Қазахстан Республикасында әлеуметтік –экономикалық жағдайдың тұрақтандырудағы әйелдердің ролі. Қоғамдағы әйелдің ролі



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі24,32 Kb.
#96272
1   2   3   4   5
Байланысты:
ор12с

Шығармашылық. Қазақстанда есімдері әлемге әйгілі шығармашылық зялылыр тобы қалыптасты. Олардың қатарына: пианист, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория ректоры Жания Әубәкірованы, скрипкашы айман Мұсаходжаеваны, ақын Фариза Оңғарсынованы, әншілер Бибігүл Төлегенованы, Нұржамал Үсенбаеваны, Роза Рымбаеваны, Мақпал Жүнісованы, т.б. атауға болады.
Саясат. Шығыс әйелдері қашанда алдында туындаған проблемаларды әйелге тән кеменгерлікпен, салмақтылықпен және тиімділікпен шешіп келеді. Осындай мінездер әйелдер қозғалысын дамытуда айрықша танылып келеді. Саналы және тәжірибелі ұрпақ арасында қыздар-аналар-әжелердің өзара тығыз байланысы жалғасып келеді.
Республика халқының 52% құрайтын Қазақстан әйелдері ішінен біз мақтаныш ететін қыздарымызды бөлежарып айта аламыз. Олар мемлекетіміздің игілігі, байлығы болып саналады. Батыс әйелдерін қоғамдық іске тарту мен әйелдердің жаңа ұрпағын тәрбиелеу көп уақытқа созылған. Ал бүгінгі Қазақстандық белсенді әйелдер шоғыры бар болғаны 80-90 жылдық қысқа мерзімде қалыптасты.
Сонымен егемен Қазақстан әйелдері экономикалық дамудың аталған кезеңінде еліміздегі экономикалық қиындықтарды жеңіп шығу үшін экономикаға, еліміздің дамуын еселей түсуге үлес қоса отырып, қолдарынан келгеннің бәрін жасай береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет