Сабақтың мақсаты: Оттектің физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу, оксидтер туралы түсінік беру



Дата06.04.2017
өлшемі84,05 Kb.
#13481
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Оттектің қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Оттектің физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу, оксидтер туралы түсінік беру.



Күтілетін нәтиже: Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу, оксидтерді атай білу, еептер шығара білу, жану реакцияларының теңдеулерін құрастыра білу

Сабақтың әдісі: өз беттерінші жұмыс, сұрақ жауап, есеп шығару

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, есептер мен жаттығулар жинағы, жұмыс дәптері, үлестірмелер, жіп, бейнекөрініс қалпақтар, стикерлер, маркер


Сабақ кезеңдері


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу (үш тілде амандасу), топқа бөлу, үй тапсырмасын сұрау; есептерді тексеру.

Бағалау парағын тарату.

Кәрі арабтың өлер шағы келеді. Оның бар байлығы 17 ақ түйе еді. Ол өзінің ұлдарын жинап алып, оларға өзінің соңғы тілегін айтады: “Менің үлкен ұлым, отбасының тірегі, мен өлген соң түйелердің жартысын алады. Ортаншы ұлыма түйелердің үштен бірін қалдырамын. Менің сүйікті кіші ұлым да өз үлесін – табынның тоғыздан бірін алуы керек”. Осыны айтып араб өледі. Әкелерін жерлеген соң ағайындылар түйелерді бөліске салмақ болады. Бірақ әкелерінің өсиетін олар орындай алмады: 17 түйені екіге де, үш бөлікке де, тоғыз бөлікке де бөлу мүмкін емес еді. Осы кезде бір ғалым жолығады. Түйелерді калай боледі?

Барлық ғалымдар сияқты, ол жүні түскен, кітаптар артылған қара түйені жетелеп келеді. Ағайындылар одан көмек сұрайды. Ғалым тұрып: “Әкелерінің өсиетін орындау оңай. Мен өз түйемді сендерге сыйлаймын, сендер мұраларыңды бөліңдер”дейді. Түйе 18 болды. Үлкен ұлы 9 түйе, ортаншы – үштен бірі – 6, ал кіші ұлы өз үлесі – 2 түйе алады. Алайда 9, 6, 2 қосылып 17 болады да бөлістен кейін бір түйе, ғалымның түйесі артық қалады. Ол тұрып: “Менің түйемді өзіме қайтарыңдар, менің сендерге берген көмегім үшін, өйткені мен кітаптарымды өзім арқалауыма тура келеді” депті. Қандай үрдіс туралы айтылып тұр?

Жауабы: “Міне осы қара түйе – өршіткі сияқты. Ол онсыз жүрмейтін процесті жүргізіп, өзі өзгеріссіз қалды”. Сонымен өршіткінің анықтамасын тағы да қайталаймыз. Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын заттар өршіткі деп аталады.


Металдар мен бейметалдар бойынша топқа бөліну.Үйден дайындап келген тест жұмыстарымен алмасу, тексеру

Берілген ертегінің жауабын табу



Жаңа тақырыпты ашу 2 минут

Мюнстернберг әдісі бойынша тақырыпты ашу. (Бірнеше сөздер жазып қою) Сабақ мақсатын сұрау, күтілетін нәтижені айқындау.


Оқушылар көп сөздердің ішінен бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазып, жаңа тақырыпты ашу. Тақырыпты ағылшынша айту

Сабақ мақсатын айту.



Жаңа сабақты меңгеру


Ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде. Менделеев деген үлкен қалада Оттек деген бір тентек бала болыпты.Ол көп қабатты үйдің 2-қатарында тұрады екен.Ол басқа көршілерімен жақындасса, жана бастайды. Ол бір күні ерігіп отырып “мен күштімін бе,әлде әлсізбін бе” деп өзін сынамақ болып, төменгі қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпақшы болады.Ол бірінші қабаттағы үйдің есігін қағып үйге енеді. Үйдегі элементпен қосылып айдын көлге айналады.

Оттек суға малынып жүріп қатты тоңады. Жылыну үшін екінші қабаттағы №6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жылынып,жанып, жарық бөледі

№1Бейнекөрініс көрсету

Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады.Осы пәтерге енген бойда найзағай ойнап, шатыр-күтір аспан айналып жерге түскендей болады.


Қатты шатырлаған дауыстан шошып,ол үшінші қатарға қашады. Алдында №15 пәтердің есігі ашық тұр екен,оттек осында енеді.Бөлме іші көз қаратпайтын жарық болып, ашық жалынмен жана бастайды,бөлме қабырғалары ақ түтінге толады.

№2 Бейнекөрініс көрсету

Осы кезде№14 пәтердің иесі үйінен шығып келе жатады. Оттек осы үйдің иесімен амандаспақ болып, жақын келеді. Екеуі қосылып құмға айналады:
Оттек өзінің қасиетіне мақтанып, одан сайын маңғаздана бастайды. Аяғын басса,алдындағылар жанып, онымен қосылыс түзіп,суға, топыраққа айналады. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттарда оттекте жанады. Мысалы бойында мықтылық,беріктік қаситі бар металл-темір. Ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, темір қағын түзеді. 4Ғе + 3О2 →2 Ғе2 О3

Оттек бірнеше пәтер иелерімен қосылып, қосылыстар түзеді. Ол өзінің”оксидтер”деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанып,өзін “күштімін, белсендімін”деп шешеді. Алайда ол №2 №10 №18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмағанына қатты өкінді. Галогендермен,криптон,ксенон алтынмен, платинамен жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары болатынына риза болды.

Оксидтер дегеніміз не? Оксидтерді атау, формулаларын жазу

Оттек тек жай заттармен емес, күрделі заттар менде әрекеттесеалады. СН4+2О2 →СО2 +2Н 2О Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді

Оқушыларға оттегінің қасиетіне байланысты қосымша мәлімет тарату ІІ топқа. Сол мәлімет бойынша сұрақ қой

№3 Бейнекөрініс магнийдің жануы



Реакция теңдеуін жазу.

2Н2 +О2 →2Н2 О

С +О2 →СО2

N2 +О2 →2NО

4Р +5О2 →2Р2 О5

Si +О2 → SiО2
Реакция теңдеулерін ағылшынша оқу

Берілген сұраққа жауап беру



Есептей білгеннін есесі түгел (Есеп шығару)

№10 жаттығу орындау Жұмыс дәптері

Берілген жаттығуды орындау

Өрмекші әдісі

Ойын шартын түсіндіру

Оқушылар шеңберге тұрып жіпті бір біріне лақтыру арқылы сұрақ қойып (оксидтер формулаларын айту арқылы) жауап беру. Тор көздер құрастыру.

Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу

жүргізу


№1 Массасы 6 г магний жанғанда қанша магний оксиді түзіледі ?

№2 Массасы 8 г кальций оттекпен әрекеттескенде қанша грамм кальций түзіледі?

№3 Массасы 260 г ацетилен С2 Н2 толық жанғанда түзілетін көміртек оксидінің массасын және зат мөлшерін есептеңіздер.

№4 Массасы 24,5 г КСІО3 айырылғанда түзілген оттегінің массасы мен зат мөлшерін табыңдар



Үлестірме бойынша орындау

Аукцион өткізу

Кремний диоксиді құрамындағы оттегінің массалық үлесін кім бірінші және дұрыс есептеген оқушыға табыстау (сурет)

Кремний диоксиді құрамындағы оттегінің массалық үлесін есептеу

Тақырыптық теннис

Тақырыптық теннис ойнату

Екі оқушы бір біріне өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды, жауап бере алмаған оқушы жеңіледі

Постермен жұмыс

Металдар тобы бейметалдардың оттегімен әрекеттесу реакция теңдеуін жазуды,

Бейметалдар тобы металдардың оттегімен әрекеттесу реакция теңдеуін жазуды сұрайды




Оқушылар екі топ бір біріне оттегінің химиялық қасиеттері бойынша реакция теңдеуін постер бойынша қорғау

Рефлексия

Алты қалпақ

Әрбір оқушы таңдалған қалпақтарына сәйкес жауап берді

Қорытынды


1.Жаңа тақырып бойынша есіңде қалған 3 маңызды ұғым:

1.


2.

3.

2.Сабақ барысында сен үшін қызық болған екі жағдай:



1.

2.

3. Мұғалімге бір ұсыныс немесе сұрақ.



1.

жазуларын сұрады



Стикерге жазу

Үйге тапсырма

§ 33 оқу, С деңгейі №1 оқулық, №2-21 есептер мен жаттығулар жинағы




Бағалау

8-сынып Аты-жөні: ______________

Тақырыбы: Оттектің қасиеттері

Бағалау критерийі

«Өте жақсы білемін» - 3 ұпай

«Жақсы білемін» - 2 ұпай

«Қосымша түсіндіруді қажет етемін» - 1 ұпай






Нені білемін?


Ұпайы

1

Үй тапсырмасын білемін




2

Физикалық қасиетін білемін




3

Жай заттармен әрекеттесуін білемін




4

Оксидтерді және оларды атай білемін




5

Күрделі заттармен әрекеттесу реакция теңдеуін жаза білемін




6

Сұрақтарға жауап бердім




7

Тапсырманы орындай аламын А- 1 ұпай, Б- 2 ұпай, С-3 ұпай




8

Рефлексия, қорытындылау







Қорытынды ұпай 21-24 ұпай «5», 15-20 ұпай «4», 14-8 ұпай «3»







Оқушы бағасы






Бағалау парақтары бойынша бағалау. Бағалау парақтарын тапсыру.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет