«Қазақстан 2030» және «Қазақстан 2050» Даму страгеиялары


Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі



бет13/13
Дата07.02.2022
өлшемі32,95 Kb.
#92332
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Тарих Мерей 9

Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:

  1. Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін

Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру.

  1. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету.

  2. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз

ету, оны барлық салаларда қолдану.

  1. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау.

  2. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру.

  3. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни

сана-сезімді қалыптастыру.
Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет