Тексерген: Байшукурова Ж. Ж



Дата07.02.2022
өлшемі64,84 Kb.
#95790
Байланысты:
срс 1
KHimiya, Практикалық сабақ №2 (1), 312 клд 100% Удачи, Студенттерге тест тапсырмалар АБ .2

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



МӘНЖАЗБА

Кәсіпкерлік-ойлау психологиясы

Тексерген: Байшукурова Ж.Ж.
Дайындаған: Наурызбаева М.Ж.
Тобы: Кико201

2020 ж.


Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы — олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие-олар белсенді, жауапты және нәтижеге бағдарланған.

Қарапайым адам пассионарлық тәсіл принциптерін ұстамайды (мақсатқа ұмтылу және көптеген адам үшін құрбандыққа шалуға дайындықты білдіреді), ол өте сақ болады, тәуекелге ұшыраудан қорқады және ешқашан өз еркімен ешқандай жұмыс алмайды, қиындықтардың алдында ол көп ойланады және ол кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдарға үміт артады.

Кәсіпкерлік ойлау - XXI ғасырдың қажетті дағдысы,бұл ойлап табушылық, армандарды жүзеге асыру және әлі жоқ нәрсені іске асыру қабілеті.

Сонымен қатар бұл жоғары бейімделу (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған жағдайға тез жауап бере білу қабілеті) — адамның өзгермелі жағдайларға икемділік, икемді болу, әдеттегі сценарийлер бойынша әрекет ету мүмкін емес жағдайларда эволюциялану (дамыту) қабілеті, кез келген жағдайдан пайда табу қабілеті, өмірге көзқарасы әлемнің мүмкіндіктерін пайдалану.

"Шын мәнінде, мен ақша таба аламын деп күткен жоқпын. Жалды жабу және аз азық-түлік сатып алу үшін көп ақша табу жеткілікті болды маған. Бірақ ақыр соңында, мұның бәрі құндылығы бар болып шықты. Қателер қорқынышты емес. Ең бастысы-әр жолы жаңа нәрсеге қателесу", - деп есептейді Илон Маск. Ол қаржы әлемін өзгерткен, төлемдердің электрондық жүйесін жасап, әлемдегі алғашқы жеке компанияны, ғарыштық зымырандарды, SpaceX құрастыратын, Tesla электромобильін жасап, бүкіл қалаларды жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренген PayPal стартапын құруға мүмкіндік берді.

Егер көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтаса, әркім кәсіпкер бола алады. Өз ісін өмірдің әртүрлі тарихы, мінез-құлқы мен тілегі бар адамдар ашады. Тек бизнесте табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс.

Біріншіден, шын мәнінде, олардың басына келген нәрсені істегісі келеді.
Екіншіден, жетістікті Үлкен емес, ұсақ қадамдардан бастау.
Үшіншіден, әрбір шағын қадамнан кейін өз идеясын қарау және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадам жасау.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Кәсіпкерлік дегеніміз — белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі.

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

Кәсіпкерлік — ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылдағы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:


  • Дербестік және тәуелсіздік;

  • Экономикалық ынталылық;

  • Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

  • Жаңашылдық.

Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу.

Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.

Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына талдау жасау.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегі курстық жұмыстың міндеттері қарастырылады:



  • жалпы кәсіпкерлік ұғымының мәнін толық ашу, яғни тарихи даму сатылары, қызметтері және мазмұндары.

  • кәсіпкерліктің түрлерін көрсету; Берілген бөлімде ұжымдық- құықтық түрлерінің мағынасын аша отырып, қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік істің түрлерін көрсету.

  • Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының нәтижелері, яғни экономикалық тұрақтандырылуы, табысты орнықтырылуы және экономикалық жағдайларының жасалуы.

Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны.
Кәсіпкерлік феномені байырғы кезден бастап, әлеуметтік- экономикалық ғылымдарының назарында болды.

Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ.ғ. Ф. Кенэ, Ж.Б. Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.

«Кәсіпкер» және «антрепкер» терминінің аударғанда, «делдал» деген ұғымға тең болады.

Негізінен, сол уақытқа сай толық кәсіпкерлік концепциясын өндеген авторлардың бірі болып француз экономисті Р. Кантильон болған. «Сауда табиғатының очеркі» (1755ж) атты жұмысында ол кәсіпкерлерді «Қымбат сатып, арзанға ал» деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған.

Кәсіпкерлердің рөлі туралы А. Смит былай деп жазған : «… ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді». Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Алайда кез- келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалға, жылдан жылға бір тауар өнімін және бір ұсыныс көрсететін кәсіпорын иесі деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады.

Тұрғылықты өмірде, кәсіпкерге барлық бизнеспен айналасатындарды жатқызылады. Алайда осы сөздің мәнінің ең қатал түрінде, бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адамдарды атайды. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес.



Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:

  • Үлкен табысқа ұмтылу.

  • Тәуекелге бару.

  • Жаңашылдыққа ұмтылу.

Кәсіпкерлік- табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет