«Қазақстан – 2050 стратегиясы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Білім күнін өткізудің Әдістемелік нұСҚаулығы кіріспе



Дата11.01.2017
өлшемі63,84 Kb.
#6950


Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі

білім беру ұйымдарында

«ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Білім күнін өткізудің ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ
Кіріспе
Әдістемелік нұсқаулықта 2013-2014 оқы жылында Білім күніне даярлықта және өткізуде мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері қолданатын әдістемелік және ақпараттық материалдары ұсынылған. Әдістемелік материалдар мерекені ұйымдастырудың инновациялық үлгілері мен әдістемелік ұсынымдардан тұрады.

Әрбір мереке бала үшін – өте маңызды уақиға, сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда Білім күні мектептегідей ерекше күн ретінде, әсіресе ересек және мектепалды даярлық топтарының балалары үшін жаңа оқу жылының басындағы мерекедей болуы тиіс.

Білім күні 1 қыркүйекте дәстүрлі өтеді және жаңа оқу жылының басы адамзаттық ақыл-ой мен таланттың алғашқы сатысын білдіреді.

1 қыркүйекте балабақшада мерекелік көңіл-күй, жаңа білімге құштарлық, қуаныш ахуалы орнатылуы тиіс. Ересек және мектепалды даярлық топтарының балалары өздерін ересек және болашақ мектеп оқушысы ретінде сезінулері керек.

Білім күні дарялығына мектепке дейінгі ұйымдардың ұжымы түгел қатысып, барлығы балалардың талабы мен талғамын қанағаттандыратындай болуы шарт.

Мерекенің кейбір мәселелері мен пайдалы кеңестерді қарастырайық. Сонымен, ең алдымен мерекенің белгісі – мектеп формасы. Бұл мерекеге әдемі көйлек кию міндетті емес, өзіне жарасымды сезінетіндей, талапқа сай болғаны жөн. «Мектеп формасы: жоғарғы жағы - ақ, төменгі жағы – қара». Екіншіден, балалар әлі мектеп оқушысы болмағандықтан, киімдері көңілдерін көтеретіндей болғаны абзал.

Байқаулар өткізуге тоқталсақ, мысалы, жұмбақтар шешу. Ересектер тобына қарапайым ребустар ойлап табуға болады. Ән және билерді қосуға болады. Мектеп пәндерін, мысалы, математика, информатика, ән, сурет салу, әліппе және логика қарастыруға болады. Балалар осы жаста дөңгелектен шаршыны ажырата алатындай, 2+2 қосқанда неше болатын білу керек. Әдебиет, дене шынықтыру және басқа да мектеп пәндері саласынан шамалы алуға болады. Әрине, жеке тапсырмалармен бірге топтық тапсырмаларды да қамтыған жөн. Керісінше, бұл өте маңызды. Балалар топпен жұмыс істеп үйренеді, командалық рухты дамытады. Соңында барлық жеңістерін мадақтап, жағымды сыйлықтармен немесе жай ғана тәтті тағамдармен қуантып қоюға болады.

Балалық шақ – бала интеллектісінің дамытатын, білімге құштарлығын оятататын және тек мектепте ғана емес, сонымен қатар өмір бойы адамдарға, отанына, еліне пайдалы болуға талпынуын қалыптастыратын жағымды кезең.



Мемлекет саясаты басты міндетті шешуге бағытталған – мектеп жасына дейінгі балалардың парасатты және рухани қалыптасуына, шынайы құндылықты табуға, ар, намыс, адамгершілігін сақтауына көмектесу.

Білім күнінің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың әлем туралы білімі туралы көзқарасын шығармашылық таланттың, мектепке даярлықтың негізі ретінде қалыптастыратын ойын түрінде жағдай жасау.

Міндеттері:

  • Білімділік – балалардың Білім Күні мерекесі туралы білімдерін бекіту, бір ойыннан екінші ойынға жылдам қосылуға үйрету.

  • Дамытушылық – ойлау қабілеттерін, ой-қиялдарын, таным жетілдіру; шығармашылық мүмкіндігі мен жалпы моторикасын дамыту.

  • Тәрбиелік – байқау кезеңінде эмоцилналды бауырмалдылығын, достық қарым-қатынасын нығайтуға, іс-шаралар ұйымдастыру барысында балалар мен педагогтар арасындағы өзара түсінушіліке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Балабақшада Білім күні жеке педагогикалық тәжірибені, балалардың дайындық деңгейін, олардың жас ерекшеліктерін және оқыту мен тәрбиелеу өзгешеліктерін ескере отырып, балалардың түсінігіне жеңіл, ойын түрінде өту керек.

Мереке барысында баланың ойын, қиялын, ептілігін дамытатын тапсырмаларды қолдану қажет; жеңіске жетуге сенімділік, жақсы нәтижеге жетуге талпынуға командалық рух беру керек. Балалар мерекеде көңілді және мереке олар үшін қызықты болуы қажет.



Мектепалды даярлық жаста балалардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Осы жаста баланың жеке танымдық қызығушылығы даму үстінде болады.

Сондықтан білім күнін ұйымдастырудың негізі тұлғалық-бағдарлы болуы шарт. Бала өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, басқа адамның көзқарысымен қарауға, өзіндік позициясын өзгертуге үйренуі тиіс. Екінші жағынан, бұл жастағы балаларда әлемге және бір-біріне сезімдік эмоционалдық қатынас басым болады. Балалық санада қалыптасатын ең маңызды құндылық бағдар сөзден, ойыннан, салған суреттен (ертегі кейіпкерін қайталау, жұмбақ, ребустарды шешу) қалыптастады және бекиді. Осы жағдайларды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері мереке күнін даярлауда және өткізуде балаға эмоционалды жағымды жағдай жасауға баса көңіл бөлуі керек.

Білім күнін өткізудің ең басты түрі слайд жүзіндегі музыкалық ойын-сауықпен оқу-тәрбие барысы, ән, балалық шақ, мектеп туралы оқылым, әңгіме, сұхбат, саяхат-ойындар, сырттай экскурсиялардың үзінділері бола алады.

Іс-шара өтетін музыкалық залдың безендірілуі: тақырыптық көрнекі құралдарды таңдап алу, оларды көрінетін қолайлы жерге орналастыру дайындық кезеңінің ажыратылмас бөлігі (кітап көрмелері, ақпараттық бүктемелі-папкалар, мультимедиялық құралдар, музыкалық орталық, ойыншықтар және т.б) болып табылады. Орталық қабырғаға немесе басты слайдта білім күні туралы бірнеше маңызды пікірлер жазу қажет.

Тәрбиеші балалармен әңгімені тақырыптан және осы іс-шараның өткізу себебін түсіндіруден бастауға болады. Осыдан кейін педагог балаларды жаңа оқу жылына бағыттау, ойлау әрекетін жандандыру үшін олардың назарын аударып сұрақ-жауап түрінде сұхбат жүргізеді (Білім не үшін қажет? Білімге қалай қол жеткізуге болады? және т.б.). Сабақ соңында педагог мектеп пен білімнің байланысына баланың назарын аудартып, білімнің әр қайсысына қажеттігін сезіндіретіндей тұжырым жасағаны жөн.

Білім күнінің мағынасын жақсы меңгеру үшін ойда жоқ сәтте көңілді ертегі кейіпкерлерін қатыстыра отырып (ересек), шұғыл түрде музыкалы, селт еткізетін ақпараттық сәтті ұйымдастыру қажет. Мерекелік ойын түрі балаларды шабыттандырып ойындарға, тақпақтар оқуына және басқатырғыштарды, жұмбақ сөздерді, ребустарды шешуіне қатысуға көмектеседі.

Осы іс-шараның мәні мен маңыздылығын атап өту үшін Білім күнін мектеп жасына дейінгі балаларға әр-түрлі формадағы дәстүрлі емес әрекеттерді қолдана отырып өткізуді ұсынады. Білім күні – бұл ерекше білім мерекесі. Балалардың бұл мерекеге дайындық мүмкүндігі шектеулі болатынын ескере отырып, педагогикалық ұжымға бұл мерекенің маңызды өтуін өз мойнына алуына тура келеді. Сондықтан оқу-тәрбиелік әрекетте музыкалық қонақжай, концерт, «Ғажайып әлем», зерттеу-сабағы, ойлау-сабағы, біріктірілген сабақтар сияқты формаларды қолданған жөн.
«ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Білім күні

сабағының мазмұны
Бірінші сабақта Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалуы қажет. Ардагер-тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері және таңдаулы оқушылар шақырылса, нұр үстіне нұр.
Білім сабақтары қандай болуы қажет?

Білім сабақтарын өткізу формалары алуан-түрлі.

Осыған орай, білім сабағын ҚР Білім және ғылым министрлігі «Стратегия «Қазақстан - 2050»: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткізуді ұсынады.

Білім сабағының формасы үлкен мәнге ие. Сондықтан саяхат-сабағы үшін, - сайыс, - ойындарды мақсатты түрде қолдану.

Сабақтарда тарихи және өңірлердің заманауи дамуы (ауыл, қала, өңір) туралы материалдарды мақсатты түрде қолданған жөн.

Сонымен қатар сабақтарда еліміздегі қоғамдық маңызы бар оқиғаларды қолдануды ұсынамыз:

2012 жылы маңызды оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. «Мектепке дейінгі білім беру жалғастырылуы тиіс, тек сонда ғана болашақта тұлғаның жан-жақты қалыптасуына негіз қаланады».



2013 жыл – астанамыз Астананың 15 жылдығы. Астана – қарқынды даму үстінде жаңа бағыт алған Қазақстаның жаңару символы, еліміздің тәуелсіздігінің баянды белгісі. Астана бүгінгі күннің маңызды мемлекеттік, экономикалық, инвестициялық және саяси жобаларына айналды.

Білім күні сабағының бір кезеңін Астананың қалыптасу тарихына арнауды ұсынамыз.

Білім күні іс-шарасына дайындық кезеңінде білім алушының жеке, дара қабілеттері мен қызығушылығы ескерілуі тиіс.

Осылайша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім күні сабағы тәрбиеленушінің жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлттық мәдениетке, қазақ халқының тарихи дәстүрлеріне құрметке көрсетуге негізделген адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағдарланған тәрбие жұмысына екпін береді деген сенімдеміз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет