2
эстетикалық, мәдени құндылықтары жоғары. Петроглифтерде күнбасты құдайлар, шоқпар ұстағандар,
қасқыр бетпердесін киген садақшылар, қару ұстаған жауынгерлер, мал мен адамды
құрбандыққа
шалған суреттер
, босанып жатқан әйелдер, эротикалық көріністер, арба мен түрлі символдар, жабайы
аңдар, жылқы мен түйе, қабан, қасқыр, түлкі, бұғы секілді белгілерді табасыз. Бұл сол кезеңде өмір
сүрген адамдардың ойының кеңдігін, қиялының ұшқырлығын көрсететіні анық.Тамғалы шатқалы
Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170
шақырым жерде
, Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс
беткейінде орын тепкен .Тамғалының Таңбалы деп аталуына тікелей жергілікті жұртшылықтың
тигізген әсері бар. Себебі, ондағы таңбалардың көптігіне байланысты халық Таңбалы деген атау таққан.
Жартылай шөлейтті жердің табиғаты көрген көзге керемет әсер қалдырады. Тамғалыдағы тамаша
қырма суреттерден бөлек сирек кездесетін өсімдіктер мен жабайы аңдар жетерлік. Атап айтқанда,
қасқыр, түлкі, қоян, жылан, құстардан бүркіт, сұңқарды көруге болады. Мемлекет деңгейінде қорғалып
келе жатқан Тамғалыға он энциклопедия арналған, сонымен қатар «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасының аясында «Мультимедиялық энциклопедия коллекциясына» енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: