1.2. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы
Бүгінгі күні дәстүрлі этномәдениеттің құндылықтарын танып білу, оның даму принциптерін ұғыну адамзаттың тыныс тіршілігіндегі ең керекті тарихи құбылыстар.
Этномәдениет адамзаттың тыныс тіршілігінің мән-мағынасын, абырой-атағын, жеткен шыңын, жетер қиялын, пайымды идеалын, әр құбылыстың өзіндік бастау тарихын көрсетеді. Этномәдениеттің бүгінгі ахуалын әлемдік мәдени-рухани процестерден тысқары қарастыра алмаймыз. Қазіргі әлемдік мәдениетте оның ізгілік яғни рухани адамгершілік мазмұн позициясын зерделесек, тығырыққа тіреліп, өгейсіну мәдениеті қалыптасып отырғаны шындық. Өйткені, адам өз айнала-дүниесін ғана емес, өз-өзі яғни өз болмыс мазмұнын да жатсынып, мәдени жалған құндылықтарды шын құндылықтан ажырата алмай күн кешуде. Ал нақтырақ келсек, біздегі мәдениет, оның ішінде, әсіресе, ұлттық мәдениеттің бүгінгі жағдайы және ұлттық мәдениеттің «құлдырауы» туралы әңгімелердің естілуі әлеуметтік экономикалық дамуымыздың құрылымындағы өзгерістерімен және батыс мәдениеті құндылықтарына бет бұрыспен тікелей байланысты. Бұл орайда бірнеше факторды атауға болады. 1 – Батыс үлгісіндегі көпшілік мәдениет тағыны. 2 – Біздің идеологиялық тұжырымдамамыздың әлі түзілмегені. Көпшілік мәдениет тасқынын сараптаусыз қабыл алушылықтың байқалуы. Идеологиялық тұжырымдамамыздың әлі түзілмегенін ең алдымен этномәдени даму тұжырымдамамыздың жоқтығынан деу керек.
Бүгінде дүниежүзінде өрбіген саяси оқиғалар мен әлеуметтік үдерістердің күні ертең қандай нәтиже берері өркениетті елдердің назарынан тыс қалмауда. Саясатта, экономикада, мәдениет пен идеологияда жекелеген ұлттар мен халықтар, мемлекеттер арасында бейбіт қатар өмір сүру принципі сақтала ма? Әлде ол өзгеріске ұшырай ма? Дүниежүзі елдерінің бір-бірімен келешектегі қарым-қатынасы және өзара ықпалдастығы қандай өлшемдермен анықталатын болады? Міне, осы тектес сауалдарға ХХІ ғасырға қадам басқан өркениетті қоғамның интеллектуалды өкілдері ерекше көңіл бөліп келеді. Ұлы өзгерістер мен қоғамдық дағдарыстар тұсында кез-келген халық өзінің мәдениеті мен өркениетінің өркендеу барысына, оның тарихи тағдырына мән беріп ой тоғытқаны орынды, өйткені дүние жүзінде өркениеттің дамуы мен олардың өзара бәсекелесуі қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның өмірі мен тұрмысына жаңалықтың жаңа лебін әкеліп, жаңаша әлеуметтік ахуал қалыптастыруы ықтимал. Өткен тарихсыз болашақ тұл екені белгілі. Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді.
Бізге қажеті – жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, туған жерін түлетуді, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу.
1995 жылы Ж.Наурызбай Қазақстан Республикасының Білім министрлігі оқушыларға мәдени-этникалық білім беруді жүзеге асырудың әдістемелік негізін жасау бағдарын зерделеген. «Жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасы», «Арнаулы орта білім тұжырымдамасы», «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» т.б. бағдарламалар ғылыми негізделгенін, олардың тәжірибеде сыннан өткенін саралап өтеді. Жалпы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының ғалым-ұстаздарының қосқан ұлттық біліми-ғылыми құндылықтарын түгел қамтып, оған өзіндік тұжырым жасағаны біздердің де зерттеу еңбегімізге сүйеніш демекпіз.
Еңбегіміздегі тірек ұғым «этномәдениетке» Ж.Наурызбай төмендегідей тұжырым жасайды:
Мәдени-этникалық білім беру мақсатын жүзеге асыру үшін, яғни жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру үшін мемлекеттік құрылымдардан айтарлықтай күш-жігерді, оның ішінде ұйымдастыру, қаржыландыру және басқа мәселелерді қажет ететін мәдени-этникалық білім беру кеңістігін құру керек. Бұл – шексіз-шетсіз жұмыс. Бірақ, олардың ішінен мән-мағынасы мен маңызына қарай заңдарды жетілдіру, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау; қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету; кадрлар даярлау; ана тілінде оқыту; оқулық шығару; тіл қуатын арттыру және тіл мәдениетін көтеру; басқа ұлт тілдерін дамыту, шаралары нағыз көкейкесті шаралар болып табылады.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетке арнайы пайымдарды біздер Ж.Наурызбай еңбегінен кездестіре алмаймыз. Бірақ, жалпы «этномәдени тәрбие беру» ұғымына ғылыми негіздеме жасағаны анық. Біздер де сол негіздемеге сүйеніп, бұл мәселенің көкейкестілігінің өткір екеніне көзіміз жетті.
Тұжырымдаманың басты мақсаты – сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетінің ғылыми негізін құру.
Міндеттері – жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнын пайдалану; сыныптан тыс өтілетін іс-шаралардың мүмкіндігін ашу; тұжырымдаманың өзіндік құрылымын жасау; ондағы басымдықта қолданылатын нысандарды іріктеу.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени білім беру жалпы білім ауқымында көп нұсқалы және бейімділікті өркендетуге, гуманитарлық бағдар жасауға, олардың білім мазмұны арқылы ұлттық тәрбие мен білімді ғылыми негізде тұтас қабылдауына жол ашу. Бұл орайда сал-серілік дәстүр болашақта 10-сынып оқушыларына білім мазмұнының бір нысаны сапасында қабылданары сөзсіз. Атап айтсақ, ертеден қалыптасқан дәстүрімізде Біржан сал мен Ақан сері шығармашылығы оқулықтан орын алып келеді. Бірақ, екі тұлғаның шығармашылығы коммуникативтік өлшеммен, таптық, антогонистік пайымдама сарынымен жазылып келді. Сол себепті біздердің зерттеу еңбегіміздің ғылыми негізін құрған онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық деңгейліктер оқушыларға сал-серілік дәстүрді этномәдени тәрбие беру мазмұнында іске асыруға тірек болады. Алдымен бұл мәселені шешу үшін не көздейді? – деген сауалға жауап берген орынды.
Қазақ этнопедагогикасындағы қазақ халық философиясының рөлі зор.
Философия (дүниетаным) – адамдардың қоғамға, қоғамдағы өзінің орнына, әлемге көзқарастар жүйесі. Философияның басқа ғылымнан ерекшелігі: әлемге өзінің қатысы, өзіндік бағасы, оның нормасы мен мұраты т.б. (субъективті таным-түсінігі).
Халықтық философия – халықтық астрономияны, медицинаны, кеңістік пен уақытты қабылдауды, тыйым және сенімді, дүниетаныды қамтиды.
Халықтық философия – ұлттық сана-сезімге бағдарланған көзқарасты анықтаушы; жүйеленбеген, стихиялы түрде халықтың әлемжасаушы білімінің жиынтығы.
Қазақ халық философиясының кейбір элементтеріне тоќталайық:
- уақыт пен кеңістіктің байланысы (ұзақ, алыс-жақын);
- табиғат өзгерістерінің адамдарға әсері (жыл мезгілдеріне сипаттама);
- тыйымдық ырымдар (қоғамға, адамға, табиғатқа байланысты), үлкен адамның жолын кеспе, қазған жерді ашық тастап кетпе т.б.
- ұлттық астрономия. Ай күнтізбесі – 12 ай. Астрономиялық ырым.
- шамандық. От – тазалықтың күші. Бабалар аруағына табыну;
- жасқа жыныстық талаптар. 15-16 жастағылардың жауынгерлік парызын өтеу. Ќорыта айтќанда, философия – ѓылымдардаѓы зерттеудіњ єдіс-тєсілдерін жинаќтаушы, этностыќ болмыс-бітіміне байланысты мєселелердіњ басын біріктіруші. Халықтың қарапайым дүниетанымының келе-келе белгілі бір ғылымның тірек көздеріне сүйену арқылы жаңаша (қоғамына қарай) тұжырым жасаудан этнопедагогика философиясы құрылған. Әлем туралы, болмыс жайлы көзқарастар жылдардан жылдарға ауысу кезеңінде іріктеліп отырады.
Мєдениэтникалыќ тәрбие беру кењістігі әр қоғамда әртүрлі дамиды. Мемлекеттік білім беруге қамқорлығы мәдени мәртебенің деңгейіне қатысты жүзеге асып отырады. Оның көрінісін мынадай деректемелерден көреміз: 1) Білім беру дағдарысы (80 ж.). 2) Қазақстан Республикасындағы этноұлттық жағдаяттар. 3) 30-жылдардағы ұлттық мектептердің жойылуы. 4) Ұлттық тілді білмеушілік, 5) Жатсыну, 6) Кез келген ұлттардың өмірлік тәжірибесінің бірегейлігі. 7) Білім берудің көпмәдениеттілік тәжірибесі. 8) Эвроцентризм мәселелері.
Жіктемемен берілген 8 мәселе этномәдени тәрбиені таза күйінде жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіріп келеді.
Ұлттық тіл және этникалық мәдениет тәлімі – үйлесімді дамудың негізгі бөлімі дей отырып, этномәдени тәрбиенің мәні айќындалынуы көзделеді. Тәрбие берудіњ єлемдік дењгейіндегі жалпыадамзаттыќ ќ±ндылыќтар дєст‰рі мен ±лттыќ тєлім-тєрбиеніњ ж‰йесін ќалыптастыру ұдайы этномәдениетке үстемдік етеді.
Тәрбие берудің қазіргі заманға тән талабы өзге мәдениетті тану, онымен өзін байыта түсу секілді іс-әрекетпен байланысты. Мәдениеттердің өзара ұштастығы, әсері жағдайында ғана әрбір жекеленген мәдениеттердің принциптері мен ерекшеліктері айқын толыға береді. Этномәдени білім оқыту мен тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес, мәдени және тілдік саналуандық идеяға негізделген техникалық және ақпараттық жарақтанудың әлемдік деңгейін дәстүрлі мәдени құндылықтармен үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды бүкіләлемдік тәрбиелеу міндеттеріне ынталандыру және оларды т±лѓалыќ мєдени тілдік ќажеттілігін ќанаѓаттандыру төмендегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады:
- барлық адамдардың теңдігі мен құқығына сый-құрмет көрсету;
- бүкіл әлем балаларымен одақтық, ынтымақтық сезімде болу;
- күш пен биліктен басқа мүдделерді көздеу;
- сұхбатқа қатысушыны ұғу мен оның қарым-қатынасқа түсе алу іскерлігі, қайшылыққа келген тұсты әміршілдікпен, зорлықпен шешпеу;
- өзінің мәдени дәстүрлерін түсінудің дағдысы, басқаларды құрметтеу, ескішіл ағымнан сақтану;
- этномәдени тәрбие – бұл білім моделі, ұлттық мәдениет пен тілінің және өзіндік этнотоптың тұрмыстық жағдайлары мен басқа халықтардың мәдениетін меңгерудің бағдарының кењеюі.
Қорыта келгенде, этномәдени тәрбие алдымен ұлттық сипатта дамып, содан кейін 14 жастан әрі әр ұлттың, әлемдік халықтардың мәдениетін меңгеруге ұмтылдырады. 14 жасқа дейін әр ұлт өкілінің баласы өзінің ана тілінде этникалық мәдени дүниетанымын өркендетуге міндетті.
Этномәдени тәрбие берудің негізгі қағидалары халықтық педагогикамен сәйкес келеді. Десек те, халықтық педагогикада ең бастысы сабақтастық қағида екенін ескерген орынды. Әр ұлттың өзіне тән тәрбие беру негізінің қаланатыны белгілі. Олай болса, әр халықтың тәрбие беру үдерістерінің әдіснамалық негіздері және мақсаттары мен міндеттерін айқындаумен қатар, этномәдени тәрбие берудің мазмұны арқылы ізгілікке тәрбиелеудің қағидалары тәжірибенің іс-әрекетіне ендірілген. Мұнда әр тұлғаның этномәдени тәрбие алуына мүмкіндіктер туып, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өркениетті елдер қатарына қосылуына алдымен ұлттық сипат ұялатар қағидалары төмендегі түзілімдер болып есептеледі:
1. Адамды сүю қағидасы. Әрбір жеке адамды құрметтеу, жеке психологиялық, интеллектуалдық өзіндік ерекшеліктерін, сонымен қатар, денсаулығын, жағдайын білу, оның дұрыс дамып жетілуіне қамқорлық жасау, гуманистік идея негізінде этномәдени тәрбие алу құқығын қорғау, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу адамды сүйе білу қағидасының негізіне алынады.
2. Табиғатпен үйлесімділік қағидасы. Бұл қағида адам табиғаттың бір құрамды бөлігі ретінде, оның дамуына биологиялық, психологиялық, экологиялық ықпал жасау қажетті орта болатынын көрсетеді.
3. Мәдени сәйкестілік (лайықтылық, үйлесімділік) қағидасы. Бұл қағида жеке тұлғаның дамуына арнайы біліми, мәдени ортаның болуын талап етеді. Этномәдениеттің (тіл, өнер, дін, діл, тұрмыс т.б.) бірлігін және дүниежүзілік өркениеттің ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениет жетістігінің өзара бір-біріне ықпал жасау және бірін-бірі рухани байыту мүмкіндіктерін, жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыда өзін-өзі дамытудағы ең күшті құрал екенін білдіреді.
4. Тұтастық қағидасы. Бұл жеке тұлғаның этностық болмысының әлеуметтік, адамгершілік, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігінің ұдайы дамуының бірлігімен сипатталады. Әрбір адамды өзіндік дербестілікке, өзіндік ерекшелікке бағдарлап, қоғамдағы әлеуметтік іс-әрекеттерді өзара кіріктіруді, интеграциялауды қарастырады. Осыған байланысты бүгінгі Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда білім берудің мемлекеттік және мемлекеттік емес білім берудің әр түрі құрылып, болашақ ұрпақтың барлық мүмкіндіктерін қанағаттандыру көзделеді.
5. Үзіліссіздік - ұдайы дамушылықты жүзеге асыру қағидасы. Мұнда әэтномәдени тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық жүйе үдерісінің бірізділік және сабақтастығын іске асыруы бағамдалады. Жеке тұлға өзінің интеллектуалды әлеуетінің ұдайы дамып отыратындығын қазіргі және болашақтың табыстарына сәйкес бағалай алады, қоғамдағы жеке тұлға мен мемлекеттің бір-бірімен тығыз үндестігін қамтамасыз етуге ынталы болады.
6. Ізгілікті адамгершілікті тәрбиеге шығармашылықпен қарау қағидасы. Бұл педагогикалық үдірістің гуманизациялануына ықпал жасайды. Жеке тұлғаның әрбір өмір кезеңдерін, іс-әрекетінің барысында және оның жалпы өмірінің дамуы, шығармашылық әлеуетінің деңгейіне, кәсібилігіне қарай толығып отыруы, оның жалпы қабілеттерінің өнімді нәтижеге бағдарлануына мүмкіндік туғызады.
7. Ұрпақтар сабақтастығы қағидасы. Аға ұрпақ пен болашақ ұрпақтың арасында ешқандай байланыс болмаған жағдайда әрбір жаңа ұрпақ өткен мұраны, дәстүрлерді, орын алған жетістікті білмесе, оны сақтамаса қоғамның алға дамуы мүмкін еместігі ақиқат. Осыған байланысты жаңа ұрпақ бұрынғының құндылығын сақтап, болашаққа жеткізіп, жаңа жаңалықтармен байытып, дамытып отырады. Бұл сабақтастықта ұрпақтар бірлігінде халықтар дәстүрінің өміршеңдігі нақтыланып, жаңа ұрпаққа тәрбие беру арқылы жаңа қарым-қатынастардың өзгешеліктері айқындалып, жеке тұлғаның тұлғалық қалыптасуына негіз болады.
8. Шәкірттердің өз құрбыларымен және педагогтарымен өзара қарым-қатынастық, тұлғалық бейне қағидасы.
Соңғы ондаған жылдар ішінде педагогикалық-психологиялық зерттеулер білім беру арқылы тәрбиелеу оқушылардың жас өзгешелігін ескерумен қатар, олардың жеке тұлғалық дербес те дара ерекшеліктерін, мінездемелерін білу, есепке алынуы өте маңызды екені басты нысанада болғанын дәлелдейді.
Тұлғаның этномәдени сұранымының қоғамдағы басымдығы туралы ереже қабылдау - әр тұлғаның біліктілігін заңдастыруға басты себеп.
Қоғамдағы этномәдени келісімді қамтамасыз ету негізінде мемлекеттік саясатты іске асыру басты нысанада екені ескеріледі.
Мәдениетті жаһандандыру жағдаятын құндылық ретінде тәжірибеге ендіру әр халықтың ғылыми тапқырлығына бағынысты.
Білімді мәдени үйлесімділік институты ретінде қабылдауды, ұлттың өзіне тән тұрмысын дамытуды, сақтауды жүзеге асыру әр ұлт ауқымында қарастырылады.
Көп ұлтты мәдени қондырманы тұтастық кешенде шешуге ынталы екені байқалады. Бұл ұлттық нақышты толық қамти алмайды. Сондықтан көпұлтты мәдени құндылықтар этностық дәрежеде іске асырылды.
Сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің іс-әрекетін Ж.Наурызбай ұсынған нұсқада алғанымыз дұрыс деген қорытынды шығардық:
1. Табыстаушылық (ұлттық мәдениетті өркендеу, сақтау және дамыту).
2. Даралаушылық (адамның, этникалық топтың немесе этностық ұлттық-мәдени қажеттіліктерін, жеке тұлғаның ерекшеліктерін айқындау).
3. Ынтымақтастық (мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ұмтылысын қамтамасыз ету).
Болашақ оқулық материалына өзек болар тұжырымдарды саралағанда, төмендегідей білім мазмұнының түзілімі оқулық құрастырушыларға, авторларға ұстаным ретінде қызмет атқаруға жарайды деп есептейміз.
Тұжырымның басымдық мазмұны:
1. Ақан сері
2. Біржан сал
Сыныптан тыс жұмысқа:
1. Мәди Бапиұлы – арқаның арысы. Мәди өте жас кезінен бастап көкпар тартудан, ақсүйек ойнаудан, аң аулаудан, айтыстан, палуандықтан, жіп есуден теңдесі болмаған. Арғы түбі Қаз дауысты Қазбек биден тараған атақты Алшынбайдан туған Бапиұлы. Мәди Бапиұлы – алдыңғы этномәдени дәстүрді жалғастырушы өкіл. Нақтылап айтсақ, Қаз дауысты Қазбек, Төле би, Сырым шешен, Бертіс би толғамдарын, шешендік сөз маржандарын, Біржан сал мен Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Абай әндерін, Тәттімбеттің иірімі терең күйлерін жадына сіңіріп, ұлт рухы жүрегіне дарыған тұлға. Сондай-ақ, ол - кейінгі толқын ұрпаққа «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік - Кебек», «Қалқаман - Мамыр» тәрізді қисса-дастандарды ауызша нақышына келтіріп айтқан жыршы.
Мәди Бапиұлының әншілік-композиторлық, импровизаторлық өнері Қоянды жәрмеңкесінде көкке өрлеп, Сарыарқа аспанын тербетіп, қалқыта, шарықтата шырқайды. Сарыарқаның сұңқарын, сайраған тотысын Атбасар түрмесіне ауыстырады. Аяғын кісендеп, қолын шынжырлап Мәдиді Атбасарға жаяу айдап апарады. Мәдидің өксік зары ішкі күйікке айналған атақты «Қаракесек» әні бүгінде де халық арасында кең айтылды.
Мәдидің «Қаракесек», «Үшқара», «Мәди» секілді тағдырынан мәлімет берер өлеңдері бүгінге дейін жиі айтылып, дәстүр жалғастығын тауып келеді.
Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Құшан сері, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қобылан әнші, Шынияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сынды дүлдүлдер болған.
Сегіз серінің шын аты – Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов қазақ халқында айрықша туған дарын. Орыс, араб, парсы, түркі тілдерін жетік білген. Өзі ақын, өзі әнші, батыр, саятшы, мерген, зергер, өрімші.
Сегіз сері 1830 жылы Омбының тілмаштар дайындайтын Азия мектебіне түсіп, 1936 жылы поручик шеніндегі мәртебеге ие болды. Сегіз сері әнші Біржан салдың ұстазы. Сегіз сері Нияз серімен Кіші жүз еліне Еділ-Жайық бойына өтеді. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске куәгер болады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын тәрбие жұмысының негізгі міндеттері төмендегі бағытта көрсетілген:
- Эстетикалық талғамды дамыта алуды ұлттық этномәдениет, салт- дәстүрін айқындайтын парасаты мен ұлттық санасын тәрбиелейтін нысандарды қазақ тілінде танып-білу, өз халқының өнер (сал-серілік) тарихына құрметпен қарауды жүзеге асыру;
- Эстетикалық тәрбие беру және тәрбиелеу тұжырымдамасына негізделген ізгілікті-адамгершілік білім мен тәрбиені дарыту;
- Эстетикалық білім мен тәрбиені ұштастыру, жоғары әлеуетті сананы дамыту;
- Өнер арқылы жан-жақты тәрбие алуына мүмкіндіктер жасау.
Жоғары аталған міндеттерді жүзеге асыру эстетикасының талғамын дамыту үрдісінде шешуші орын алады.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-әрекеттер оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың рухани дамуына, шығармашылық ынта-ықыласының жетілуіне, жалпы мәдениетке бағдарлануына, қазіргі кезеңнің жалпы нарық экономикасы жағдайында бәсекелестік қабілеттілікке бейімделуінің субъект ретінде мүмкіндіктері жасалған.
Нәтижесінде адамды «орнындаушы» құрал есебінде ұстаудан арылып, адамды – эстетикалық талғамы дамыған мәдениетті адам дәрежесіне көтеру маңызды құндылық деп санаймыз.
Тұжырымдаманың алғашқы сатысы – ойлау әрекетін дамытарлық қозғаушы күші. Олай болса, ұстаз оқушылардың қабылдану әдістерін алты деңгейде қарастырып, ойлау, іс-әрекеттердің негізгі құрылымын мынадай жүйеде сақтауды көздейді.
Бірінші, ішкі ойлау әрекеті жоқ, тек жұрттың құбылыс-пішін әрекеттерін қайталаушылық. Оқушы өзінің ішкі ойын қажетке жаратпайды, жұрт не істесе соны істейді.
Екінші, ішкі ойлау әрекеті сезімді алға қою арқылы жүзеге асады. Бұл оқушылар – әміршіл-әкімшіл өктем педагогиканың құрбандары, өздерінің ішкі «мен» деген құқысын айта алмайтын, жұрттың пікірін өз мүмкіндігімен іштей салыстара алмайтын оқушылар. Бұларда тек құлдық психология. Кез-келген ортадан төмен деңгейдегі мұғалімдердің басқаруына: «Сіздікі дұрыс емес» деп, қарсылық білдіре алмайтындар. Болашақта мұндай адамдар басқару ісіне араласса, халықтың соры болатындар. Себебі, бұлар білімсіздіктен, дұрыс пен бұрысты, оң мен терісті, ізгілік пен надандықты, асыл мен жасықты ажырата алмай, халықтың сан ғасырлар бойы жиған-тергендерін, құндылықты, рухани байлықтарын өз жұмыстарына субстанция (тірек) қыла алмайтын пақырлар.
Үшінші, ішкі ойлау әрекеті - өздерінің ақыл-ойларына сүйенетіндер: бірақ, бұлардың ақыл-ойлары, парықтық биікке, тереңдік, кеңдік дәрежеге көтеріле алмағанадықтан, өз мақсаттарына дөп жете алмайды. Мұндай оқушылар тек бір істің бір қырын ғана нысанада ұстайды, барлығын тұтастықта ұстай алмайды.
Төртінші, ішкі ойлау әрекеті – ішкі қабілеттілікті ішкі қажеттілігімен үндестіре өз ыңғайына сәйкестендіріп, үздіксіз өсіп, дамуға бағыттайтындар.
Бұл оқушылар теориядан гөрі өз тәжірибешілігіне сүйенеді, өз ыңғайларына басымдық береді. Оқушылардың мұндай түрлері ескі қалыптасқан белгілі бір тұжырымды жаңа өмірге радикалды (түбірлі) түрде өзгерте алмайды, бірақ оның бұрынғы үйреншікті әдіс-тәсілдерін, білімін тек жетілдіру дәрежесінде қалады. Бір сөзбен айтқанда, тәжірибеден басқа сүйенері жоқтар.
Бесінші, ішкі ойлау әрекеті – рухани жан азығы мен тән азығын қатарынан үздіксіз өнімді нәтижеге жеткізуге, оны дамытуға, Абай тілімен айтқанда:
«Жан тәнге үй болғанда «Жан тәнге» жетекшілік жасауға ұмтылатындар». Бұл оқушыларға табиғи (атавизм), перцептив (қабылдау әдістері), апперсепсе (түйістіргіш) әдістері микрокосмостан қаланғандар, өздері өнерлі, бойларында дарындары барлар. Бұларға ұстаздардың жеке жұмыс беріп, олардың ойлау әрекетін өз қабілет, қажеттіліктеріне сай жұмыспен (интенсив) бағыттап отырулары көзделеді.
Алтыншы, ішкі ойлау әрекеті – әрбір оқушының дарындылық санасының жоғары нәтижеге көтерілу қағидаларының меңгерту мәресі.
Бұл қағидалар әр оқушының өзіндік меншіктеуі болғанымен, классикалық философияға сүйенгендікті танытулары қажет. Мұның бәрінің жүйесін, құрылымын, заңдылығын, тұжырым-түйінін, мүдде-мақсатын айқын түйіндеу әрекеті арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда берілген ішкі ойлау әрекетінің өлшемдері мынадай ішкі субъектілерден тұрады:
- әр оқушының сал-серілік өнер бойынша мұраттарын (идея) шығару әдісі;
- әрбір тақырыпты оқушылар тұтастықта түйсіну амалы;
- әрбір курстың ұсақ тақырыпшаларын оқушылардың жіктеу, қорғау амалы;
- оқу арқылы ішкі рухани ой-түйіндеріне екшеп отыру амалы;
- оқушының әрбір курсты меңгеру үрдісінде берілу амалы.
Осының бәрін дұрыс шешу мақсатында әр оқушы алдымен фактыны жинайды, оны өзінің пікірімен байланыстыруы нәтижесінде ауызша, жазбаша коммуникатив жүйелерінің біліктілігік деңгейіне жетіп, танымын толықтырып отырады.
Ол үшін коммуникатив (қатыс) жүйесі төменгі матрицамен межеленеді:
І. Субъект:
- тотемдік (ырым)
- нұр (ізгі)
-
Сал-серілік дәстүрдегі кездесетін қасиеттер – онтологиялық деңгейдің көрсеткіші
ыңғай
- оқшау ойлау (локально-созн.)
- конструктивті ойлау
- шығармашылық ойлау
- перцептив (қабылдау әдісі)
- мнестикалық (есте сақтау)
- имажетив (дарындылық қабілет)
- ажырату (бір теорияны екіншіден)
- аналогын табу
- ассоциациялы қабілетті шығару (дерексіз ұғымды көз алдына сурет сияқты қабылдау)
- негізгі ақиқатқа жету
- дәлелін табу, жаңалықты қорғау
- белгілі бір ойды екінші бір ойға аудару (тәржімелеу)
Енді осы қатыс жүйесін жүзеге асырудың әдіснамасы (методологиясы) мынадай тізбекте:
І. Танымдылық (когнитив)
1
Сал-серілік дәстүрдегі гносеологиялық деңгейді қалыптастыратын қасиет
. Перцептивті әдіс:
- әңгіме әдісі
- лекция
- диалог
- монолог
- нұсқау (инструктаж)
- оқу (чтение)
- дыбыстық жаттығу (фонология)
2. Көрнектілік:
- демонстрация
- иллюстрация
- көрсету (показ)
- плакат-проекция
- фото
- схема
- диаграмма
- матрица
- сызу
3. Тәжірибешілік:
- жаттығу
- зертханалық тәжірибе
- еңбек әрекеті
- машықты ширату (делегировать способность)
ІІ. Гносеологиялық аспекті
1. Рецептивті:
- иллюстрациялы-түсіндіру
- репродуктивті (қайталау)
- проблемалы:
- ізденіс, эвристика, эмпирикалық, зерттеу (исследование), зертхана (адамның өзі ойлап талдауы зертханалық жұмысы). Оны тәржімелеу (бір істі екінші бір сапаға аудару).
ІІІ. Әр оқушының өз жұмысын ұйымдастыра білуінің әрекеттері:
1. Оқшау әдісі (локально-созн.):
- жалқылау-жалпылау
- силлогизм
- детермендеу
- абстрактылау
-
Сал-серілік шығармашылығын оқу іс-әрекетіне қатысты қасиеттер қалыптастыратын қасиет
талдау-жинақтау
- салыстыру
- даралау
- саралау
- сұрыптау
- жіктеу
- түйіндеу (резюме)
ІV. Басқару (оқушы өзін-өзі басқарады):
- өз-өзінің қабілеті мен қажетін үндестіре отырып, мүмкіндігіне қарай даму бағыты
- басқаны басқару үшін қабілеті мен қажетін үздіксіз өсіру бағыты.
V. Өзін-өзі ынталандыру:
1. Мадақтау (өзін-өзі іштей, сырттай, мәртебесіне сай бағыттау, асырып жібермей, бойындағы қасиеттерін екшеп, бұл әрекет әр оқушыға сенім, өзімшіл көтеріңкі көңіл-күй, асқақ оптимизм ұялатады):
- сарыны (мотив)
- сендіру (келесі адамды)
- көндіру (өзінің тұжырымын дәлелдей отырып)
- талап ету
- ескерту
- марапаттау
- жазалау
2. Оқуға ынталану (әр оқушыға өздігінен)
- ойын арқылы (өте сирек, өйткені ойын ойлау әрекетіне қайшы)
- пікір сайысы (диспут, полемика)
- кенеттен
VІ. Әр оқушының өзін-өзі бақылау әдісі:
1. Реттеу
- жазбаша-ауызша
-
Оқушының өзін-өзі іштей тексеру мүмкіндігін ұштауға қатысты қасиеттер
жекеше
- жұптық әрекеттестікте
- топтық әрекеттестікке
- ұжымдық әрекеттестікке
- фронтальды
- бригадалы
- нольдік кесінді (нулевой срез)
- аралық кесінді (промежуточный срез)
- бақылау, қортындылау (контрольный срез)
- бағдарламамен тексеру.
Сал-серілік өнердің бастау көзі – ғарыштан қуат алуы оның басты белгісі мұратын айқындайтын дәрежесі. Мұратын айқындау арқылы өнер иесі күш-қуат, шабыт, сезіну, ләззаттану, рухтану секілді қасиеттерге ие болады. Мәселен, Біржан салдың 10-15 шақырымға дейін ән шырқалымының жетуі, бас терісінің шар секілді ұлғаюы, мойынның жуандай түсуі, шынылардың дірілдеуі және т.б. Бұл суреттің тігінен қарағандағы ұстанымы. Ал суретті жазықтықта бағамдасақ, «халықтық» қанаттан ізгілікті ұстаным, эстетикалық әсер, ал «тәжірибесі» қанатынан таралымы, өнердің іске қосылуы дегенді білдіреді. (Қараңыз: сурет - 1)
Сурет 1 - сал-серілік дәстүрдегі ізгілік сипаты
Аталған тұжырымдаманың ғылыми тірегі – Қазақстан Республикасының мектептерге ұсынған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру әрекеті.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру үдерісімен астаса жүріп жатыр. Мұның өзі іргелі және әмбебап білімді қайтадан саралап, оның өрісін едәуір кеңейте түсуді, сөйтіп, бұл істі білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыруды талап етеді.
Қоғамда бүгінгі таңда тәрбие берудің өндірісті қамтудан этномәдени-эстетикалық, этикалық, ізгілікті мұратқа қарай ойысу жолындағы келелі міндеті барлық мектептерде қайта қарастыруды көздейді.
Гуманитарлық тәрбие беру адамның әлеуметтік-этномәдени тұрпатын сомдау тәсілі ретінде көрінеді. Өйткені, ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі. Әр оқушыны өнерді игеру тұғырына жетелейді. Сол арқылы оның ішкі қуатын ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді. Әлеумет – халық деген сөз. Мұнда ішкі әлеует басымдықта болса, адамның өмір суретіне сара жол ашылады. Гуманитарлық этномәдени тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік, мемлекетаралық жай-күйіне тікелей ықпал етеді. Жаңа мемлекеттік тектестікті, артықшылық берілетін құндылықтар (аксиология) жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін дамытады. Аталған парадигма өлшемдері ұстазды үздіксіз ізденіске жетелейді.
Бізге өнер арқылы білімдендіру мен тәрбиелеудің тарихи негіздерін, теориялық маңыздылығын, оның заңдылықтарын (онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық) ұрпақ тәрбиесінің эстетикалық талғамын ізгілікті ұстанымға бағыттау үдерісінде қоғам дамуына қосқан үлесіміз деп есептеуге болады. Эстетикалық талғамын сал-серілік (білімдендіру мен тәрбиелеудің мазмұны) өнердің ұтымды тұстарын білік пен тәрбие құралы ретінде алу тұрғысында тәрбиелеу қажет. Ал бейімдендіру мен тәрбиелеу үдерісін дұрыс ұйымдастыру қызметі ұрпақтар ауысу барысында жинақталған (өнердің білімдендіру мен тәрбиелеуге) білім мен тәрбие қорын (эстетикалық талғамды ұштауға) беру жүйесі болып табылады.
Әрбір даралық тұлғаны ұлттық және әлемдік құндылықты білудің сара жолына (эстетикалық талғам кеңістігіне) салудың және оның жалпы адамгершілік, ізгілік тәрбиесінің қозғаушы күші диалектикалық қарама-қайшылық заңдылығымен сипатталуы; Ж.Аймауытовтың саналы сезім, саңылау түйсігін дамыту тұжырымдамасы; эстетикалық тәрбиенің құндылық теориясы; пәнаралық байланыс теориясы ретінде ұсынылады; тарихи ұлттық сана-сезім теориясы; осылардың бәрі – философиялық деңгейде ұсынылып отырған тұжырымдаманың әдіснамалық негізі.
Ұсынылып отырған тұжырымдама ғылыми теориялық, жалпы педагогикалық, этнопедагогикалық тәрбие заңдылықтарына және жеке тұлғаның эстетикалық талғамын дамыта алуына негізделіп жасалған; отандық және әлеуметтік әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін жинақтау негізінде құрылған.
Эстетикалық талғамның әрбір тұлғаның ішкі интеллектуалды әлеуетіне айналуы, тұлғалылық сонылыққа бағыттылық педагогика, оның өзіне тән барлық құрамдық бөліктері, құндылықтары, мәдени бағыттағы өнер арқылы білімдендіру және тәрбиелеу кеңістігіндегі педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық амалдарын жинақтап, мәдениет адамын тәрбиелеу - ұсынылып отырған тұжырымдаманың негізіне алынған.
Сыныптан тыс уақытта сал-серілік арқылы тәрбиелеуде жеке факультативтік және арнаулы курс бағдарламаларының іштей өзара ұштастығы мен сабақтастығын стандарт бойынша өтілетін (әдебиет, музыка, тарих және т.б.) басқа пәндермен сабақтастығын нығайту - эстетикалық талғамды саралауды негізге алу арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың сыныптан тыс (басқа да мекемелерге қатысты) меңгеретін өнер арқылы білімі мен тәрбиесі олардың әр саладағы қарам-қатынасы, іс-әрекеті негізінде өздігінен білім алуына, өздігінен тәрбиеленуіне, өзін-өзі дамытуына ықпал жасайды және жеке тұлғалық, эстетикалық шығармашыл мүмкіндіктерін ұлттық сананы әлемдік санамен ұштастыру негізінде дамытады.
Біздің пайымдауымызша, эстетикалық тұлғалық, бағыттылық құндылықтар негізіне жататындар:
а) парасатты адам - орта ретінде жас ұрпақтың жеке тұлғалық эстетикалық дамуына жол салушы және оның өнері мен білімін-тәрбиесін тұтас өркендеуіне бағдарлаушы;
ә) шығармашылық мәдени орта мәдениетті адамды (ұлттық дәрежеде) дамыту құралы бола алатындығы.
Эстетикалық құндылықтардың мәдени феномен (басқаға ұқсамайтын даралығы) бола алатындығын дәлелдейді. Эстетикалық қабылдау эмоциясын ұтымды өзара әрекеттестік үрдісте, эстетикалық құндылықтарды бағалау тұрғысында жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мақсат жүйесі ретінде эстетикалық талғамын дамытушылық бағытта қалыптасады.
Оқушылардың эстетикалық бағытта өзін жеке тұлға ретінде тани білуі, өзінің өзіне ғана тән жеке қасиеттерін айқындай білуі, олардың ізгілікті-адамгершілік ережелерді, қасиет-сапаларды меңгере білетіндігін көрсетеді.
Тұжырымдаманың әдіснамалық негіздерінің жеке мақсаттары мен міндеттерін айқындаумен қатар, эстетикалық тәрбиені меңгерудің заңдылықтарын қайта ұлттық мәдени деңгейінде қарастыру қажеттігі туындайды. Мұнда дара тұлғаны эстетикалық талғам дәрежесіне ынталандыру және кейбір өзгерістер енгізуде эстетикалық тәрбие негізгі құралы ретінде төмендегі жалпы қағидаларға негізделеді:
1. Өзіне өнер тетігін ашып берген барлық әлемді билеуші Құдіретті табиғатты сүю қағидасы. Өзін - оның бір бөлшегімін деп сезінуі.
2. Адамзат құндылығын игеру қағидасы. Өзін қоршаған адамның бәріне құрметпен қарау, оларда кездесетін өнерлі қабілеттіктерді бағалауға ынталану, ізгілікті-адамгершілік сапаға эстетикалық құндылықтарды ұтымды пайдалану, рухани жанға дауа таба білу амалдарын меңгеру, тек әуезді ырғақтың шапағатын сезінбей, оның маңызды тұстарын өзіне қуат ретінде қабылдай алуы.
Эстетикалық талғамын дамыту үдерісінде мәдени орта жағдайында оқушыларды өнер арқылы білімдендіру және тәрбиелеудің мазмұны – біздің оны іске асырудың іс-әрекетіне тікелей бағынышты болып келеді.
Жоғарыда анықталған міндеттерді шешу ұстаздардың басшылығы және көмегімен ұйымдастырылған іс-әрекет үрдісінде жүзеге асырылады. Бұндай жағдайда оқушылардың біртіндеп өздерін танытуы және өздерін-өздері білуі айқындалып, олардың ішкі парасат-бағамдарының сараптау үрдісінде ширауы іс-әрекет көрінісінде байқалады. Сөйтіп, әрқайсысының өнер кеңістігін қаншалықты дәрежеде меңгергені жайлы мәлімет жинақталып, әр тұлғаның өзін-өзімен «жарыстыру» секілді мәртебелі іс жүзеге асады. Атап айтсақ, Ж.Аймауытовша «балаларды бір-бірімен жарыстырмай, олардың өзімен-өзін жарыстыру, «кеше қандай едім, бүгін қандаймын» деген нұсқаулық жасау арқылы ішкі бағамын өркендету нысанаға алынуына кеңес береді.
Өнер адамы болғанымен (мүмкін мүлдем ол кеңістікте емес шығар, бірақ өнерді екінші кәсібі деп есептейтін), бүгінгі таңда кез-келген адам ортаға шығып, қауымдастық іс-әрекетке түседі; біріншіден, адам баласының өмірлік іс-әрекетінде отбасы мәселесінде экономикалық, этникалық, демографиялық және т.б. мәселелердің тауқыметіне байланысты жалпы өзіне тән өмірін дұрыс ұйымдастыруы мен сақтаудың жалпы міндеттері қажетті дәрежеге қойылуы; екіншіден, эстетикалық талғамын дамыта алу үрдісінің кемелденуі;
Сол себепті эстетикалық тәрбиені, оның теориясын және практикасын биоәлеумет талаптарына сай түбірінен қайта құру бүгінгі күнде көкейкесті мәселеге айналып отыр. Нәтижесінде жаңа көзқараспен эстетикалық тәрбиесінің мәнін ашу қоғамдық қажеттілікке айналуда. Бұл ретте Ж.Аймауытовтың адам дамуының эстетикалық саңылау сезімінің кемелденуі, бұл қоғамның барлық мәдениетінің, қоғамдық тәжірибенің жеке тұлғаға берілуі деп қарастыруға мәдени-тарихи тұғырнамасын басшылыққа алдық.
Эстетикалық тәрбие мақсатқа бағынатын парықты бақылауды жобалайтын қоғамның мәдени саласының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Эстетикалық тәрбиенің көмегімен қоғамда кездесетін жағымсыз, көлеңкелі жағдайлар біртіндеп жойылып, жастардың өздігінен шұғылданар іс-әрекеті болып, ізгілікті – адамгершілік бағытына ие болады.
Қоғамды ізгілендіру – ХХІ ғасырдағы өркениетті дамытудың талабы, әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр. Әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялылықты дамытуды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы үдеріс.
Тәрбие беруді гуманитарландырудың басты міндеті – бүкіл тәрбие, білім беру, оқу және мәдениет саласын гуманистік бағыттағы адамды тәрбиелеуге жұмылдыруға ұмтылдырады.
Тұжырымдаманың барлық мектептер үшін мақсаты – жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстан Республикасында мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатын басшылыққа алу. Оның даму стратегиясын ұсыну серпінді өзгерістерге өтіп отыруға қолайлы жағдай жасайды.
Тұжырымдаманың стратегиялық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы біртұтас мемлекетік саясаттың бөлшегі ретінде қызмет ету;
- Білім берудің жай-күйі мен перспективасының пайымын теориялық және әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім берудің таяудағы және ілгері болашақтағы негізгі беталысын айқындау, оның даму бағыттарын әзірлеу.
Тұжырымдаманың басым бағыттары:
- гуманитарлық тәрбие беруді ұйымдастыру жөніндегі қызметтің негізгі беталысы мен қағидаларын баса көрсету;
- гуманитарлық тәрбие берудің мазмұнын, құрылымын айқындау;
- гуманитарлық тәрбие берудің мемлекеттік қалпына сәйкес бағдарламасын жүзеге асырудың рөлін анықтау.
Қорыта келгенде, бұл құрылған тұжырымдама мектептерде сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалын саралауға көмегін тигізеді.
1.3 Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі
Зерттеу еңбектерге қарағанда қазақ фольклоры ХХ ғасырдың бірінші ширегінде жеке ғылым болып қалыптасты деген тұжырым бар. Халық ауыз әдебиеті жанрларының әртүрлілігі мен оның сипаты және жүйесі жайлы аталған уақыт ауқымында айқындалғаны туралы да кеңестік дәуірде бірталай пайымдар жинақталды. Жалпы ауызша поэтикалы дәстүрдің түркі халқынан шыққан заңдылықтары мен оның тәрбиелік-білімилік тағылымдарының көрінісі әлі де болсын бірнеше зерттеу еңбектердің тетігі болатыны сөзсіз. Қазақ халқы фольклорының тегінен адамзат баласының ойлау қабілеті мен тәрбиесінің ізгілікті жолға қойылуына қатысы бар мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану бүгінгі талап-мүдденің ең басымдығы демекпіз. Қазақ фольклорының тұрмыстық типі мен жіктемесі айқындалған.
Қазақ халқының фольклорының тұрмыстық сипатына бақсылық, ақындар, сал, сері, жырау және т.б. түрлері жатады. Фольклордың бұл түрлерінің бәрі дерлік адамның ішкі жинақтай алған тәжірибесі мен тағылымдық нысандарына сүйеніп, халық арасында ұдайы өзгертулер мен түзетулер нәтижесінде іске асып отырғаны туралы бүгінгі тәуелсіз Қазақстан кеңістігінде белгілі болды.
Сана-сезімнің толығуы, кемеріне келіп кемелденуі өзінің ортасындағы түрлі-түрлі болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға бағынып келетіні де соңғы кезде көбірек айтылып жүр.
«Бақсы», «Ақын», «Жырау», «Сал», «Сері» деген ұғымдардың шығу тегін зерттеген ғалымдарды атап өткен орынды.
Бұл бағытта еңбек сіңірген дана буын зерттеушілерді жекелеп, көрсетсек, олар: Ш.Уәлиханов, Г.Потанин, А.Алекторов, А.Васильев, М.Ж.Көпеев, А.Диваев, М.О.Әуезов, А.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Мұқанов, С.Қасқабасов, К.А.Нұрғалиев, Н.Жүсіпов және т.б.
Халық ішіндегі фольклордың тұрмысқа қатысты түрлерінің жанрлары тек жоғарыда көрсетілгенмен шектелмейтіні белгілі. Бірақ, бұл тақырып тұтас біздің зерттеу еңбегіміздің ауқымына сыймайтындықтан, сері мен салдық құру дәстүрінің оқыту мен тәрбиелеу үрдісте қосқан үлес салмағын шығаруға септігін тигізер кезеңдерге тоқталуды жөн көрдік.
Е.Д.Тұрсынов өзінің еңбегінде: «Нет нужды доказывать, что разыскания в области древних этапов формирование фольклора должны стать необходимой предварительной ступенью в неследовании вопросов его исторической поэтики. Ведь для того, чтобы анализировать элементы художественной формы тех или иных фольклорных жанров в исторической ретроспективе, следует хотя бы приблизительно знать, в какую историческую эпоху или в какой период истории народа могли возникуть сами эти жанры и жанровые разновидности, дошедшие в живой традиции до наших дней. В противной случае трудно, думается, избежать опасности того, что построения в области реконструкции исторических форм фольклорной поэтики повиснут в воздухе не будучи приурочны к конкретным историческим эпохам».
Мұндай күрделі міндетті бүгінгі таңда түбірімен шеше қою өте қиын. Қазақ фольклорының ішіндегі «сал», «серілік» дәстүрге ежелден негіз болған ақындық өнердің өзі әртүрлі тарихи кезеңдерден өткені туралы айтып өттік. Ұсынылып отырған фольклор жанрының әртүрлі болып келуінің бір себебі оның халқымыздың дәстүрлеріне үндесіп келуі дер едік. Ақындық өнердің түп тамыры лирикалық және эпикалық жанрлардың пікірсайысындағы кереғар ой-тұжырым туғандығы анық.
Жыраулық өнер мектебі толғау мен терменің және эпикалық қаһарманның қатысымен үш бірліктің белгілі бір тәлімдік, тағылымдық құрал ретінде қолданылуы осы сал-серілікке апарар жол. Сол секілді Е.Тұрсыновтың зертеу еңбегінде сал, серіге былай негіздеме жасалады: «... у салов сэри – песни мирического и богамного содержания, цирковые и прочие развлекательние номера и т.д.».
«... Богемная тематика творчества салов и сэри и вытекающая отсюда система тропов, служащая для выражение этой тематики, оказываются в прямой зависимости от чрезвычайно интересной и необычной генетической истории этих типов носителей лирического фольклора» .
Жоғарыда Е.Тұрсыновтың сал және сері туралы айтып өткен тұжырымы бүгінгі талапқа сай келе бермейтіні, аталған рухани құндылыққа бүгінде баға беру оңай еместігі өз-өзінен түсінікті.
Жалпы қазақ халқының фольклорында сөз өнеріне 50 шақты әнмен сүйемелдеп айтатын жанрлардың бар екені айқындалған. Жекелеп қарастырсақ, тұрмыс-салт жырлары, соның ішінде, үйлену тойына қатысты өлеңдер: жар-жар, беташар, той бастар, сыңсу, қоштасу; баланың дүниеге келуіне орай: бата беру, ат қою, шілдехана айту; жақын адамның өмірден өтуіне қатысты: естірту, жырлау, көңіл айту; шамандық дінге қатысты шыққан өлеңдер: арбау, бақсы сарыны, және т.б.
Сол секілді ғалым Б.Абылқасымов Телқоңыр қазақтың салт-дәстүр фольклорының ортағасырлық туынды екеніне тоқталады. Сөйтіп ортағасырда бұл жанрлардың тууына шамандық тәрбиенің ерекше ықпалы бар деп көрсетеді.
Ал М.Құрманғалиев сал-серілердің салт-дәстүрге қатысты магиялық қызметіне айрықша мән беріп, сал-серілердің өнеріне баға береді. Өкінішке орай сал-серілерге қатысты аса жаңа тұжырым білдіре алмағаны байқалады.
Жоғарыда берілген бірталай зерттеу еңбектеріне талдаулардан ұғарымыз, «сал», «серілік» жайлы тұшымды ғылыми пайымдарды кездестіру қиын. Аталған ғалымдардың ішінде сал-серілерге анық тоқталмағанмен, жалпы қазақ халқының фольклорының туу кезеңін зерттеген Е.Тұрсыновтың мына бір пайымына ерекше мән береміз: «Предварительный анализ историко-археологического, сравнительно-этнографического и фольклорного материала показал, что к таковым относятся, в частности, типы шаманы - баксы, акыны, жырау, сыншы, сал и, с учетом генетическим связям с последним, сэри». Сөйтіп Е.Тұрсынов сал, серілік туралы анықтама бермесе де, оның пайда болуына мән бергені аңғарылады.
Бұл еңбектің біздің зерттеуімізге тағы да бір түрткі болар тұсы: «На наш взгляд при исследовании истории фольклора ретроспективно – семантическая квалификация фольклорные явлений невозможна без учета данных смешных наук – археологии, этнографии, истории, а порою и этнопсихологии и лингвистики, ибо в противном случае факты фольклора меняются исторической приуроченности и лакально – этической определенности». Бұл тұжырымға қосарымыз оның педагогика мәнін айқындау демекпіз. Сал, серілік өнер тек әдеби кеңістікпен шектелмейтіні барша жұртқа белгілі болуы керек.
Жоғарыда көрсетілген талдамадан шығарар қорытынды:
1. Сал-серіліктің педагогикалық маңызы, оның шығармашылығынан туындайтын мазмұндық құрамдары, тәлімдік сипатты білім беру іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады.
2. Сал-серілік өнердің мұраты мен құрылым жүйесінің барлық ішкі бөлімдерінің мәнісін түсінбей, оның білімилік, тәрбиелілік маңызын ұғу мүмкін емес.
3. Сал-серілік өнердің фольклорлық сипатын зерттеген классикалық үлгідегі ғалым – зерттеушілердің еңбегін елемеу, негізгі мәселені айқындауға кедергі болмақ.
Міне, осындай белді мәселелердің шешімін табу үшін зерттелімнің маңызын айқындау сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің үлгісін құруға септігін тигізері сөзсіз. Бұл ойымызды анықтау үшін алдымен сал-серіліктің ғылым ретінде қалыптасуына кімдер көмек береді? – деген заңды сұрақ туады.
Жоғары айтылған ғалымдардың зерттеулерінде сал-серілікке жетер желі туралы тұғырлы ой-пікірлерін ескеріп, төмендегі түзілімге мән берген орынды:
1. Адамның алғашқы деңгейі онтологиялық сипаты болып табылады. Бұл деңгейде қазақ елінің сонау ежелгі дәуірдегі тұрмыстық жағдайға орай туған аталған ауызша-жазбаша шыққан еңбектерінің тууы дер едік. Әлемді тұтастай қабылдауы.
2. Бұл ежелгі дәуірден қалыптасқан сал-серілікке әкелер жол дей отырып, әр адамның қоршаған әлемге қатысты өзіндік танымның, гносеологиялық алғы басқыштары қаланады. Мұны танымның ең қарапайым түрі демекпіз.
3. Үшінші деңгейде қоршаған әлемді түйсіну арқылы адам әлем туралы сурет, тұрмыстық ерекшелігін, оның құндылығын бағалай алу сезімі пайда болады. Мұны біздер аксиологиялық деңгейдің алғашқы басқышы дейміз. Осыдан әр адам өзінің жеке мәдени ортасына рухани құндылықтарды қоғамның формациясына орай жинақтауға төселеді.
Сөйтіп, осы аталған үш түрлі деңгей сал-серілік өнер мектебінің қазақ даласында өркендеуіне үлкен әсер еткен әдіснамалық негіздер деп ой қорытуға мүмкіндігіміз бар.
Бұл ой-қорытындымызды дәлелдей түсерлік тағы да бір деректі Б.Абылқасымовтың еңбегінен байқаймыз.
Аталған еңбекте сал-серілікке қатысты тұжырым жасаудан гөрі, шамандық басымның тәжірибедегі көрінісі, соның ішінде, бәдік пен арбау секілді аталған өнердің ең алғашқы шығу тегінің көзі айқындалған.
Келесі бір зерттеуші М.Құрманғалиев өзінің еңбегінде «О ритуально-магических функциях салов и серэ» (1995 ж.). Сал-серілердің қызметі жайлы ғылыми пайымдар жасаған.
Сал-серілік өнердің шығу тегіне типологиялық тұжырым берсек, оның рет тәртібі былай болып келеді:
Шаман – бақсы.
Жырау – жыршы.
Сыншы – сал-сері.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі ұсынылған тарихи – мәдени негізді жүзеге асыру этногенетикалық үдеріссіз мүмкін емес. Аталған рет – тәртіп тек айтуға ғана оңай, ой көзімен қарасақ, оның қолдану барысы ежелгі дәуірден қаланып, фольклор және ауыз әдебиетінің қалыптасу арнасына дейін жинақталған деуге болады. Зерттеу барысында тағы бір ескеретін мәселе сал-серілік өнерден тәрбие беруді іске асырудың үлгісін құру үшін фольклор, ауыз әдебиеті, этнография этнопсихология, этнопедагогика сияқты ғылым салаларының интегралдық топтамасы тұрғысында қарастыру көзделеді.
Сөйтіп, бұл мәселе кезеңдерінің біріншісін біздер тұрмыс-салт дей отырып, оның шамандық сипаты ежелгі дәуір екенін атап өтеміз.
Ал екінші кезеңі – идеалистік ұғымның кемелденген шағы. Бұл айтыс өнерінің қарқынды дамуымен оқшауланады.
Үшінші кезеңі – ақындар легінің қалыптасуы шамандық пен тұрмысқа қатысты ақындық ежелгі дәуірде пайда болса, бұл үшінші кезеңде жырау, сал-серілердің өнерлері келеді.
Үшінші кезеңге тоқталсақ, бұрынғы адамдар арасындағы қалыптасқан одаққа, қауымға, идеологияға қарсылық көрсетерлік артистер, ақындар шыға бастайды. Алдымен серіліктен бұрын салдар пайда болады. Салдар - әдеттегі адамдардан ерекше киініп, басқаша тамақ ішеді, жалпы қоғамдағы қалыптасқан дәстүрге өздерін бағындырмайтын тұлғалар. Тарихи деректерге қарағанда Біржаннан басқа да салдар туралы мәліметтер бар. Соның бірі сырдариялық Ешнияз Жөнелдікұлы (1834 - 1902). Сол секілді атақты Біржан Қожағұлұлының (1834 - 1897) да бір көрінісін байқаған адам:
«Біржан салдың киімі басқа адамдардан мүлдем бөлек көрінуі» деген. Кей тұста жұрттан ерекшелену мақсатында салдар қыздардың да киімін киген. Бұдан шығарар қорытындымыз салдар тек сырт бейнесімен оқшау көріну арқылы өзіне қалың жұрттың назарына түсіп, ішкі рухани парасат – пайымдарымен елді өмір сүруге құлшындыру бағдарында қызмет еткеніне тоқталған жөн.
Өткен жүз жылдықта өмір сүрген Байтен сал ашық түсті сисадан киім киіп, алты аршыннан белбеу буынған. Байтен салдың замандасы Құтпанбай сал құндыздан тон киген, мехты сыртына қаратып кимеген қазаққа бұл ерсі болып көрінген. Бірақ жұрттың ойламайтын ойын ойлап, оған өздігінше пайымдама жасап отырған. Елге аты шыққан сал Жаяу-Мұса қан қызыл матадан костюм киген. Сал-серілерге ел арасындағы аға буын ақсақалдар, сұлтан – билерден артық құрмет көрсетіліп отырған.
Салдар өздеріне тиесілі тұрақты өмір іздемейді. Олар ауыл-ауылды аралаған тұста хабар алған жұрт салдарға арнап үй-жай даярлап қою да қазақ халқының өнер иелерін ерекше құрмет тұтуы деп есептейміз. Салдар ел арасында тек жеке, жалғыз жүруді әдетке айналдырған. Мұнымен бірге салдардың қоржындарында мех, асыл заттар, бағалы маталар болса, оны сол елдің қыз-келіншектері қалап алуларына мүмкіндіктері болған. Салдардың өлеңдерінде көбінесе жастар арасындағы махаббат тақырыбы басымдықта. 1967 жылы топтамамен кірген Біржан салдың 65 өлеңінің 59-ы - махаббат тақырыбы.
Мұндай пайымдаманы:
«...Мен өзім Жетісуға барып қайттым,
Манабын жақсылардың көріп қайттым.
Қыздары Жетісудың сұлу екен,
Жиғаным-тергенімді беріп қайттым», - деген Біржан салдың өз өлеңімен бекітуге болады.
Салдар үшін отбасы қамын жасау, таптаурын болған еңбектің құлы болу жат іс-әрекет. Олар өмірдегі тұрмыстық жайдың басқаша болуын көксеп, күйкі тіршіліктің татымсыздығын түйсініп, таным деңгейін ел аралау арқылы халқына қызмет етуді өздерінің міндетіне айналдырған. Салдар тіпті киіз үйге өз аяқтарымен кіруді жөн көрмей, оларды қыздар топтасып, көтеріп киіз үйге кіргізіп отырған.
Ә.Диваевтың зерттеу еңбектерінде салдардың бетін биенің саумал сүтімен жуатыны туралы айтылған. Бұдан ұғарымыз сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің үлгісін осындай ерекшеліктерді ескермей жасауға болмайтыны байқалады. Аталған салдардың іс-әрекеті халықтың көңілін өсіріп, күнделікті күйкі тіршілікке сән беріп, оған шектері қатып күліп, көңіл көтеру құралына жат емес, әуезді - әртістік қойылымдар да орын алған. Олардың өнерлерінің басымдығы – ақындық. Біржан – сал, Шашубай Қошқарбайұлы және т.б. бәрі дерлік импровизатор – ақындар. Мұнымен бірге олардың бәрінің дауыс иірімі (биіктігі) өте күшті және әуезді болған. Біржан салдың даусы ауыл арасында 10-15 шақырым аралығына жеткені деректеме арқылы белгілі. Біржан Қожағұлұлының дауысының құдыретінен сиыр сауып отырған әйел өзінің не істеп отырғанын ұмытып кеткен. Мұнымен бірге ол өлең айтқанда терезенің әйнегі дірілдеп, ілулі заттар толқып, жезден жасалған құмандардың өзі қозғалғаны байқалған. Ғалым Е.Ысмаиловтың зерттеу еңбектерінде де осы ой-қорытындыға толықтырулар айтылады. Зерттеуші салдардың поэтикалық суырып салма өнерімен бірге оның музыкалы – драмалық искусствосы қатар өріліп, қойылым мен жонглерлік, пантомимдік қабілеттері жаңа заманның тұлғаларынан кем еместігіне мән беріледі. Біржан Қожағұлұлы өлең айтқан тұста оның мойны кеңейіп, бас терісі шар тәрізді өсіп, басындағы төбетейі біресе оң жаққа, біресе сол жаққа билеп тұрғаны да зерттеушілердің еңбегінде аталып өтеді.
Ағаш аяқтың атақты өзінің атымен аталатын әні қоянды жәрмеңкесінде орындалған. Каламбур, әзіл – оспақ жанры осы салдың өнермен тығыз байланысты. Ал Шашубай сал өзінің ұтқыр қасиетін көрермендерге демонстрациялап, қоян сияқты дастархан үстіндегі ыдыс-аяқты қақпай өтіп кеткен.
Сал-серілік – болашақ артистердің өмірге келуіне бір қозғаушы күш.
Ал артистік қауымның өмірге келуі сал-серілік өнердің трансформациясы.
Сал-серілік өнер өмірді пендешілікпен өткізбеген, керсінше, ынталы рухани өркендеуімізге рухы биік өнерлілердің өмір сүру образы ерекше дер едік. Сал және сері туралы ұғымдарда алғашқы тарауға тоқталып өткенбіз. Екеуін ажыратарлық баға бергенбіз. Дегенмен, сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісін жасауда бұл мәселені ширата түсу орынды.
Салдық өнерден серінің айырмашылығы ауызекі тілде, халық арасында синоним ретінде қолдана берген. Тіпті оған сал-серілер де аса мән бермегені төмендегі мысалдар арқылы байқау қиын емес:
Жақсының жейтін асы жая мен жал шығады нақ қырандай осындай сал. Дәмнен үлкен дүниеде ешнәрсе жоқ, Қожеке кекіреймей ерніңді мал!
Біржанға кедей қызының айтқаны. Осы қызға Біржан Қожағұлұлының жауабы:
«...Жетеді тоқсан жасқа ердің ері,
Амандық ақындықпен Біржан сері.
Қарындас айтқан сөзің өтіп кетті,
Көжеңді басып-басып әкел бері!
Ақан Қорамсаұлы:
Серінің ел сүйетін қылығы бар,
Сөзіңді қор қылатын саған неге?
Домбыра насыбаймен ер сипаты,
Салдарға жараспасын бұлар неге?..»
Бұл мысалдардың бәрі сал мен серінің сипаты екендігіне ғылыми негіз бола алмайды. Себебі ауызекі қарым-қатынаста ол атаулар алмасып айтыла беруі мүмкін.
Сал мен серінің айырмашылығына айрықша тоқталып өту үлгі жасауға дәйекті негіз болмақ.
Біріншіден, серінің тәртібі салдан гөрі басқаша. Салдар секілді серілер айғайлап тұрған түспен киім кимеген. Серілерге ұстамдылық, табандылық, сыпайылық, тәкаппарлық, мырзалық, талғампаздық, поэтикалық суырып салма өнеріндегі шеберлік, басқалармен қарым-қатынасқа түсудегі сезімталдық секілді қасиеттер тән. Олардың жүріс-тұрыстарында ерекше эстетикалық сипат және киімдері өте қымбат матадан тігіліп, айрықша нәзіктік талғаммен киінген.
Екіншіден, серілердің репертуарлары салдардай сан-салалы болып келмейді.
Серілер көбінесе адамның ойына түрткі болатын лирикалық өлеңдер шығарып отырған.
«Барысы» деген ұғым міндетті түрде қарастырып отырған мәселенің тарихи жолын айқындап отыруға бағдарлайды.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісін құру үшін «оқу», «оқыту», «білім беру» ұғымдарына ғылыми анықтама жасау көзделеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қолы жеткен күннен бастап, ел тарихына, тіліне, мәдениетіне зердемен қарау әрбір зерттеушінің міндетіне айналып отыр. Бүгінгі білімдену кеңістігін үзіліссіз мәнде деп қарастырып, оның екі түрлі кеңістігінің бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескеріп келеміз. Біріншісі – Жалпы білім беретін және жаңа типті мектептер. Екіншісі – Жоғары оқу орындары. Қоғам өзгерісіне орай ЖОО-ндағы болашақ мамандық иелерін кәсіби құзіреттілікте даярлау. Оларды инновациялық пайымда оқыту ісі бірте-бірте өркендеуде. Десек те, бұл мәселенің шешілмей тұрған көкейкесті тұстары да жоқ емес. Әсіресе, таптауырын болған, дәстүрлі оқыту мен заман талабына сай жаңа бетбұрыстағы оқыту үрдісінің ара жігі айқындалмай жүргені ащы да болса шындық. «Оқыту» ұғымын теориялық-тәжірибелік тұрғыда қолданғанда біздің өмір сүру уақытымызға дейінгі айтылған дәйектемелерге ден қоюымыз орынды. «Оқытудың» көрсеткіші – сананың өрлеу қарқыны.
Осындай жүйені түйсіне отырып, данышпандар өздерінің еңбектерінде адам әлемінің өзіне тән жеке ерекшеліктерін айқындау барысында «тән», «жан», «рух» секілді ұғымдарға анықтама беріп отырған. Санаға қатысты сапаларды біртұтастық мәнде қарастырсақ, алдымен таным, түйсік, іс-әрекет шығады. Сана көрсеткішінің үштіктен тұрғанымен, адами қалыпта олар тұтасып, «Мен» деген бірлікке айналады. Олай болса, кез-келген «мен» деген ұғымның үштіктегі көрінісі болмаса, ол Абай Құнанбайұлының тілімен мақтанның кіші категориясына тән ұғым болып есептеледі. Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде мақтанның екі түрін айқындап береді. 1) Кіші мақтан 2) Үлкен мақтан. Кіші мақтанда А.Құнанбаев өз мақтаны, үй мақтаны, түз мақтаны бар дейді. Осының ішіндегі зияны жоқ тек өзіне өз мақтаны болады. Міне, «мен» деген аталған сапада қолданылмай, интеллектілі бағамда пайдаланылса алдында айтып өткен жер, су, оттан рухани нәрді жанына дауа етеді. Сал, серілер - қазақ халқының басқа ұлттарда кездесе бермейтін ерекше тұлғалары. Олай дейтініміз Ж.Аймауытов іліміндегі соқыр сезімдердің бірде-бір құрамы кездеспейтін аталған өнер адамдарының халыққа, қоғамға, кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгісі, рухани мұрасы айырықша. Себебі соқыр сезімдер -заттық құндылықтарды меншіктеушілік, көреалмаушылық, өзімшілдік, менмендік, таңсыққойшылық және т.б. секілді мінез-құлықтың нышандары. Ал бұл іс-әрекетке қайшы келетін ізгілікті мінез сапалық көрсеткіштерді саңылау сезім топтамасымен алады. Оған саңылау сезім ғарышпен байланысқа түсетін қалыпты дамытады дей отырып Ж.Аймауытов төмендегі жіктемені ұсынған:
- талаптылық, ынталылық, зейінділік.
Күндегі өмірден мысал алып қарасақ, қандай нәрсеге адамның құлшынып, ынталы болатындығы белгілі. Ынтаны тарататын нәрсе өз басымызға не пайдасы, не зияны тиетін нәрсе болады, әйтпесе, ондай нәрсемен қатынасы бар нәрсе болады. Сондықтан, қызығы жоқ нәрсе, біздің тағдырымызбен байлана бастаса-ақ, қызықты көріне бастайды. Балаға әсем безендірілген кітап, қарындаш, не ұялы телефонды ұстай тұруға беріп байқаңыз; алысымен-ақ, бала ол нәрсеге екінші көзбен қарайды; енді ол нәрсе туралы өзгеше қам жейді.
Қорыта келгенде, сал-серілік өнерінің педагогикалық сипаты алдымен олардың өзіндік тұлғалық болмысындағы басқаларға ұқсамайтын өнерлерінің қоршаған ортаға пайда әкелуі болып табылады. Бүгінгі ғылыми пайыммен бағалап қарасақ, алдымен сал-серілер – ауыл, ел-жұртқа ақпарат, мәлімет тоғынын жеткізуші өкілдер. Ақпарат, мәлімет белгілі бір адамдардың саяси-әлеуметтік жағдайларына қарай бақылаудан өтіп, оған «жақсы» не «жаман» деген баға беріледі. Көбінесе, сал-серілік өнеріне ел-жұрт ризашылықпен қараған. Сөйтіп, бүгінгі күні де өзекті болып отырған сал-серілер мен ел-жұрт арасындағы өзара байланыс орнығып, өзіндік бағалау межелері қалыптасады.
Сал-серілік өнеріндегі педагогикалық пайымды, тұжырымды оқу дегеніміз – олардың өлең өрнегіндегі ауылға, ел-жұртқа деген көзқарастары, іс-әрекеттері. Сал-серілік өнердегі әрбір өнер иесінің жетістігі алдымен оның өзіндік берген іштей бағасымен өлшенеді. Ол баға кейде өлең өрнегінің ішінде байқалып тұрса, кейбір мәтіндерде ол белгісіз болады. Бірақ ішкі баға өнер иесінің көкейінде тұрады. Мұнымен бірге әрбір тұлғаның мәдени өресінің әлеуметтік маңызы байқалып, неғұрлым көргені көп болса, түйгені терең болса, соғұрлым нысаны қарымды орында тұрмақ.
Сал-серілік өнердің педагогикалық пайымындағы ең құнды тұсы – қоршаған ортадағы үдерістер мен құбылыстарға өлеңмен берген адами тәжірибесі.
Оқыту нысанының бір құрамы оқу десек, оқу іс-әрекетінің негізгі мақсаты – оқудағы танымдық қызмет. Нәтижесінде сал-серілік өнердің педагогикалық пайымын танымдық сипатта жіктеуге мүмкіндік туады.
«Оқыту» үрдісінде сал-серілер өздерінің еңбектерін арнаулы біліктілік, дүниетанымдық тәсілдердің аясында шығарады. Сал-серілер өздерінің шығармашылығымен педагогтың рөлін атқарып келген. Тыңдармандар мен сал-серілер арасындағы өзара түсіністік оқушы мен ұстаз арасындағы байланыс секілді жүзеге асады. Бұндай түйін жасауға бірталай ғалымдардың іс-әрекеттік жүйенің иесі болатын «оқыту» туралы ой-пікірлерін ескеріп өткен орынды.
Обучение – упорядоченное взаимодействие педагога с учащимися, направленное на достижение поставленной цели.
Обучение – это общение, в процессе которого происходит управляемое познание, усвоения общественно-исторического опыта, воспроизведение, овладении той или другой конкретной деятельностью, лежащей в основе формирование личности.
Біздің тоқталып отырған «оқыту» ұғымы тарихи кеңістікке қатысты сал-серілік өнердегі педагогикаға байланысты талданылды. Бірақ, жалаң өткен өмірдегі оқыту үрдісіне тоқталу жұмысымыздың бүгінгіге қажеттілігін қанағаттандырмас еді. Сондықтан, сал-серілік өнердің педагогикалық пайымына қатысты қолданылған «оқыту» іс-әрекеті бүгінгі «оқыту» ұғымымен сабақтастықта келіп отырғанына жоғарыдағы дәйектемелер көз жеткізеді.
Қорыта келгенде, сал-серілік өнердегі педагогикалық пайымды оқыту - жұртшылық пен сал-серілердің өзара қарым-қатынасының тәртібі, олардың ішкі әлеуетті интеллекциясының танымын басқарудың, тарихи-қоғамдық тәжірибенің ең құндысын меңгерудің, нақтылы әрекетті іске асырудың тұлғалық дәрежеге ынталанудың жолы.
Сал-серілік өнердегі педагогикалық пайымды оқыту болашақта ұлттық келбетті сақтау және оның уақыт пен кеңістікке үндес дамып отыру үдерісін тарихи сананың негізінде іске асыру деп түсінеміз. Тамыры жоқ болашақ ұлттық сипатты жойып, дүбәралық күйге ұшыратады дегенді Н.Ә.Назарбаевтың философиялық түйінінен байқаймыз.
«Білім беру» ұғымы «оқыту» ұғымымен синоним. «Білім беру» ұғымы сыныптан тыс уақыт аралығында арнаулы курс өткізу арқылы іске асады. Бұл жалпы мемлекеттік стандарт талаптарын толық жүзеге асыру тұрғысында нәтижелі болмақ. Олай болса, «оқыту» ол әр ұстаздың өзіндік деңгейіне бағынышты болса, «білім беру» белгілі стандарт ауқымына ұстаздың іс-әрекетін, қызметін бағындыру болып табылады.
Жоғарыдағыларды ескере отырып, бұл үлгіні құрудың құрамдық бөліктері төмендегі түзілімнен тұрады:
1. Сал-серілік өнердің білімилік – тәрбиелілік мүмкіндігін оқушылардың меңгеруіне бейімдеп беруі, тарихи сабақтастық қағиданы жүзеге асыру;
2. Сал-серілік өнердің бүгінгі қоғамға ауысуы, бірақ сапалық өзгерістерге ұшырап отыруы;
3. Сал-серілік өнердің адам тану және дүниетану іліміне жетектеуі;
4. Сал-серілік өнердің ғарыштан рухани қуат алуының өршілдік қасиетті орнықтыруға ықпалы;
5. Сал-серілік өнердің бір нәрсеге байланысып, оған табынудан сақтандыруы;
6. Сал-серілік өнердің эстетикалық талғампаздық пен ізгілікке бағдарлайтын қуатының болуы.
Біріншіден, сал-серілік дәстүр арқылы білім беруді іске асыру мақсатынан туындаған бұл 6 құрам – ежелгі дәуірден сұрыпталып келіп бүгінгімен сабақтасқан дәстүрлер, салт-ғұрыптар, әдет пен әдептердің сақталуына қозғаушы күш, рухани нәр.
Екіншіден, халық санасында сақталған озықтық дәстүрлердің, салт-ғұрыптардың қайта жаңғыруына бұл 6 құрам басымдық береді.
Үшіншіден, сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие беруді іске асыру әрбір оқушының рухын көтерер қуат көздерін арттырады. Өмірсүйгіштік қабілетті дамытады.
Сал-серілік өнер халықтың өмірге деген бұрынғы қалыптасып қалған көзқарасын өзгертуге, өзінің мүмкіндігіне бір сәт болсын жоғары серпінмен қарауына түрткі жасап келген. Өнер кеңістігін тудырған сал-серілердің елге, ауылға келуі айрықша қуаныш әкеліп отырған. Ауыл адамдары олар келеді дегеннен бастап, етек-жеңін жинап, ықшамдалып, сәнді көрінуге ынталанған.
Нәтижесінде «сал-серілік дәстүр мектебі» деген ұғым әр оқушының ұлттық сипатын айқындап, басқа ұлттармен, ұлыстармен араласып, қарым – қатынасқа түскенде олардың да өзіндік ерекшелігін ескеруге, оларға құрметпен қарауға, әрбір дәстүрі мен салтына, ғұрпына, жол-жаралғысына ізгілікті тұрғыда құрметпен қарауға төселеді. Бұл орайда «өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген халық даналығы ойымызды түйіндеп беруге көмегін тигізеді. (Қараңыз: сурет - 2)
Сурет 2 - сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің үлгісінің негізгі мақсаты - стандарт шегіндегі мектепте өтілетін материалдарға қосымша, терең мәлімет меңгерту. Алдымен, 1.1, 1.2 бөлімдердегі зерделенген сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің ғылыми негізі барлық іс-шараға тіректік рөл атқарады. Ғылыми негіздерден оқушы бойында сал-серілік 7 көрсеткішпен ішкі пайымдары қаланады. Осы ішкі белсенді пайымдардан сал-серілік дәстүрге жету сатылары жіктеліп, оның тек 18-19 ғасырда айқындалу процестерін аңғаруға мән беріледі. Нәтижесінде Біржан сал, Ақан сері және т.б. өнер иелерінің шығармаларын үш түрлі жіктеуге мүмкіндік туады. Табиғат, болмыс туралы өлеңдері онтологияға, қоғам және жеке адамдарға деген танымдарын байқауға қатысты өлеңдерін гносеологияға, сол кездегі рухани құндылықтар жайлы өлеңдерін аксиологияға жатқызуға бағдар жасалады.
Қорыта келгенде бұл үлгі сал-серілік дәстүрдің қоғамдағы алатын орнын айқындауға жол ашады.
Бұл үлгіге жат іс-әрекетті де атап өткен орынды. Өнері жоқ адам, немесе өнерге түсінбейтін адам қураған ағашпен тең. Ондай адамдар діндегі құдіретті бөліп қарап (христиан, мұсылман, лама және т.б.), экстремистік, террорлық жолға тез түседі. Жауыздыққа бой ұрады. Бойына кеселді (Абай Құнанбаев тілімен) мінездерден қор жиып, өзінен асқан адамға көре алмаушылық, зұлымдық көрсетеді. Әр нәрсеге күншілдікпен қарау, өштестік пен кекшілдік көрсету, өзімшілдік таныту, орынсыз тәкаппарлық жасау, өзі «егін екпеген жерден өнім алу» секілді көлеңкелі іс-әрекетке әуес болады. Бұндай оқыр сезімдер сал-серілікке ашық көрсетілгені алдыңғы тарауларда айтылып өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |