Ермұратова Інжу Марат Әмина



Дата08.02.2022
өлшемі3,69 Mb.
#120313
Байланысты:
білгірлер
бжб тжб кестесі, бжб тжб кестесі, білгірлер, білгірлер, бжб тжб кестесі


«Кішкентай білгірлер»сайысы
Топтың аты: «Болашақ»
Жетекшісі: Базарбаева В.Қ


Топтың аты: « Болашақ»
Ұраны:
Болашақ тобы алға, Биіктерге самға. Достығымыз барда, Жүреміз тек алда.

Ермұратова Інжу

Марат Әмина

Қуанышбеков Есбол

Нұрадинов Отынбек

Математика

  • 1. Дүкендегі жүзімдер 2 кг - нан 40 пакет қалтаға салынған. 15 пакет қалта сатылған болса, дүкенде неше кг және неше пакет жүзім қалған? 2. 6 тәрелкеге бауырсақтар салынды. Біріншісіне 1 бауырсақ, екіншісіне 2 бауырсақ, солай әрбір келесіге бір - бірден артық салынды. Бауырсақтарды тәрелкелерден алмай үш жаққа бірдей етіп қалай бөлуге болады? 3. Егер әр қайыққа 3 адамнан алса, жағада 6 адам қалады. Ал егер 4 адамнан алса, жағада 3 адам қалады. Сонда қайық нешеу, адам саны нешеу? 4. 95 шелек сыятын суқоймаға 2 құбырмен су құйылады. Бір құбырдан минутына 12 шелек, ал екіншісінен минутына 7 шелек су ағады. Егер екі құбырды да қосып қойса, суқойма неше минутта толар еді? 5. Саудагер 7600 теңгеге 38 метр мата сатып алды. Тез арада ол алған матасының екіден бір бөлігін 5700 теңгеге сатты. Саудагер 1 метр матадан қанша пайда түсірді? 6. Баспадан кітап басылып шықты. Әрбір бетте 32 жол болса, 90 беттік кітаптың неше жолы бар? 7. Бала кітап оқып отыр. Дүйсенбі күні 15 бет оқыған бала сейсенбі күні екі есе көп оқыды. Осыдан соң кітаптың әлі оқылмаған төрттен бір бөлігі қалды. Бұл кітапта неше бет бар екенін тап. 8. Әжесі қалтаға салуға маржандар сатып алды. 6 маржанның 7 тасы бар, 4 маржанның 12 тасы бар, 1 маржанның 10 тасы бар. Бірде бір маржанды үзбей осыларды тең етіп екіге қалай бөлуге болады. 9. Мектептегі викторина кешінде оқушыларға 30 сұрақ берілді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 7 ұпайдан берілді. 77 ұпай жинаған оқушы неше сұраққа жауап берді, нешеуіне жауап бере алмады?
  • 10. Саудагер жәрмеңкеде сиырдың бағасы иттен төрт есе қымбат, жылқыдан төрт есе арзан тұратынын білді. Ол жәрмеңкеге 200 000 теңге алып барды. Осы ақшаның бәріне 1 ит, 2 сиыр және 1 ат сатып алды. Қайсысы қанша тұрады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет