Осылайша 2030 стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Сондықтан Елбасы Жолдауында негізделген еліміз дамуының жаңа стратегиясы «Қазақстан – 2030-дың» үйлесімді жалғасы болып табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.
Президент бұл биікті бағындыру жолындағы бірінші дәрежедегі маңызды мақсат-міндеттерді айқындады:
- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
- Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
- Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
- Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
- Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
- Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.
- Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.
Осынау өршіл мақсат-міндеттерді іс жүзіне асыру қай салада болсын қарбалас жұмыстарды талап ететіні даусыз. Оның ішінде білім беру саласының алдында тұрған міндет аса жауапты екені даусыз. Өз дамуының құбылмалы әлемдегі жаңа кезеңіне қадам басқан еліміздің қатаң бәсекелестікте жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуы – осы міндеттерді іске асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа стратегиясы жоғары мектептің алдына қоятын міндет аса жауапты: «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді».
Жолдауда көрсетілген халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету міндеті техникалық білім ордасы – академик Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыған орай университет алдында таяу болашақта жүзеге асырылуы тиіс міндет жүгі салмақты.
Ең алдымен, Жолдауда атап көрсетілгендей, жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Осы орайда басқару шешімдерінің тек қана экономикалық мақсаттылық және оқу орнының мүддесі тұрғысында қабылдануын қамтамасыз ету, конференциялар мен семинарлар өткізу, сондай-ақ іс-сапарларды университет есебінен қаржыландыруға тиым салу қажет деп есептеймін. Сонымен қатар оқу орнының жаңа кезеңдегі саясаты қызметінің тиімділіне қарай құрылымдық бөлімшелер санын қысқарта отырып, университеттің ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесін өзгертуді талап етеді. Осы орайда бюджеттік-қаржылық жоспарлау ісіне де, шығыстарды қысқарту мақсатында, өзгертулер енгізу қажеттігі сөзсіз
Жолдауда атап көрсетілген инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатына сәйкес, техникалық оқу орны ретінде университет алдында тұрған міндеттер ауқымды. Бұл бағыттағы міндеттерді жүзеге асыру қазіргі күнде қолға алынған университеттің ғылыми-инновациялық және технологиялық кешенін құрудан басталады.
Елбасы Жолдауында біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі – жаңа қазақстандық патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте университет ұжымы алдында тұрған мақсат қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Сондықтан университет оқытушы-профессорлық құрамының қызметі ең алдымен жастарымыздың бойында елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялататын жаңа қазақстандық патриотизмдітәрбиелеуге, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға, этностық немесе басқа да белгілер бойынша кемсітуге жол бермеуге бағытталады.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Жолдауда атап көрсетілген осы міндеттерге орай, университет ұжымы әлемдік білім және ғылым кеңістігіндегі ықпалдастық аясында техникалық ағылшын тілін тереңдеп меңгеру, алдағы әліпбиімізді латын қарпіне көшіру дайындығына кірісу шараларын қолға алады. Сонымен қатар, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру одан әрі жалғасын табады. Университет ұстаздары орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару жөніндегі терминдік комиссия құрылуына атсалысатын болады.
Қалыптасқан Қазақ мемлекетінің жаңа саяси бағытын айқындаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы жастарға қарата: «Ал кейінгі толқын жастарғаайтарым:
Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер.
Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.
Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.
Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш», деді.
Елбасы алға қойған асқаралы міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы жолында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жоғары білікті инженер кадрларын даярлайтын жетекші орталық ретінде өзіне жүктелген жауапкершілік пен сенім үдесінен көріне біледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |