Сіздердің назарларыңызға Атырау облысы Махамбет ауданының 2018-2020 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда аудандық бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған. Аталған құжатқа мынандай бөлімдер енгізілген: • Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері; • Бюджет түсімдері мен шығыстары; • Бюджет тапшылығы (профициті). Азаматтық бюджет Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15 бұйрығымен бекітілген бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес әзірленген.