Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып, елді дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық.Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді.Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды.Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық.