Азаматтық қорғаныс туралы


-тарау. Азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан



бет5/14
Дата17.04.2017
өлшемі2,33 Mb.
#14034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5-тарау. Азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан 
Республикасының орталық, жергілікті өкілді және атқарушы
 
органдарының, ұйымдарының құзыреті, азаматтарының құқықтары
 
мен міндеттері


      18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Азаматтық 
               қорғаныс саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына басшылық жасайды;
      азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
      Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
      республика экономикасының бейбiт және соғыс уақытында жұмыс iстеу орнықтылығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүргiзуге басшылықты жүзеге асырады;
      қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды - санаттарға жатқызу тәртiбi мен өлшемдерiн бекiтедi;
      Азаматтық қорғаныс жүйесiн бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына көшiру, эвакуация шараларын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      iрi көлемдi авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жекелеген әскер бөлiмдерiн өрiстетуге шешiм қабылдайды;
      өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Уәкілетті органның құзыретi

      Уәкілетті орган:
      Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, сондай-ақ халқы орындауға мiндеттi азаматтық қорғанысты дайындау және жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдайды;
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ереженi бекiтедi;
      авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбіт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге табыс етеді және оларды іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерiнiң жауынгерлiк және мобилизациялық әзiрлiгiн қамтамасыз етедi;
      Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектiлерiн санаттарға бөлу дәрежесiне байланысты бекiтедi;
      Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      халықты құлақтандырудың және байланыстың республикалық жүйесін дереу пайдалануға, оны жарақтандыру мен дамытуға тұрақты дайындық жасайды және оны қамтамасыз етеді; 
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.05.05 № 48, 2006.07.07 № 183, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 


               Азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:

      Уәкілетті органды, ал жергiлiктi әскери басқару органдары арқылы уәкілетті органның аумақтық органдарын тиiстi әзiрлiк деңгейiне келтiру туралы, сондай-ақ мобилизация жариялау туралы құлақтандырады;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары негiзiнде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесiне мiндеттi әскери қызметке шақыруды, әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, тiзiмдегi құрамды оқу жиындарына шақыруды, сондай-ақ мобилизация бойынша азаматтарды шақыруды жүргiзедi;
      Уәкілетті органды, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әскерге шақырылатын құраммен және мобилизациялық ресурстармен жасақтауды, офицерлердi запастан әскери қызметке шақыруды (қабылдауды) жүзеге асырады;
      халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттердi шешу кезiнде уәкілетті органмен өзара iс-қимыл жасайды;
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 № 48, 2006.07.07 № 183, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      21-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы 


               органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы
               құзыретi

      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары азаматтық қорғаныс саласында:


      азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды, салаларда азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;
      Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құрады және тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;
      Азаматтық қорғаныс құрамаларын дайындауды және сала қызметкерлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғану әдiстерiне және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады және оларға басшылық етедi;
      осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және олар қолданылған жағдайда, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде сала қызметкерлерiн қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлайды және жүргiзедi;
      бейбiт және соғыс уақытында саланың тұрлаулы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;
      қызметкерлер мен олардың отбасыларын эвакуациялауға әзiрлеу және оны ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстардың қорларын құрып, оларды күтiп ұстайды және олардың жинақталуына, сақталуына, жаңартылып отыруына және қолдануға дайын тұруына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 183, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       22-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, 


                астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы 
                органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы 
                құзыретi

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыретін өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.


      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
      уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауын ұйымдастырады;
      Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, күштерi мен құралдарын әзiрлеудi және дайындық жағдайында ұстауды, олардың адам құрамымен жасақталуын, қажеттi техникамен, арнаулы жабдықпен, суда құтқару және басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстар жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандырылуын қамтамасыз етедi;
      уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
      осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған жағдайда халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге кепiлдiк беретiн Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстардың көлемiн айқындайды және олардың жинақталуы, сақталуы, жаңартылып отыруы және әзiрлiк жағдайында ұсталуы үшiн жауап бередi;
      ведомстволық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғаныстың жай-күйiне жауап бередi;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       23-бап. Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс саласындағы 


               құзыретi

      Ұйымдардың басшылары:

      бейбiт және соғыс уақытында арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды және оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;

      жұмыс iстейтiн адамдарды, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      ұйымдардың бейбiт және соғыс уақытында орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

      Азаматтық қорғаныс құрамаларын құрады және оларды әзiрлiк жағдайында ұстайды, оларды машықтандырылған мамандармен жасақтауды және авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге арналған қажеттi техникамен, құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

      қызметкерлерді, сондай-ақ ықтимал қауiптi объектiлердегi авариялардан зақым келуi мүмкiн аймақтарда тұратын халықты азаматтық қорғанысқа оқытуды жүзеге асырады;

      өз объектiлерiнде авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады;

      жергiлiктi құлақтандыру жүйелерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құрады және оларды тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;

      қызметкерлердің азаматтық қорғаныс бойынша мiндеттерiн орындауы үшiн оларға қажеттi жағдайлар жасайды;

      соғыс уақытында және төтенше жағдайларда Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен көлiк, материалдық құралдар, аспаптар мен жабдықтар бередi. 
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-бап. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын 


               азаматтардың Азаматтық қорғаныс жөнiндегi 
               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:

      осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғауға құқылы;

      азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленедi.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:

      Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге;

      "Баршаңыздың назарыңызға!" деген дабыл беру бойынша iс-қимыл  жасаудың тәртiбiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесiн, қорғанудың негiзгi әдiстерi мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсiлдерiн бiлуге және орындауға;

      Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне ұқыпты қарауға;

      соғыс уақытында және төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс  мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен жеке пайдалануындағы көлiк құралдарын, аспаптар мен жабдықтарды беруге мiндеттi. 
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Каталог: images -> stories
stories -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
stories -> Исатай Кенжалиев
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет