Қазақша сценари: 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
Ардақты да аяулы аруларымыздың, аналарымыздың мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына, аналарына арналған «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кештің сценарийін ұсынамыз:
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сынып іші: Дәурен терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Ұлтуар кіріп келіп:
Ұлтуар: - Дәурен, неге көңілсіз жүрсің?
Дәурен: - Е - е, Ұлтуар, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Ұлтуар: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Даурен:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Ұлтуар:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Даурен: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Ұлтуар: - Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Ана» туралы ән айтайық.Хор
1-жүргізуші: Ұлтуар
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
2-жүргізуші: Дәурен
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға ...сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады.
1-жүргізуші: Ұлтуар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директордың міндетін уақытша атқарушы Мырзақұл Жеңісбек ағайға беріледі.
2-жүргізуші: Дәурен
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім-кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!
1-оқушы: Жарты жанын бөліп беріп балаға,
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана.
Қиын күндер кешсе дағы басынан,
Міндет етпей жүрген адам сол ғана.
2-оқушы:
Айналада аядай қалашықты
Алдымыздан кішкентай Ана шықты
Қырда отырған ауылға апаратын
Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты
Бір қолында батпандай қуыршағы
Бір қолында ойыншық құлыншағы
Екі жансыз мүсінді мәпелейді
Мәпелейді біресе ұрысады
Қарадық та селт етпей жанарымыз
Алжығанға санадық Ананы біз
Ораны ұлып бетінен бодағы ұшқан
Сұл жатыр далада жаралы күз
Бәйек болмай отырған жан қалмады
Сонда да Ана назарын аудармады
Сәби дейін өзімен – өзі болып
Қуыршақ пен құлыншақ алданғаны
3 – оқушы:
Өзіңсіз өмірде, жан ана
Жұлдызым жарқырар жана ма?
Ақ сүтің нәр беріп, әл беріп,
Әр сөзің нұр құды санама
Тербетіп тәнімді
Желпіген жанымды,
Жарық күн – жан ана,
Арнадым әнімді
Ұшсын деп қыран боп қияға
Өсірдің мәпелеп ұяда.
Аяулы анасыз панасыз
Нәресте ақыл – ес жия ма?
4 – оқушы:
О, менің қасиетті жаным анам,
Қамқоршы арқа сүйер асыл данам
Өзіңді аңсап бүгін есейсе де
Аяулы ән жолдайды ақын балаң
О, анам алтыным деп аямадың
Мәңгілік бс иетін қасиетім
Анашым, өзіңсіз ғой сая бағым
Анажан, өзіңсіз ғой сая бағым
Таппадым өзіңе тең жер бетінен
Өмірде көрген талай азаптың
Әжім боп көрген талай азаптарың
Әжім боп көрініп тұр келбетіңнен
О, анам, мәңгі ұмытпай есіміңді
Ойыма жиі аламын осы күні
Қмірге бала әкелген өздеріңнен
Жаһанда кім бар екен кешірімді.
5 – оқушы:
Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағың,
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңірнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз – өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді ұашырмағың!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғы сөз басына.
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдай иілген бесігімді...
6 – оқушы:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын жан анам
Бізде доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмайсыз
Той күні бір – бірден
Аналарға сыйлаймыз.
7 – оқушы:
Анашымның мейірі
Күн шуағы сияқты
Маған деген көңілі
Бойға құяр қуаты
Ана мейірін маздаған
Қостым әнге өлеңге
Қуанамын міз болам-
Қуыршағым дегенде
Анашымның мейірі
Әкемнің ақ пейілі
Шексіз бақыт сыйлығы
Ән сыйлаймыз көңілді
Көркем еткен өмірді
8-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
9-оқушы: Аналық алтын борышың,
Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!
Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты.
10-оқушы: Аппақ қар болып шашың да,
Ағарып кетті-ау, жан анам.
Ақындығым да, даңқым да,
Қормалым сенің садағаң.
Өсіру мені о бастан,
Машақат еді не деген.
Ақ армандарды қууға,
Ақ тілегің ғой жебеген.
11-оқушы: "Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.
Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!)
2-жүргізуші: Дәурен
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне__Иса Ұлтуар_орындауында «Ана әке» атты әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Ұлтуар
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
«Қазақ биі» қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Дәурен
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
_Нариман Аяжанның орындауында «Ана мен сәби» әні қарсы алайық
1-жүргізуші: Ұлтуар
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп оқушыларымыздың «Вальс» биін қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Дәурен
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
1-жүргізуші: Ұлтуар
Қамымды ойлар күн- түні,
Анам- менің көктемім.
Ақтай алсам, үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып ...сынып ұл – қыздарыңыздың ұзтаздар мен аналарға арнап жасаған шағын сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Дәурен
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз _ Әмір Мөлдірдің _орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Ұлтуар
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
2-жүргізуші: Дәурен
Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға ...5 ата – анамызды шақырамыз, сол шыққан аналарымыздың балдары мен қыздарын шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).
1-жүргізуші: Ұлтуар
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Аналарымызға мың алғыс
2-жүргізуші: Дәурен
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада қыздар биі қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Ұлтуар
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым..
__Бағдәулет Нұрасылдың орындауында «Ана әке» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Дәурен
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
1-жүргізуші: Ұлтуар
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп көрермендеріміз аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік? Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек.
1. Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
4. Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
5. Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
6.Тапқан ана емес, баққан ана.
7. Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.
8. Анаға баланың алалығы жоқ.
9. Ердің анасы – елдің анасы.
10. Ананың ізін қыз басар,
Әкенің ізін ұл басар.
11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
12. Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
1-жүргізуші: Ұлтуар
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда Әбілқасым Дәуреннің орындауында «Қазақтай ел қайда» әні қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Дәурен
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап Маханбетәлі Ақеркенің орындауында «Қос бәйтерегім» әні қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Ұлтуар
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін директордың тәрие ісі жөніндегі орынабасары Өмірбекова Айнаш апайымызға береміз.
2-жүргізуші: Дәурен
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1-жүргізуші: Ұлтуар
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-сауболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!
1-оқушы: Жарты жанын бөліп беріп балаға,
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана.
Қиын күндер кешсе дағы басынан,
Міндет етпей жүрген адам сол ғана.
2-оқушы: Қасиетті жұмақ кілті табылар,
Алыс кетсең алаңдар да сағынар.
Аналарын сыйламаған адамдар,
Қашан болсын өз ісінен жаңылар.
3-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
4-оқушы: Аналық алтын борышың,
Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!
Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты.
5-оқушы: Аппақ қар болып шашың да,
Ағарып кетті-ау, жан анам.
Ақындығым да, даңқым да,
Қормалым сенің садағаң.
Өсіру мені о бастан,
Машақат еді не деген.
Ақ армандарды қууға,
Ақ тілегің ғой жебеген.
6-оқушы: "Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.
Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл əлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!
Адамзаттың ең бір асқақ бар əні,
Жыр еткемен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені -
Ана жайлы айтқан сөзі болады.
Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде -
Ұлым, сенің есімің!.. (Ерлан Жүніс)
Достарыңызбен бөлісу: |