Сабақ №8 Сабақ тақырыбы: Өз шығыстарыңды қалай жоспарлаған жөн?



Дата26.01.2022
өлшемі136,07 Kb.
#114927
түріСабақ
Байланысты:
№8 Дүниетану 3-сынып


«Дүниетану» пәні бойынша 3-сынып оқушысының

өзіндік жұмысының жоспары

Дүниетану 3-сынып IY тоқсан

Сабақ

8

Сабақ тақырыбы:

Өз шығыстарыңды қалай жоспарлаған жөн?

Оқу мақсаттары :

«отбасының бюджеті», отбасының «шығыстары мен кірістері» деген түсініктерді білетін болады;

отбасылық бюджеттен өзіне жұмсалатын шығыстарды дұрыс жоспарлаудың қағидаларын білетін болады.



Ресурстар:

86-87 беттер

Түсіндірме:

Бюджет- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады. Біз әр күнімізді мерекені жұмыстың бәрін жоспарлаймыз. Сол секілді ақшаны да санап, жоспарлап жұмсаған дұрыс. Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындары тиімді құрастырып, есептеп отыру.

Бюджет қалай тиімді болады? Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.

Кірістер дегеніміз барлық ақшаларымыз.

Шығыстар дегеніміз барлық жаратылып жатқан ақша. Кірістерге шәкіртақы, зейнетақы, айлық жалақы ,жәрдемақы, т.б. жатады. Шығыстарға – салық, азық- түлікке жұмсалатын қаржы, киім- кешек, оқуға ,жолға ,жиһазға кететін қаржы т.б.

Араларыңда кім дүкенге жиі барады, айтыңдаршы?Бір бөлке нан қанша тұрады? 1 кг қант ше? Бір қорап тұз ше? Сабын?

Барлығың дүкеннен бірдеңе сатып аласыңдар, солай емес пе? Ал сендер ақшаны қайдан аласыңдар, кім береді?





Тапсырмалар:

Азық-түліктен үнемдеуге бола ма?

Киімнен және аяқкиімнен қалай үнемдеуге болады?

Қоғамдық көліктен үнемдеуге бола ма?

Сенде ақша жинайтын зат бар ма? Оның қажеттілігі неде?



Кері байланыс

Тестті орындау.

  1. Отбасылық бюджет қалай жиналады?

а) айлықтан, зейнетақыдан, шәкіртақыдан;

ә) кірістен және шығыстан;

б) ақшадан

2.Отбасының бюджетіне түсетін ақшалар қалай аталады?

а) шығыстар;

ә) пайыздар;

б) кірістер.

3.Авторлық сыйақы дегеніміз – ол ...

а) айлық;

ә) салық;

б) қаламақы.

4.Отбасының бюджетінен жұмсалатын ақшалар қалай аталады? а) кірістер;

ә) шығыстар;

б) түсімдер

5.Кіріс ... болса, онда отбасының бюджеті дұрыс жүргізілгені.

а) шығыстан көп;

ә) шығысқа тең;

б) шығыстан кем.

6.Айлық, зейнетақы, шәкіртақы – бұлар ... әртүрлі түрлері.

а) кірістің;

ә) шығыстың;

б) қаламақының




Әзірлеуші: Батырова Г.С., № 148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.

Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет