақты болуға және өз ресурстарын мейлінше пайдалануға, әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға қажетті барлық дағдыларда қолдана білуге байлыйды. Әйелдердің құқық заңын білуі оларды қорғай үшін ғана емес, сондай-ақ қазақстан экономикасы мен әлемдегі демократиялық процестерді тұрақтандырудың негізі болмақ. Сонымен, ОБСЕ қазақстандық әйелдерге мемлекеттің саяси өміріндегі өздерінің рөлін арттыруға көмектесуде.
Қазақстан әйелдерінің республиканың саяси және экономикалық өміріне қаншалықты белсенді араласатынын анықтау мақсатында жүргізілген сауалдамалар әйелдердің шынында да өз құқықтарын нашар білетінін көрсетті. Олар үйренуге де, үйретуге де әзір. Қазіргі уақытта жеке бастың мүддесі отбасы мен балалар мүдделері көлеңкесінде қалып отыр. Қазір қазақстандық қоғамның әйелдерінде әлеуметтік кәсіби өзінің жеке таңдауын жүзеге асыру мүмкіндіктері туып отыр. Күрделі экономикалық жағдайда таңдау кеңістігі ұлғаюда. Мұндай жағдайда әйелдерге жеке бастылық-әлеуметтік бағыт тұрғысында немесе әлеуметтік тұрғыда таңдау жасау қажет. Әйелдер алдында көп балалы отбасы болуды бір баламен шектелу, жұмыссыз отыру, толық жұмыс күнімен айналысуды таңдау баламасы тұр. Қазіргі уақытта экономиканың өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс, құрылыс және денсаулық сақтау сияқты базалық салаларында әйелдер үлесі басым /42%/. Білім беру, денсаулық сақтау, сауда, әлеуметтік қамсыздандыру сияқы негізгі салаларда әйелдер көрнекті орын алады.
Әйелдердің мәртебесінің өсуі мен жағдайын қарастыра отырып, біз әлемдік тәжірибемен салыстырмай өте алмаймыз. Кейбір нұсқалар төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет