Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы


қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу



бет6/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,53 Mb.
#26240
1   2   3   4   5   6   7

         қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу

Оқитындар контингенті

Сағат бойынша ақы төлеу мөлшері*

Профессор, ғылым докторы

Доцент, ғылым кандидаты

Ғылыми дәрежесі жоқ адамдар

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары және оқушылардың осыған ұқсас басқа да санаттары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді талап ететін лауазымдарды атқаратын жұмысшылар, қызметкерлер, курс тыңдаушылары

0,09***

0,08***

0,07***

студенттер;

0,10****

0,09****

0,08****

аспиранттар, басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орындарының тыңдаушылары, дәрігерлердің консультациялары

0,12*****

0,10*****

0,09*****

Қызметкерлер санаты

Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері*

Оқу сабақтарын жүргізуге қатысатын, пластикалық кейіптерді көрсететіндердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі мынадай мөлшерде белгіленеді:
киімсіз немесе күрделі кейіпте кейіп көрсеткені үшін киім киіп тұрып кейіп көрсеткені үшін

0,04

0,03


Қызметкерлер санаты

Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері

Оқу сабақтарын өткізуге қатысатын оқу-қосалқы персонал қатарындағы адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерлемесі ғылыми дәрежесі жоқ адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді

50%

Қызметкерлер санаты

Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері**

Ғылыми дәрежесі мен атағының бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің консультанттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелеріне және корреспондент мүшелеріне

3%

25%


      Ескертпелер:
      Ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын біржолғы консультацияға бір сағат ретінде ақы төленеді.
      Сағат бойынша еңбекақы төлеуде ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесі үшін берілетін қосымша ақы ескеріледі.
      Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) жоғары білімі бар қызметкерлері негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс ЖОО ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі оқу жылына 225 сағаттан аспайтын, сағат бойынша еңбекақы төлеу шарттарында педагогтік жұмыспен айналыса алады.
      «Халық» деген құрметті атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі профессорлар, ғылым докторлары үшін көзделген мөлшерде, ал «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандидаттары үшін көзделген мөлшерде белгіленеді.
      Конкурстар мен байқаулардың әділқазылар алқасының мүшелеріне, сондай-ақ конкурстық жұмыс рецензенттеріне еңбекақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетін адамдарға көзделген сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
      * Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерінің тиісті мөлшерін ескере отырып анықталады
      ** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі лауазымдық айлықақыдан пайызбен белгіленеді.
      *** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:
      жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына еңбекақы төлеу үшін;
      тілдерді үйрету жөніндегі курстар оқытушыларына еңбекақы төлеу үшін;
      университеттердің, педагогикалық, инженерлік-педагогикалық институттардың (факультеттердің) студенттері педагогикалық практика өтетін оқу-тәрбие мекемелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
      **** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:
      басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне, сондай-ақ өндірістерден тартылатын мамандарына еңбекақы төлеу үшін;
      студенттерге өздері берген пәндер бойынша мемлекеттік емтихан қабылдаған немесе дипломдық жоба жетекшісі бола отырып, дипломдық жобаны қорғауды қабылдаған жағдайларда, Мемлекеттік емтихан комиссиясына қатысқаны үшін ректорлар мен проректорларға еңбекақы төлеу;
      сағат бойынша жұмыс істейтін оқытушылар өнер және мәдениет жоғары оқу орындарында арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргізген кезде;
      мейіргерлерді даярлау үшін азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлеріне, қоғамдық кәсіптер факультеттеріне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбекақы төлеу үшін;
      оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезінде;
      шет тілдерін қарқынды үйрету жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргізу кезінде;
      басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын оқытушыларға студенттердің далалық және педагогтік практикасына жетекшілік жасағаны үшін қолданылуы мүмкін.
      ***** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемелері, сондай-ақ:
      мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшін тартатын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін;
      диссертациялық зерттеулердің консультанттары ретінде тартылатын басқа ұйымдардың жетекші ғалымдары мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін (бір докторантқа жылына 50 сағат);
      басшы қызметкерлердің және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін ақы төлеу;
      халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін еңбекақы төлеу үшін.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
20-қосымша       

Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік


органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік
қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша
жұмыс өтілін есептеу қағидалары

      Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі белгілі бір функционалдық блокқа, буынға және сатыға жататын атқаратын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық айлықақысын айқындау мақсатымен есептеледі.


      1. Лауазымдық айлықақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
      1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінде, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
      1-1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген;
      2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер органдары жүйесіндегі, қылмыстық-атқару қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесіндегі қызметте, прокуратура органдарындағы қызметте, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеген;
      3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының соттарында, прокуратура органдарында, ішкі істер органдарында, Кеңес Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде еңбек сіңірген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретін лауазымдарда жұмыс істеген;
      4) Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде жұмыс істеген;
      5) жүктілігі және босануы бойынша демалысы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген баланы үш жасқа толғанға дейін күту жөніндегі жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
      6) егер шетелге жіберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс істеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
      7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған;
      8) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оны бітірген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзіп оқыған;
      9) ұйымдарда мемлекеттік органдардағы атқаратын лауазымдары бойынша мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда кейінгі жұмыс істеген уақыты кіреді.
      2. Осы Ережеге сәйкес есептелетін мамандық бойынша жұмыс өтілі күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
      3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақысын арттыру құқығы туындаған қызметкерлерге, өтілін ескере отырып лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
      4. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
      Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данада дайындалады және: бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.
      5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттары мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындауға арналған құжаттар болып табылады.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
21-қосымша       

Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік


  бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардын қызметкерлері,
    қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері лауазымдарының және
     кәсіптерінің тізбесі мен олардың психоэмоционалдық және
              дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттар

Р/с


Қызметкерлер лауазымдарының және кәсіптерінің атауы

Психоэмоционалдық және дене жүктемелерінің өлшемшарттары

1

2

3

1

Жұмысы психоэмоционалдық және дене жүктемесінің жоғарғы дәрежесімен ұштасқан хирургиялық, оның ішінде балалар хирургиясы бейініндегі мамандар

Хирургиялық араласудың нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық ширығу, кезекшілікке байланысты қатты шаршау, шұғыл операциялық араласулар, мәжбүрлі жұмыс істеу қалпы, анализатор жүйелерінің шамадан тыс ширығуы, жылдам шешім қабылдау қажеттігі, көзге көп күш түсу - жоғары дәрежедегі жүктеме

1)

дәрігерлер:
кардиохирург
трансплантолог
микрохирург
ангиохирург
нейрохирург



2)

орта медициналық персонал:





операция мейіргері, хирургия мейіргері реаниматология және анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиялық мейіргері;



2

Хирургиялық және акушерлік- гинекологиялық, оның ішінде балалар хирургиясы бейініндегі мамандар:

1-тармақтағы өлшемшарттар, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - орташа дәрежедегі жүктеме

1)

дәрігерлер:
акушер-гинеколог
жалпы хирург
абдоминальды хирург
торакальды хирург
ангиохирург
нейрохирург
анестезиолог-реаниматолог
эндокринологиялық хирург
уролог
проктолог
онколог-хирург
маммолог
травматолог-ортопед (оның ішінде травматология пункттерінің)
жақ сүйегі-бет хирургы
пластикалық хирург
камбустиолог
офтальмолог
оториноларинголог
эндоскопист
трансфузиолог



2)

орта медициналық персонал:
операция мейіргері
перзентхана бөлімшесінің акушері
реаниматология және анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесінің анестезист мейіргері
қарқынды терапия палатасының мейіргері
травматология пункттерінің мейіргері



3

Амбулаториялық ұйымдардың хирургиялық, оның ішінде балалар хирургиясы бейініндегі мамандары

1-тармақтағы өлшемшарттар, бірақ жеңіл дәрежедегі жүктеме

1)

дәрігерлер:
хирург
уролог
онколог-хирург
маммолог
травматолог-ортопед
офтальмолог
оториноларинголог
стоматолог-хирург
акушер-гинеколог



2)

орта медициналық персонал:
хирургиялық бейінді мейіргер;



4

Ауылда орналасқан медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының мамандары:

Зор шыдамдылық таныту және аса зейінді болу, психоэмоциялық ширығу - үйдегі науқастармен және оның туысқандарымен қарым-қатынас қиындығы, психикалық ауытқуы бар науқастың әдеттен тыс мінез көрсету қаупінің жоғарылығы, қолайсыз жағдайлардың әсер етуі (үй-жайдан тыс болуға байланысты жұмыс), патогендік инфекциямен үнемі контактіде болу қаупі, шамадан тыс жүктемесі бар жұмыс - 1 дәрежедегі жүктеме

1)

дәрігерлер:
терапевт (учаскелік)
педиатр (учаскелік)
жалпы практика



2)

орта медициналық персонал:
учаскелік мейіргер
жалпы практика мейіргері
фельдшер
акушер
мейіргер



5

Қалада орналасқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының мамандары:

4-тармақтағы өлшемшарттар, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - 2 дәрежедегі жүктеме

1)

дәрігерлер:
терапевт (учаскелік)
педиатр (учаскелік)
жалпы практикадағы



2)

орта медициналық персонал:
учаскелік мейіргер
жалпы практика мейіргері
фельдшер
акушер
мейіргер



6

Патологоанатомиялық бюролардың (бөлімшелердің), сот-медициналық сараптама орталықтарының мамандары:

Мәйітті ашуға байланысты жұмыс, патогендік флорамен байланыста болу қаупі, қайтыс болған науқастардың, қаза тапқан және өлтірілген адамдардың туысқандарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі психоэмоциялық ширығу

1)

мәйіттердің сараптамасымен және мәйіт материалдарымен тікелей айналысатын сот-медициналық сарапшысы



2)

тікелей мәйіттерді ашумен айналысатын патологоанатом, оның ішінде балалар патологоанатомы



7

Жедел медициналық жәрдем станцияларының (бөлімшелерінің) қызметкерлері:

жоғары жедел қасиеті – диагностика мен емдеуде тез шешім қабылдау, жарақат алудың жоғары қаупі, артық дене жүктемелері, жоғары психоэмоционалдық жүктеме - өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмыс

1)

жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігері



2)

жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері



3)

мейіргер, медициналық тіркеуші, санитар, жүргізуші



8

Терапиялық бейінді мамандар:



1)

Дәрігер:
неонатолог

Реанимацияның, қарқынды терапия мен жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 500 грамм болатын шала туған нәрестелерге күтім жасау нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық ширығу, кезекшілікке және шұғыл шақыртуларға байланысты қатты шаршау, арнайы жабдықтармен тұрақты жұмыс істеу (өкпені жасанды желдету аппараттары, кювездер, реанимациялық үстелдер)

2)

орта медициналық персонал:
жаңа туған нәрестелер физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын мейіргер
шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын мейіргер



3)

дәрігер:
химиялық терапияны жүргізумен айналысатын гематолог

Адам өліміне жиі әкеп соғатын қатерлі қан ауруларымен ауыратын сырқаттарға химиялық терапия жүргізу нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікпен байланысты қатты шаршау, өмірге қауіп төндіретін, дереу шешім қабылдауды талап ететін асқынулардың жоғары пайызы

4)

орта медициналық персонал:
гематологиялық сырқаттарға химиялық терапияны жүзеге асыратын мейіргер



Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
22-қосымша       

Көлік және коммуникация салаларындағы азаматтық қызметшілерге,


    мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың
    қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне
      еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар

Р/с


Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.



Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы







«Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, су жолдары қазыналық кәсіпорындарының, «Ақмолажолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Ақтөбежолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Алматыжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Атыраужолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Батысжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Жамбылжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Шығысжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қарағандыжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қызылордажолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қостанайжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Маңғыстаужолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Павлодаржолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстікжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Оңтүстікжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жұмыстың қауырттылығы және күрделілігі үшін



ЛА-дан 50 %-ға дейін

Ұйым басшысы белгілеген тәртіппен

2.



Жұмыстың көшпелі сипаты үшін үстеме ақы



2007 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес



Ұйымдардың қызметкерлеріне тұрғылықты жерінде болмаған әр күнтізбелік күні үшін



АЕК-тен* 35 %

Ұйым басшысы белгілеген тәртіппен

3.



Су астындағы жұмыстар үшін үстеме ақы



Ұйым басшысы белгілеген тәртіппен



Ұйымдардың сүңгуірлеріне су астында жұмыс істеген әр сағаты үшін



сағаттық мөлшерлемеден 100 %



      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      * АЕК - заңнамада белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
23-қосымша       

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет