Қазақстан 12-жылдық мектептің құрылымын көрсететін кесте құрыңыз


Тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау



бет2/4
Дата16.06.2023
өлшемі95,93 Kb.
#178871
1   2   3   4
Байланысты:
Ележан.А.(Физика) Педагогика

Тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

  • Тұжырымдаманың міндеттері:
  • 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатынміндеттерінқұрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.
  • осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;
  • Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
    • Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
    • 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
    • Жалпы орта білім беру құрылымы.
    • Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
    • Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
    • Педагогикалық кадрлар.
    • Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
    • Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
    • 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.

І. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесіБілім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:

  • Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
  • Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
  • Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
  • Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
  • Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет