Қазақстан археологиясы



бет133/138
Дата09.09.2023
өлшемі2,7 Mb.
#180568
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
Байланысты:
Учебник. Археология Казахстана

Бифас — екі шеті өңделген құрал.
Бойтұмар – зұлым күштерден қорғайды, тылсым күшке ие деп есептелінген қасиетті зат.
Глазурь – керамикалық бұйымдар мен әшекейлерге жағылатын шыны тәрізді жабын, ол заттың беріктігін арттырған, ылғалдан сақтаған.
Голоцен — геологиялық кезең. Шамамен осыдан 12-10 мыңжылдық бұрын плейстоценнен кейін қалыптасқан төрттік бүгінгі түзілімдер.
Граффити – жартасқа, баспана қабырғасына, қыш ыдыстарына салынған фигуралар, суреттер немесе жазулар.
Дандана – қырынан бір қатар етіп қойылған кірпіш қаландысы.
Дастархан – саз балшықтан күйдіріліп, дөңгелек етіп жасалынған жозы.
Дәнүккіш – бидайды, т.б. дақылдарды ұнтақтауға арналған құрал.
Дәстүр – артефакт тұрпатының сипатына қарай идентификациясы жасалатын тұрақты технологиялық немесе мәдени құрылым.
Денудация – тау жыныстарының бұзылу процестерінің жиынтық атауы және табиғи күштер (су, жел т.б.) әсерінен олардың төмен сырғуы, жылжуы.
Дефляция – тау жыныстарының табиғи күштер әсерінен бұзылуы, үнілуі, өзгерістерге ұшырауы. Қуаң аймақтардағы ескерткіштердің жас шамасын анықтауда палеолиттанушылар тас құралдарының сыртқы қабатындағы өзгерістерге сүйенеді.
Дромос – обаға арнайы жасалған дәліз.
Дольмен – үсті тас плиталармен жабылған, үлкен тастармен тұрғызылған ғұрыптық немесе жерлеу құрылысы.
Доместикация – жабайы жануарларды қолға үйрету. Кейде жабайы дәндә-дақылдарды мәденилендіруді де осылай атайды.
Жарқыншақ – кез келген жаңқалаудан қалған өнім; вентраль бөлігі сақталған. Соққы қырының болуы міндетті емес.
Жерлеу ғұрпы - өлген кісіні ақырғы сапарға аттандыру рәсімі. Оған мүрденің аяқ-қолын бүгу, қырынан қою немесе шалқасынан жатқызу, қасына жерлеу саймандарын орналастыру секілді ғұрыптық іс-әрекеттер кіреді.
Жерлеу камерасы – қима ағаштармен немесе тас плиталарымен қабырғасы өрілген мүрде қойылатын оба, қоршау астындағы орын.
Жерлеу саймандары – қабірдегі мүрде жанына қойылған заттар.
Жертөле – жерге тереңдете қазылып, үсті ағаштармен жабылған баспана.
Заттай мәдениет – қазба кезінде табылған түрлі технологиялар мен артефактілер жиынтығы.
Зират, қорым – жерлеу кешені. Ол бірнеше обалардан, қоршаулардан, т.б. тұрады.
Зооморфты – жануар сұлбасының бейнеленуі.
Идол – тас, ағаш немесе сүйек материалдардан жасалған мифологиялық немесе эпикалық кейіпкер, «тәңірдің» мүсіні.
Ингумация – мүрдені шұңқырда, қабірде жерлеу.
Инкрустация – бұйымға басқа материалдар немесе асыл тастар орнатып дайындау.
Кескіш – шеті үшкір, ұзын келген тас тілікшесі.
Кенотаф – алыста жүріп қайтыс болған адамның сүйегі қалмаған (табылмаған) жағдайда тұрғызылатын еске алып тұру обасы.
Керуен сарай – керуендер аялдайтын, тоқтап тынығатын кешенді имарат. Оған саяхатшылар, т.б. жолаушылар да тоқтаған.
Кремация – қайтыс болған адам денесін өртеу ғұрпы.
Крица – құрамында шлагы көп кеуекті қатты темір массасы.
Кромлех – жеке тұрған ірі тастар, әдетте дөңгелек тұрпатта орналасады.
Қыш ыдыстары (керамика) – саз балшықтан тұрпаты жасалып, отқа күйдірілген бұйым. Жалпылама түрде өндірістік, тұрмыстық және ғұрыптық болып бөлінеді.
Леваллуа – тас өңдеу техникасы. Алдымен мұқият дайындалған дөңгелек пішінді өзектастан тас тіліктері соғылып алынады. Одан соң тас тілігінен қажетті құрал жасалған. Бір жағы дөңестеу, келесі беті жалпақ болып келеді.
Локализация – үш жақты фиксацияланған археологиялық олжалардың уақыт пен кеңістік аясындағы жағдайы.
Макролит – ірітас; ірі етіп шағылған тас құралдары.
Мәдени дәстүр – ұзақ уақыт бойы ерекше құралдардың немесе технологиялардың сақталуы, ол археологиялық мәдениет жойылғаннан кейін де біршама уақыт сақталып қалады.
Мәдени қабат – археологиялық олжалар кездесетін қабат.
Мәдени эволюция – түрлі мәдени үрдістер нәтижесінде уақыт талабы бойынша адам мәдениеті өзгеріске ұшырайды дегенді білдіретін теория.
Меандр – бұрмаланған сызық түріндегі өрнек. Ирелеңдеп, бұрмаланып ағатын Меандр өзенінің атымен аталған.
Мегалиттер – үлкен тас блоктарынан тұрғызылған ежелгі құрылыс.
Менгирлер (сымтастар) – тігінен тұрғызылған ұзынша тас плиталары, кейде қатарласа, кейде параллель түрде көміледі.
Мешхед – мұсылмандар мінәжат ететін бейіт.
Миграция – бір жерден екінші жерге қоныс аудару.
Микролит – шағын тас; шағын тас трапеция, сегмент, үшбұрыш тұрпатындағы тас тіліктері. Көбіне шаруашылық құралдарына қыстырма, қондырғы ретінде қолданылған.
Миоцен – неоген жүйесінің төменгі бөлімі.
Наус – исламға дейінгі әулеттік мүрдехана.
Оба – топырақтан, тастан тұрғызылған қабір үсті құрылысы.
Оссуарий – мүрде қалдықтарын (күл, сүйек) салатын қыш ыдыс.
Остеологиялық материалдар – малдың, жан-жануарлардың сүйектері.
Ошақ – баспана ішінде, жанында от жағылған орын. Әдетте қаланған тастары, ошақ шұңқыры, күл қалдықтары, т.б. бойынша анықталынады.
Өзектас – нуклеус – құрал дайындау үшін арнайы өңделген тас. Ерте кездері төменгі палеолитте дөңгелек, мустье дәуірінде пирамида пішіндес, жоғарғы палеолитте призма тәрізді түрлері шыққан. Тас дәуірінде олардан басқа бірнеше түрі бар.
Пандус – қоғамдық ғимараттарға баспалдақ түрінде жасалған еңіс не жайпақ жай.
Пектораль – кеудеге тағылған зергерлік бұйым.
Петроглиф – тас плиталарға, жартастарға қашап салынған суреттер.
Плейстоцен – геологиялық бөлім атауы. Ол төменгі, ортаңғы және жоғарғы болып бөлінеді. Плейстоценді голоцен алмастырған.
Пышақ тәрізді тас тілік – призма пішінді өзектастан шағылып алынған ұзынша келген еңбек құралдары.
Реверс – тиынның (монетаның) сол беті.
Саркофаг – ағаштан жасалған (діңгек, т.б.) табыт-астау.
Соққы алаңқайы – тас құралдарын соғып немесе шағып түсіруге арналған жазық бөлік.
Тагора – тағара – шылапшын, шара секілді керамикалық ыдыс.
Тас тілік – ені ұзындығынан кемінде екі есе кіші, ұзынша келген тас құралы.
Тас жаңқа – тасты өңдеу барысында оның сыртынан шағып алынған бөліктері.
Тасөзек - ядрищетас құралдары шағып алынған жұмыр тас кесегі.
Терракота – балшықтан күйдіріліп жасалған мүсіндік туынды, кейде боялуы да мүмкін.
Түзету – ретушь – өңделіп жатқан құралдың үстінен ұсақ жарқыншақтар мен қабыршақтар алу.
Фасад – қабырғаның сыртқы көрінісі. Архитектуралық ансамбльге сай бірнеше түрлерге (бас, бүйір, көше, аула, т.б.) бөлінеді.
Хум – азық-түлік немесе ауыл шаруашылық өнімдерін сақтауға арналған үлкен құмыра.
Чоппер – малтатастан дайындалған ұзындау келген көлемді тас құралы. Екі-үш соққымен бір шеті ғана өңделеді.
Чоппинг – екі шеті де бірнеше соққылармен өңделген малтатастан жасалған көлемді тас құралы.
Циста – жәшік түрінде жұқа тас плиталармен қаланған қабір.
Экофакт – адам қолымен жасалмаған, бірақ мәдениетті зерттеуде маңызы бар археологиялық олжалар. Мысалы, сүйек, өсімдік, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет