Қазанның жиырма бесі



Дата23.08.2017
өлшемі15,58 Kb.
#25574

Қазанның жиырма бесі.

  • Сынып жұмысы.
  • Ахмет
  • Байтурсынов.
  • “Екі шыбын” мысал
  • өлеңі
  • Сабақтың мақсаты: Білімділік:Ахмет Байтұрсынұлы өміріне шолу жасай отырып,ақынның мысал өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру, талдау.мазмұны мен идеясын ашады.Дамытушылық: Шығармашылық ізденіске жетелеу барысында өз беттерімен іскерлік дағдыларын дамытады , Дүниетанымы кеңейеді, талдау жасай алады, Тәрбиелік: Оқушыларға мысал өлеңін оқуда ынтымақ- бірлік, көпшілдікке баулып ,адамгершілік пен жақсылық, парасаттылық қасиеттерге тәрбиелеу.
  • шығу
  • Міндеттері:
  • а) Оқушылар бірін-бірі оқытады.
  • ә) Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды.
  • б) Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
  • в) Қорытынды шығарады.
  • д) Жұмыс нәтижелерін көрсете біледі.
  • ж) Бірін-бірі бағалайды.
  • шығу

Ахмет Байтұрсынұлы

  • (1873—1938) — ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Ахмет Байтұрсынұлы

  • Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882—84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
  • мағына

Ахмет Байтұрсынұлы

  • 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдау хатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
  • Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
  • Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
  • Мысалда аңдар,құстар,хайуанаттар,өсімдіктер,іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап,әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де ,қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді,оқиғалы,адамға сабақ болатын тағлымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.
  • Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.
  • Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы,Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И. А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.
  • А.Байтұрсынұлының мысал өлеңдері
  • Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.
  • Топтастыру стратегиясы:
  • «Қасқыр мен қозы» «Қайырымды түлкі» «Ала қойлар»
  • «Үлес» «Қартайған арыстын»
  • «Өгіз бен бақа» «Ат пен есек» «Қайыршы мен Қыдыр»
  • Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

  • Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
  • мағына

Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

  • Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
  • мағына
  • Мысал өлеңді сатылай кешенді талдау:
  • Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,
  • Өз әддін өзі білген адам көп пе?
  • Мақтанып, бәрін де өзім айттым дейді,
  • Біреудің шылауында жүріп текке .
  • Тақырыбы-
  • Жанр түрі-
  • Шумақ саны-
  • Тармақ саны-
  • Ұйқас түрі-
  • Буын саны -
  • Бунақ саны-
  • Мысал идеясы-
  • Мысал кейіпкерлері-
  • Жаңа сөздермен жұмыс жасау.
  • Мұрнын көкке көтеру- өзімшіл, менсінбеу
  • Өз әддін өзі білген адам- өз шамасын
  • Біреудің шылауында жүру- жетегінде болу.
  • “Екі шыбын” мысал өлеңінің мазмұны негізінде сурет салу.
  • Ахмет мысалы арқылы нені үйрендім?
  • Үй тапсырмасы
  • 1. «Қара бұлт» өлеңін жаттау
  • 2. Тақырыптық сурет салу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет