Азаматтық сектор қоғам мен мемлекетке қалай көмектесе алады?


Динара Хайрикенова, модератор



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі386,22 Kb.
#4670
1   2   3

Динара Хайрикенова, модератор: Қорытынды жасамас бұрын мен Андрей Емелинге сөз беріп, айтылғандарға көз жүгіртіп, ой түйіндеуді өтінбекшімін.

Андрей Емелин, эксперт: Мен төртінші сұраққа жауап берейін дегенмін. Чернышевскийдің сұрағы: не істеуміз? Азаматтық қоғамның күн тәртібі қандай болу керек? Нарықтық қатынастар қажет деп ойлаймын. Әлсіз ҮЕҰ-дар құрысын, олардың нарықтық үлгіде жұмыс істейтін жаңа ҮЕҰ-дар келіп жатыр. Бұл жерде мәселе мынада – мен Қазақстанның көп аймақтарына бардым, көп жерлерде болдым, барлық жерде бірдей, сол баяғы әуен, ҮЕҰ-ның соқыр көшбасшысы отырып алып күні бойы, тіпті апталап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы айтуға дайын. Алайда Үкіметтік емес ұйым жұмысы үшін бұл басты дүние емес, бұл жағынан қаржы табудың басқа көздерін дамытыңдар. Қазір осы тетіктерді дамытып жатқан жаңа ҮЕҰ-дар бар, олардың жұмыс алға басуда, олар басқаларға қарағанда бәсекеге қабілетті, сондықтан нарықтық үлгідегі қатынастар болу керек. Екіншіден, өзін-өзі реттеу керек. Егер қандай-да жұмыс стандарттары, этикалық мәселелер, бәсекелестік ережелері жағынан өздеріңізді өздеріңіз реттемесеңіздер, онда сіздерді біреу реттейді, не ананы, не мынаны таңдаңыздар. Әзірше, қазіргідей даму деңгейінде біз өзімізді өзіміз реттей алмаймыз, бірақ соған ұмтылу керек. Өзін-өзі реттеу – бұл есеп берудің ашықтығы, яғни қазір халық, азаматтар алдында есеп беру мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл жағынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен жұмыс істейтін ҮЕҰ-дардың құлағына алтын сырға. Иә, тапсырыс беруші алдында есеп береді, ал халыққа қаншалықты есеп беріп отыр? Бұл жағынан, мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, бірақ халық алдында есеп бермеген ҮЕҰ-дар өз тапсырыс берушісіне, яғни министрліктерге пайдасынан зияны көп қызмет көрсетіп отыр. Бұл жағдайды түзету керек. Сондай-ақ үшінші соңғы сұрақ: бәсекелесіңдер, бір-біріңнен сұрауды үйреніңдер. Мен үнемі сынды естимін, бірақ ол сын жалпы сипатта. Бұл жағынан бізде сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі бар, сәйкесінше, ол шара қолдана алады. Бұл жағынан алдағы жылға жоспарланатын негізгі трендтер – есеп беру, нарықтық үлгінің айқындығы, өзін-өзі реттеу. Яғни жоспар құрғанда осыларды ескере отыра, өзіңе жаңа талаптар қоюуың керек.

Динара Хайрикенова, модератор: Рахмет, Андрей. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының атқарушы директоры сөз беруді өтініп отыр, бас тарта алмаймын, мәрхаба, Әсел.

Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: Барлықтарыңызды тыңдап, мен мынаны түсіндім, мемлекетке, оның мемлекеттік қызметкерлері мен шенеуніктеріне ҮЕҰ-дар керек, себебі әрбір азаматпен жеке-жеке жұмыс істеу ыңғайсыз, оған қарағанда азаматтар тобымен жұмыс істеу қолайлы. Меніңше, бұл әрине менің жеке пікірім, шын мәнінде қоғам, яғни қарапайым адамдар ҮЕҰ-дарға сенбейтін сияқты. Жалпы, адамдар ҮЕҰ-дар туралы білмейді, егер бір адамнан сенің мүддеңді қорғайтын қандай ұйымды білесің деп сұрасаң, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан Семей полигоны сияқты мықты ұйымдардан басқа бірде-бір ұйымды айта алмайтын шығар. Бұл осындай жағдай. Сондықтан, азаматтарға ҮЕҰ-дар қажет пе деген сұрақ туындады? Қажет, бірақ бұл жағынан біз қаншалықты тиімдіміз? Себебі адамдар өз идеялары тоғысатын форматты тапты, ол – әлеуметтік желілер. Адамдар қарапайым ғана мәселелер төңірегіндеде бірігуде, әлеуметтік желілердегі блогтар, топтар бар. Әлеуметтік желілердегі осы топтар жекелеген ҮЕҰ-дарға қарағанда көп нәрсе тындырып жатыр. Сондықтан ҮЕҰ саласы шынымен азаматтық қоғаммен, адамдармен байланыс жасау жағына назар аударып, өздеріне сенім ұялата білуі қажет. Біріншіден, елге танылу қажет, ҮЕҰ-дар бірігіп осы бір мәселелерді шешуге тырысып жатқанын адамдар білуі қажет. Себебі, өкінішке орай, азаматтар ҮЕҰ-дар жұмысынан хабарсыз. Мүмкін ҮЕҰ-дарды бір әдістермен жарнамалау керек шығар. Себебі қазір, тіпті, мемлекеттік органдардың өзі, яғни әкімдіктер ешкімнің көмегінсіз өздері тікелей халықпен жұмыс жасауда. Мысалы, біз қазір көріп отырмыз, Алматы қаласының әкімі халықпен тікелей байланыс жасап отыр. Олар өздерінің стратегияларын, бюджеттік қаржылық есептерін, т.б. жариялап жатыр. Ал бұл азаматтар арасында өте жақсы пікір қалыптастыруда. Неге екені белгісіз, осы екі құрылым – мемлекеттік орган мен қарапайым адамдар арасында біздің құрылым жоқ, яғни ҮЕҰ жоқ. Міне, негізінде менің пікірім осындай.

Динара Хайрикенова, модератор: Біз енді аяқтауға тақап келеміз. Мен Василий Валерьевичтен де бүгінгі айтылғандарға шолу жасап, қорытындылап кетсеңіз деп өтінемін. Алайда мен мынаны айтқым келеді. Бұл да бір көрсеткіш. Әрдайым, біз адамдарды сарапшылық клуб отырысына шақырғанда, егер тақырып үкіметтік емес секторға қатысты болса, ешкім қызықпайды, өкінішке орай, қарапайым азаматтар мұнда келмейді. Тіпті, байқасаңыздар, осы жерде Жалпыұлттық қозғалысының Астана қаласындағы Азаматтық кеңесінің төрағасы Тимур Ілиясов отырды. Бұлардың басым бөлігі кәсіпкерлер, олар бірігіп, өз араларынан ақша жинап, ортақ қор құрды, жобаларын жүзеге асыруда. Өкінішке орай, Тимур кетіп қалды, себебі біздің бүгінгі айтып жатқан әңгімеміз оларға мүлде қызық емес. Бұл оқиға мен басында айтып өткен жайттың арасында алшақтық бар екенін көрсетіп отыр. Иә, ҮЕҰ-дар бар, олар сұранысқа ие, мың адам ғана болса да, әйтеуір бір жұмыстарды жасап жатыр. Ал бірақ жаңа ғана Әсел айтқан халықпен байланыс әлсіз болып тұр ғой. Сондықтан, көптеген сұрақтардың жауабын алдық, басқаларды да тыңдадық деп ойлаймын.

Василий Порубаймех, ҚР МСМ: Мен сіздердің пессимизмдеріңізге ортақтас емеспін. Кез келген қоғамдық пікірталас – бұл ақпарат алмасу. Мүмкін ол сөз сөйлемеген де шығар, бірақ тыңдады, білді, іштей бағасын берді. Өз тәжірибеме сүйенсем, осындай қысқа уақыттың ішінде нақты бір мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырып, оны дұрыс, жүйелі реттей білу – бұл оңай міндет емес. Менің қанағаттанбай отырған бір тұсым, уақыт шектеулі, ал жиналған аудитория жақсы, әлде де пайдалы дүниелерді айтатын біреулер бар шығар. Бірақ негізінде, біз бір-бірімізді көрдік, тыңдадық, бұл соңғы кездесу деп ойламаймын. ҮЕҰ-дар қызық емес, азаматтар келмейді дегенмен мүлде келіспеймін. Біз көппіз және біз жиналдық. Павлодар облысындағылар жасап отырғандай, ешқандай әкімшілік ресурсты пайдаланбағандарыңызды білемін, сондықтан бәрі ойдағыдай.

Динара Хайрикенова, модератор: Бүгін бір-екі рет арандататын сұрақ деген сөзді естідім. Бұл, әрине әдейі ойластырылды. Себебі, біз белгілі бір эмоциялар болғанын қаладық. Эмоция – бізге қозғау салып, нәтижесінде жұмыс істеуге итермелейтін күш. Шынымен, сұрақтар ширықтыратын сипатта. Барлығы соншалықты нашар, пессимизм басым болды деп айта алмаймын. Мұның бәрі ертеңгі күні өзімізге сын көзбен қарап, көштің түзелуі үшін өзімізді қолға алу мақсатында жасалып отыр. Оны үнемі орынсыз жоғары бағалай бермей, ол туралы тек мақтанышпен айтып, жлған ұран салудың қажеті жоқ екенін түсіндірмекші болдық. Өзімізге жан-жақты қарауымыз керек шығар. Сонда барып, ертеңгі күнімізді жаңа беттен, басқа міндеттен бастармыз. Өз жұмысымызды қайта қарауымыз керек дегенді Ира да айтқан. Қалай болғанда да мұндай міндет бар. Себебі әлі кеш емес, бізді тыңдай бастады, біз ести бастадық. Сонымен, қорытынды сөзді «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының атқарушы директорына беремін. Ал өз атымнан келгендеріңіз үшін зор алғыс білдіремін.

Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: Жаңа ғана Василий Валерьевич айтқандай, шындығында, бұл тақырыпты бір жарым сағаттың ішінде талқылап болмайсың, тіпті, осы жерде отырғандардың өзін толық тыңдай алмайсың. Егер айтарларыңыз бар болса, артынан қалып, сөйлесейік. Бұл бізде дөңгелек үстел сияқты. Сондықтан ұйымдастырушы ретінде, уақыт шеңберінен аспауымыз керек. Сондықтан, ниеттеріңіз болса, артынан қалайық. Барлығы қала алады, тек қана таспаға жазатын құралдар болмайды. Әрі қарай талқылауды жалғастырайық. Әлбетте, тақырып өте ауқымды. Көп адамның келгеніне біз қуаныштымыз. Себебі ҮЕҰ туралы алдыңғы пікірталаста бұдан әлдеқайда аз болған. Қалай болғанда да, рахмет. Шараның ресми бөлігін жабық деп жариялайық. Әлде де айтароары бар адамдар қалсын, ал бір жарым сағатқа қана келіп, асығып отырғандар болса, ренжімейміз, бара берулеріңізге болады. Ресми бөлімін жабық деп жариялаймын. Барлықтарыңызға рахмет, Мәдениет және спорт министрлігіне де алғыс айтамыз. Алдарыңыздағы сауалнамаларды толтыруды сұраймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет