Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Бүгінгі дөңгелек үстелді халыққа пайдасы тисін деп өткізіп отырмыз. Өзім осылай ойлаймын.
Махаббат Еспенова, модератор: Міне, сондықтан, баршаңызды өз кеңестеріңізді айтуға шақырамын, қарапайым халық не істеу керек?
Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Өздерінің тікелей міндеттерін біздің дәрігерлер өте жақсы біледі, олардың жүктемесі сондай. Алайда біздің емделушілер тегін медициналық қызмет алып құтырған. Өздерінің денсаулықтарын күтпейді.
Махаббат Еспенова, модератор: Бір жағынан, шектен шыққан, келісемін. Мұның да алдын алу керек.
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Ал оған қоса емделушілердің дәрігерлерге дөрекілік танытуы тағы бар.
Махаббат Еспенова, модератор: Ал менің қолымда қазір «Астаналық дәрігерлердің дөрекілігі мен ұятсыздығы» деген мақала бар. Келгендердің 70-80%-ы шағымданып отыр.
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Біздің дәрігерлерімізге түсіп отырған психикалық салмақтың қаншалықты ауыр екенін сіздер елестете алмайсыздар. Бұл да қызмет көрсетуге ықпал ететін құрамдас бөлік. Дәрігер де адам. Ойлап көріңіздерші, бір күнде оның алдына 20-25 емделуші келеді, әрқайсысының өз қыңқылы бар, әрқайсысымен сөйлесу керек, тағы сол сияқты. Ал мына жақтан: «Неге болмайсыздар, жарты сағат болды кезекте тұрғаныма»,-деп, есікті теуіп әкетіп барады. Түсінесіздер ме?
Махаббат Еспенова, модератор: Мен түсінемін. Ал бірақ, бір жағынан, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеп келген кезімнен есімде қалғаны, сен бөлімшеге кірдің, қалпағыңды, бетпердеңді кидің, болды, сахнадағы сияқты, сенің қиындықтарың ешкімді қызықтырмайды деп үйреткен болатын. Емделушінікі үнемі дұрыс деген қағиданы барынша ұстануға тиіссің. Бір жағынан, біздің халық өте дөрекі сөйлеседі деп кінәлаймыз. Мен тағы да сізге қояр сауалым – халық сонда не істеу керек? Осыны жан-жақты ашып алайық. Себебі бір жағынан емделушілерге жасалған шағымдар, ал мына жерде медицина қызметкерлерінің дөрекілігіне шағымданған мақала алдымда жатыр. Сонда шындық қайсы?
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Менің ойымша, не қажет екенін сіздер білесіздер. Ал бұл әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген күннен бастап мүмкін болмақ. Мемлекет пен халық арасында медициналық қызмет көрсету тәртібі мен көлемі туралы көпшілікке жарияланған келісім шарт қажет.
Махаббат Еспенова, модератор: Ал ол шартқа қалай отыру керек?
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Оған қол қоюдың қажеті жоқ. Бұл көпшілікке жариялау арқылы қабылданған келісім шарт. Ол сондығымен жария шарт болып отыр, оған жеке-жеке ешкім қол қоймайды. Ол қабылданады да, оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Ол жерде медициналық қызмет көрсету емес, медициналық көмек деген не екені айқын жазылған. Мемлекет қандай көлемде осы көмекті көрсетуге кепілдік беріп отыр, нені өз қалталарыңыздан төлеу қажет екені, сондай-ақ емделушінің құқықтары мен міндеттері толық жазылған.
Махаббат Еспенова, модератор: Мен сізбен келісемін, бірақ бір тұсымен ғана келіспеймін. Медициналық көмек – дәрігер ретінде мен келісемін, бірақ экономика жағынан, дұрыс есептеу үшін ол қандай-да бір қызмет көрсетулерге ыдыратылуы тиіс деп ойлаймын.
Айбол Қозыбағаров, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Қазір дәрігерлерге көп барады. Егер алдын алу қосылса, одан сайын адамдар көп болады. Кезек мәселесін қалай шешуге болады? Алдын алуды қосқанда дәрігерлердің жүктемесі бұрынғыдан да көбейеді. Жоғарыдағыдай мақалалар, жағымсыз сәттер одан сайын көп болады.
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Біз осы жерде дәрігерлердің жүктемесі туралы өте көп айттық. Біздегі денсаулық сақтау жүйесі, қазіргі таңда, дәрігерлердің жұмысын азайтуды көздеп отыр. Қазір неге бір дәрігерге үш орта медицина қызметкері берілген? Дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін. Бір орта медқызметкер қабылдауда отырады, енді біреуі патронажда, яғни алдын алу жұмыстарын жүргізеді, ал үшіншісі аталмыш скринингтер бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізеді. Біз ескі жүйе бойынша, мені тек дәрігер ғана қарасын дегенге үйреніп қалғанбыз. Өз шағымдарында, арыздарында: «бұл сұрақтар бойынша мен неге орта медицицна қызметкеріне баруым керек? Олар ештеңе білмейді, мені дәрігер қабылдауы керек. Мен ана дәрігерге барамын, маған ең жақсы дәрігер қажет» деп жазады.
Махаббат Еспенова, модератор: Қазір дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, кейбір міндеттерін орта медқызметкерлер орындайды. Тегін кепілді көмек көлемі сияқты кесте жасап, іліп қоюға бола ма? Сонда, менің жай ғана дене қызуым болып, мен емханаға келгенде, оған қарап, дәрігерді күтпей, медбикеге жолыға беремін. Мен 4 емханаға қараймын, бірақ ондайды ол жерден әлі көрген жоқпын.
Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Мен біздің ұйым туралы айтқым келеді. Біздегі қағида бойынша, отбасылық дәрігерлер бөлек отырады, дәрігерге дейінгі кабинеттер бөлек. Шынымен дәрігерлердің жұмысы жеңілдейді. Көптеген міндеттер медбикелерге жүктеліп отыр. Олар дәрігерге жібермей, өз дейгейлерінде қызмет көрсете алады. Бірақ бізде олардың құқығы бар екенін растайтын Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құжаты жоқ. Мысалы, медбикелер дайындықтан өткен, емделушіге сауықты деген анықтаманы дәрігерсіз-ақ олар бере алар еді. Бірақ олар өз бетімен оны жасай алмайды.
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Жетінші бұйрыққа қосымша бар. Функционалдық міндеттер бар. Құқықтық-нормативтік база бар. Дәрігерлік амбулатория деңгейінде, отбасылық денсаулық орталығында, емханада және басқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында медбике немен айналысуы тиіс екені жазылған стандарттар бар. Бірақ осының бәрін басшымен бірлесе іске асыру керек.
Махаббат Еспенова, модератор: Егер бар мақсат дәрігерлердің жұмысын жеңілдету болса, онда менің мынадай сұрағым бар. Осы отырысқа дайындық барысында денсаулық сақтау жүйесінің өкілдерімен, яғни экономисттермен, бағдарламашылармен, орта медқызметкерлермен, дәрігерлермен, меңгерушілермен сөйлескенмін. Барлығы бізде БҰДСЖ (Ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі), электронды жүйе, тұрғындарды тіркеу тізімдемесі бар және оның бәріне уақыт кетеді дегенді айтты. Тағы да қант диабеті, туберкулез бойынша бөлек тізімдеме бар деді. Осының бәрін толтырып отыру керек. Егер жұмысты азайту көзделіп отырса, неге онда осы аталған жүйелерді толтыруды қоса беріп керісінше, жұмысты көбейтіп отыр. Осылардың бәрін топтастырып, шетелдегі сияқты, бір біртұтас жүйеге біріктіруге болмай ма?
Айдар Абеуов, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Ақпараттық жүйелер қатар қолданылып келеді, ал 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы шеңберінде осы денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін біріктіру жоспарда бар. Біртұтас ортақ база жинақталған денсаулық төлқұжатының электронды жүйесі.
Махаббат Еспенова, модератор: Ол қашан болады? Қарапайым тұрғындар емханаға келгенде қызметкерлер компьютерге емес, оған қашан қарап тұрады?
Айдар Абеуов, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Дәл қазір нақты айта алмаймын. Шамамен 2018 жылға дейін тиісті платформа болатын шығар. Басында жайылмалы болады, ал әрі қарай жағдайға байланысты жетілдіріле береді. Даму тұжырымдамасы министрліктің сайтында жарияланған, сол жерден оқып, таныса аласыздар.
Махаббат Еспенова, модератор: Кез келген адам көріп, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын, осылай жасамақшы екенін, осылай шағымдана алады екенмін дегенді түсіну үшін қандай-да бір инфокескіндеме орналастырып қоюға болмай ма?
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Осы жұмыс аясында біздің департамент апта сайын алдын алу шараларын жүргізеді, нақтырақ айтсақ, «Астана» радиосында тікелей эфирде «От и до» бағдарламасын өткіземіз. Азаматтарға мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда не істеу керектігін түсіндіреміз. Яғни біз апта сайын әртүрлі мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша осындай шаралар өткіземіз. Өткен аптада денсаулық сақтау саласы бойынша талқыладық. Сұрақтар өте көп болды, олардың басым бөлігі өте қарапайым сұрақтар болды, ал өте маңыздысы – емханаға тіркелу мәселесі болды. Радиода өтетін бұл кездесуге мен де дайындалып барғанмын, алдын ала емханалармен сөйлескенмін. Қазір «Ашық емхана» акциясы жүріп жатыр екен, арнайы бекітілген бұйрық та бар екен. Әрбір азамат өзі қалаған кез келген емханаға барып, сол жерге тіркеліп, әрі қарай сонда емделе алады. Бірақ бір түйткілді тұсы бар, егер адам сол ауданда тұрмаса, ол дәрігерді үйіне шақыра алмайды. Бірақ, менің білуімше, емханаларда арнайы фильтрлер бар емес пе? Бұл осындай кабинет. Егер адам емханаға өте мүшкіл халде жетсе, оны қайтарып жібермейді. Оны сол жерде қабылдап, қарап, алғашқы көмек көрсетеді, сосын әрі қарай не істеу керек, ауруханаға жатқызу керек пе әлде нақты бір емханаға жіберу керек пе дегенді шешеді. Сондықтан біз әртүрлі алаңдарда азаматтарға өз құқықтарын түсіндіріп отыруымыз керек және оны саналы түрде пайдалану қажет екенін айтып отыруға тиіспіз деп есептеймін. Міне, бұл алдын алу болады. Біз радио, теледидар, осындай кездесулерде ғаламтор арқылы адамдарға түсіндіруіміз қажет. Әрине, ешкім ауырғысы келмейді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бар. Мұның бәрі өлшеп-пішілгенін түсінеміз, бірақ ол туралы аз айтамыз. Ол туралы білетіндер аз. Мемлекеттік қызмет көрсету деген не, ол қалай ұсынылатыны туралы бейнеролик бүгіннен бастап барлық автобустарда, қоғамдық ұйымдарда, сауда орталықтарында көрсетілмек. Мульттоптама негізіндегі қарапайым ролик. Кедергілерге тап болған кезде не істеу керектігін адамдарға дәстүрден тыс әдіспен жеткізуді жөн көрдік. Әртүрлі салалар бойынша осы сипаттағы тәсілдермен түсіндіруді жалғастырсақ, адамдар көп жайттардан хабардар болады. Адамдар қалай әрекет ету керектігін білетін болады. Емханадан шыға салып, шағымдану керек деген ойға келіп, үкіметке, «Нұр Отанға», т.б. жаза бастайды. Міне, осы тұстарын түсіндіріп, қиындық туғанда қайда барған дұрыс болатынын жеткізуіміз керек.
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Біз сізбен толықтай келісеміз, сіз оны білесіз. Сіз өте жақсы айттыңыз. Мен де кейде емханаға дәрігерге қаралуға немесе қабылдауға емес, жай көру үшін барамын. Тіпті, медицина мекемелерінің басшыларына да ескертпеймін. Қазір кезекке электронды тұрады. Емделушілердің барлығы отыр. Бұйрық бойынша кодекс, кепілді көлем аясында қамтамасыз етілетін дәрілер тізімі, яғни танысуға болатын бар ақпарат бірінші қабатта ілулі тұр. Бірде-бір емделуші орнынан тұрып, қарамайды, мүмкін арасында жастау біреуі тұрып, қарар, ал қалғандары дәрігерге кіру үшін кезегін күтіп отыра береді. Олардың құқықтары мен міндеттері ілініп қойылған. Барлығы бар, тек орныңнан тұрып, оқып, әрі қарай жүре бер. Біздің тұрғындар мүлде бейқам.
Махаббат Еспенова, модератор: Құрығанда дайын тұрған ақпаратпен танысып, белсенділігін арттыру үшін тұрғындармен қандай жұмыс жүргізу керек?
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Жаңа айтқандар көңіліме қонды. Бұл – БАҚ, теледидар, әртүрлі шаралар, кітапшалар мен буклеттер.
Махаббат Еспенова, модератор: Бір нәрсе айтайын, иә, бәрі бар, бірақ өте ұсақ жазумен жазылған, көзі нашар көретіндердің оқи алуы екіталай. Барлығы ішті пыстырады, тіпті татымы да жоқ. Шетелге шыққанда көресің, медицина мекемесіне барсаң, ондағының бәрі қызылды-жасылды көркем, төрт-бес нүктелермен барлығын түсіндірген инфокескіндемелер. Менің келесі сұрағым – біздегі алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қатысты медициналық қызметтер сапасын бағалау көрсеткіштерін бір жерден таба аламыз ба? Мен, қарапайым тұрғын ретінде көргім келеді, себебі сен келесің, ал бірақ сен айқайламайынша, табандылық танытпайынша, біреуге айтпайынша саған қызмет көрсетпейді, квота бермейді. Олардың жұмысын бағалау үшін, бір кабинетте қанша отыруға тиіс, ол жерде менен басқа кім болу керек екенін білу үшін қарауға болатындай. Өйткені есікке дамыл жоқ, кіреді-шығады, медбике демалыстан жаңа келген екен, ол Балқашта қалай демалғаны туралы айта бастайды. Дәрігер мені стандарттарға сәйкес қабылдады деп айтатындай, оны қайдан таба аламын? Бір жерден табуға бола ма?
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Мысалға. Біздің күшіміз – біліміміз. (бейнеролик көрсетуде). Бұл (есімі). Ол мемлекеттік қызмет көрсетуге оңай қолжеткізіп отыр, себебі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты деген не екенін ол біледі. Ал мынау Ербол. Ол жылжымайтын мүлкін тіркемекші, бірақ үздіксіз қағаз жинау оны шаршатып жіберді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жайлы білмейді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен сапалы қызметке қол жеткіз. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке ие болу үшін қажет барлық ақпарат осы жерде. Барлық мемлекеттік органдар мен ХҚКО стандартқа сай қызмет көрсету тиіс.
Махаббат Еспенова, модератор: Ал енді стандартты инфокескіндемелік нұсқасын бірге дайындайық. Өйткені стандарттар қиын тілмен жазылған, тіпті, мемлекеттік тілде жұмыс істейтін менің өзім, кейде үш рет оқып барып, әрең түсінемін.
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Азаматтар түсініп, қабылдау үшін әдеттен тыс тәсілдерді қолдану керек.
Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Тек қоғамдық ұйымдардың емес, басқа да ұйымдардың қолдауы қажет. Мұндай роликтерді тек БАҚ-да ғана көрсету аздық етеді, қазір көбі теледидар көрмейді.
Махаббат Еспенова, модератор: Оны кезекте тұрған адамдар көретіндей емханаларда, банктерде көрсету керек.
Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Адамдар көп жиналатын ХҚКО-да. Міне осында көбірек қажет.
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Жұмыс бабыма байланысты, шетелде мен көп ауруханаларды көрдім. Ол жерде ешқандай инфокескіндеме жоқ.
Махаббат Еспенова, модератор: Мен көрдім. Израилде. Бірнеше ауруханаларды аралағанбыз.
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Адамдар әртүрлі емес пе. Мен өзім АҚШ-та бір жыл тұрдым. Менде бір әдет пайда болды. Мен өзім таң қаламын. Ол жақта барлық адамдар таңертең ерте тұрып жүгіреді. Басында үйреніп қалғанмын. Ал қазір екі жыл өткен соң жүгіруді қойдым.
Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Бізде велосипедтерді де қойып қойды. Олар сол қойған күйінде тұр. Ешкім мінбейді.
Махаббат Еспенова, модератор: Жоқ, мінеді. Мен отбасыммен алып, тебеміз.
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Ендеше алға ұмтылып, жаңа әдістерді пайдалану қажет, сол кезде адамдардың өздері-ақ бет бұрады.
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Түсінесіз бе, бұл патерналиттік ұстаным сонау Кеңес одағынан келе жатыр. Бұрынғы кеңес адамының капиталистік экономика жағдайында өскен адамнан қандай айырмашылығы бар дейсіз ғой, бұл – ең алдымен, өзіне деген жауапкершілік. Бізде адамдар мемлекет пен партия олардың қамын ойлау керек деп өмір сүреді. Туристтер шетелге шықты, бір келеңсіздік орын алса, оларды мемлекет алып келуі керек. Неге үнемі мемлекет міндетті? Ең алдымен, өзің үшін өзің ғана жауаптысың. Бізде барлығы зардап шегуші, емделушілер де зардап шегуші. Барлық жағдайда мемлекет жаман. Денсаулық сақтау саласын тік тұрғызу үшін мемлекет қаншама қаржы бөлді, айтылып отырған скринингтік бағдарламаларға, тағы басқаларға қаншама жұмсалды. Ал адамдардың оны пайдаланбай отырғаны, ол – біздің адамдардың қиындығы.
Махаббат Еспенова, модератор: Онда мен қоссам бола ма? Халық өз денсаулығы, жалпы өз іс-әрекеттері үшін өзі жауапты болу керек дегенмен келісемін. Ал бірақ, бір жағынан, медицина қызметкерлерін зардап шегуші етіп көрсетуді қысқарту керек, өйткені олар: «біздің бұған қандай қатысымыз бар, бұл жүйе, біз оған еш ықпал ете алмаймыз» дейді. Мұндай жағы да бар.
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Мына бір жағдайды түсініп алайық. Алдағы уақытта және өте жақын арада білікті дәрігер мамандардың тапшылығына ұшыраймыз. Мен оны өз тәжірибемнен көріп отырмын.
Махаббат Еспенова, модератор: Ол қазірдің өзінде бар.
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Сіздер түсінесіздер ме, 90-жылдардан бастап жастар медицинаға бармайды, өйткені ақша аз төленеді, жүйкеге кері әсері шексіз.
Махаббат Еспенова, модератор: Иә, олар алатын ақшаға татымайды.
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Олар он екі жыл оқиды екен, содан кейін олар ешкім шағымданбасын деп емделушілердің алдында қол қусырып, құлдық ұратын жағдайға түседі. Сонда қазір нені байқап отырмыз? Қазір бізде зейнеткерлер жұмыс істеп жүр. Олар кеткесін елді кім емдейді? Тағы бір жайт. Педиатрларды алып тастады. Қазір балалар дәрігерін шырақ алып іздесең де таппайсың. Ересек адам өз ауры мен оның белгілерін өзі жобалай алады, ал бала олай істей алмайды. Ал қазір біз осы жағдайға тап болып отырмыз. Кеңестік жүйеде болған ең мықты ерекшеліктердің бірі – балалар мен ересектердің дәрігерін екіге бөлу. Оны араластырудың қанша қажеті бар еді?
Махаббат Еспенова, модератор: Отбасылық медицина бізде жиырма жылдан бері бар. Ұмытпасам, бізде педиатрия факультеті тек Асфендияров университетінде ғана бар. Әлде қазір онда да жоқ па?
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Әрқашан дұрыс түсіну керек, бізде жүйе аздап басқаша. Бізде шындығында кеңестік жүйе. Қазір бізде емхана түрінде бар амбулаторлық-емханалық көмек әлемнің көп елдерінде жоқ. Онда general practitioners, олар осы бөлімге содан кейін ғана жібереді. Ал бізде медициналық көмек көрсету құрылымы аздап басқаша.
Махаббат Еспенова, модератор: Қымбатты, сарапшылар, жаңа ғана маңызы өте жоғары медицина мамандарын даярлау тақырыбын қозғадыңыздар. Бұл жағын не істеуге болады дегенге айтар бір кеңестеріңіз бар ма?
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Дәрігерлер тапшылығын шешу қиын болатын шығар. Қазір шетелге кетіп қалған дәрігерлерімізді қайтару үшін әртүрлі жағдайлар жасалуда.
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Қай жерде тапшылық көріп отырсыздар? Қай мамандар тапшы?
Махаббат Еспенова, модератор: Егер мен дұрыс түсінсем, жоғары кәсіби дәрігерлер тапшылығы жайлы айтылып отыр. Әлде балалар дәрігерінің тапшылығы туралы ма?
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Екеуі де бар. Мен өзім дәрігер емеспін, қаржыгермін. Дәрігерлікті оқу үшін өте ұзақ уақыт кетеді. Ол барлық мамандықтардан ең ұзағы. Қайтарымы мен жұмсаған күш-жігеріңді салыстыруға келмейді. Осы жерде тегін медициналық білім алуға байланысты медициналық қызметтер бағасы құнсызданып кеткен тағы да айтамын. Осы мәселені шешу қажет.
Махаббат Еспенова, модератор: Яғни тағы бір себеп бар, ол – дәрігер көмегінің тегін болуы дейсіз бе?
Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Мұның бәрі медицина бізде үнемі тегін болғанының салдары. Егер қазір адамдар медициналық қызмет үшін ақы төлей бастаса, бұл қызмет бар сән-салтанатымен көрсетілуі тиіс деп неге ойлайтынын түсінбеймін.
Махаббат Еспенова, модератор: Бір сәтке тоқтап, мамандар даярлау деңгейіне қатысты түсінік беруге мүмкіндік берсек қайтеді.
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Біріншіден, екі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырғанымызды ескеретін болсақ, қазіргі таңда, біз кеңестік денсаулық сақтау жүйесінен алыстап кеткенбіз. Қазір біз халықаралық тәжірибелерді негізге алудамыз. Біздегі бар жүйе қалыптасқан, барлығымыз оқығанбыз, біздің дәрігерлер шетелде оқып жатыр, оқытуға көп қаржы бөлінуде. Себебі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жоспарында білімді, сауатты, жоғары білікті дәрігерлер болу үшін кадр мәселесіне баса мән берілген. Учаскелік педиатрлар қазір мүлде аз қалды, өйткені жалпы дәрігерлік желіні дамыту үрдісі пайда болуда.Яғни жалпы тәжірибедегі дәрігер. Отбасылық қағидаға, отбасылық ұстанымға бет бұруда. Шетелдегі сияқты. Бұл дәрігер отбасы жайлы бәрін, туғандардан бастап өлгендерге дейін білуі тиіс. Дәрігер кез келген сәтте келе алады. Ол үйдегі балаларды, ата-аналарын, қарттарды, бәрін таниды. Сондықтан біз қазір осы бағытта жылжудамыз. Айтқым келген екінші дүние, жалпы тәжірибедегі учаскелік дәрігерлердің еңбеақысы жаман емес. Қосымша ынталандыру компоненті деген ұғым бар. Ақша бөлінген, олар қосымша ақы алады, яғни дифференциалды ақы алады. Ынталандыру компонентінен қалған қалған ақша, яғни әрбір мекемеден 5% және оданда жоғары пайыз мамандарды оқытуға жұмсалады. Қазір кез келген дәрігер оқуға бара алады. Қазіргі таңда, барлық дәрігерлер оқып келген. Себебі бұл тармақ мемлекеттік бағдарламада және әрбір жергілікті атқарушы биліктің бағдарламасында бар. Сондай-ақ, әр емхана өзі де, заңды тұлға ретінде, кез келген дәрігерді оқуға жібере алады. Біздегі қалыптасқан кеңестік жүйе бойынша, көзім ауырып, қызарып тұр, ендеше мен окулистке ғана баруым керек, болды. Алайда қазіргі денсаулық сақтау жүйесі бойынша, егер көзің қызарса, ең алдымен, өзіңнің жалпы тәжірибедегі дәрігеріңе баруға тиіссің. Ол сосын саған сенде коньюктивит екенін айтады. Ал бірақ, егер одан да басқа қиын жағдай болса, онда маманға жолдама беріледі. Қазір біз бейіндік мамандарға көп жүк артпаймыз. Қазір олар аз. Жалпы тәжірибедегі дәрігер бұл – бар отбасын, оның анамнезін білуі тиіс дәрігер. Сіздер медицина саласында жүрген адамдарсыздар, өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан біздің бар технологиямыз, барлық стандарттарымыз, емханалық хаттамаларымыз бен диагностикаларымыз халықаралық стандарттарға негізделген. Қалай болғанда да біз алға жылжуымыз қажет. Біздің басты мақсатымыз дамыған отыз елдің қатарына ену емес пе? Сондықтан біз олардан үйреніп, дәрігерлерімізді оқытып, пайдалысын алуымыз қажет. Әрине, біз оны таразыға салып, саналы түрде жасауымыз керек. Тұрғындарды үйретуіміз керек. Тұрғындар тарапынан дөрекі жауап берді, әдеп сақталмайды, деонтология деген шағымдар болмауы қажет. Иә, бұл қазір оңай мәселе емес екенін түсінеміз. Біз де, жергілікті атқарушы билік те осы бағытта жұмыс жүргізуде. Әрбір қазақстандық азамат өз денсаулығына өзі жауапты болуы тиіс, бірақ ынтымақтастық болу қажет. Тек қана талап ету емес, ынтымақтаса әрекет ету керек.
Махаббат Еспенова, модератор: Жақсы. Әртүрлі көзқарастарды тыңдадық. Соңында тағы бір мәрте сұрағым келіп отыр. Мемлекет өте көп дүние жасап жатыр: мамандар даярлауда, мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасы мен қоғамдық игіліктерге тексеріс жүргізеді, денсаулық сақтауда кезекті реформа жүзеге асырылмақшы. Осы жердегі барша сарапшылық клуб тұрғындар өз денсаулығына, жалпы іс-әрекеттеріне өздері жауапты болуы тиіс деген бір қызыл сызықпен келе жатыр. Алайда бір келеңсіздік бола қалса, сапалы қызмет көрсетілгеніне сенімді болмаса, қарапайым адам не істеу керек? Тағы бір мәрте сатылап айтып бере аласыздар ма?
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Нормативтік база құрғанымызды ескеретін болсақ, мен мұны былайша түсінемін. Емделуші риза емес пе – мәрхаба – емханада ішкі аудит бар. Бірінші қабатта телефон, кабинет, аты-жөні бар. Учаскелік дәрігеріме көңілім толмайды, сондықтан мен ана маманға барамын дейсің, әрине, ол аудит болғандықтан, шешім қабылдауы тиіс. Ал егер еш шара қолданбаса, онда жоғарыға барады...
Махаббат Еспенова, модератор: Ал бұл өтініш бір жерде тіркеле ме? Яғни менің өтінішім осындай нөмірлі деп айтып, сұрата алуым үшін.
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Міндетті түрде.
Махаббат Еспенова, модератор: Біз, ең алдымен, мәселені жергілікті деңгейде шешуге шақырамыз, дұрыс па?
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Мәселеңізді емханада шеше алмаса, содан кейін ғана, сатылы түрде Денсаулық сақтау басқармасына баруға болады.
Махаббат Еспенова, модератор: Денсаулық сақтау басқармасының нақты қай бөліміне барған дұрыс?
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Егер мәселе емханалар мен медициналық ұйымдарға қатысты болса, емдеу бөліміне баруға болады.
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Сондай-ақ байланыс орталығы, «13-00», оныншы емхана туралы еске салыңыз.
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Егер, тіпті, Денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде шешілмей жатса, онда Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласады.
Махаббат Еспенова, модератор: Сапа бөлімі департаменті ме әлде қалай?
Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Бізде Медициналық және фармацевтикалық жұмыс сапасын бақылау департаменті бар. Олар осы жерге жазбаша арыз қалдырады немесе қабылдауға жазылады. Осылай мәселе шешіледі. Әйтпесе, қазір бәрімізге аян, барлығы бірден Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, бірден Комитетке шығып жатады. Ал сол кезде жергілікті атқарушы органдар бұл мәселеден хабарсыз болады.
Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Емделушілер өз құқықтарын білуі тиіс. Ішкі аудит қызметін білмеуі мүмкін, бұл – медициналық қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімі. Содан кейін осы емханада бас дәрігердің сапаны бақылау жөніндегі орынбасары тұрады. Егер ол шешпесе, онда Денсаулық сақтау басқармасына барады. Егер Басқарма шешпесе, онда бізге келе алады. Жазбаша түрде хабарлау парағын береміз. Яғни Сапаны бақылайтын аймақтық басқару органы. Егер біздің жауабымызға қанағаттанбаса, онда Министрлікке жазуға болады. Неге бұлай болады? Біздің тұрғындарды ақпараттандыру жұмысы дұрыс емес. Көбі прокуратураға, біздің әріптестерімізге қоңырау шалады, жазады, барады. Тікелей Үкіметке, Президентке жазады. Халық өз құқықтарын нашар біледі. Кезекте отырған 20 адамның екі-үшеуі ғана тұрып, қарайды. Ал ақпараттық бұрыштарда қайда бару керек, не істеу керектігі нақты жазылған. Жай ғана тұрып, оқыса жеткілікті.
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бағалайтын уәкілетті орган болғанымыздықтан, әрбір азамат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне арыздана алады. Бізде байланыс орталығы бар - «14-94». Біздің әріптестеріміздің кемшіліктерін қарастыру да біздің құзыретімізде.
Махаббат Еспенова, модератор: «14-94» байланысында кемшіліктер бар ма?
Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Біз бәрін ескереміз. Сондықтан азаматтар бізге тек аталмыш мәселелер бойынша ғана емес, басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, тағы басқалардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты сұрақтар бойынша хабарласа алады.
Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Оныншы емханада байланыс орталығы ашылған, қызметке көңілі толмаған кез келген адам қоңырау соға алады. Ол өте үлкен, бос желі үнемі болады. Мәрхаба, хабарласыңыздар, ол жерде білікті қызметкерлер бар. Сұрақтарыңызға жауап беріп, бағыт береді.
Махаббат Еспенова, модератор: Құрметті сарапшылар, үлкен рахмет. Осы сарапшылық клубты «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткізіп отырғанын тағы бір мәрте айтып өтейін. Қатысып, пікір қосқандарыңыз үшін, тілек-ниеттеріңіз бен ұсыным, кеңестеріңіз үшін зор алғыс білдіремін.
_________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |