40
басылымдарды ұстанған бағыттарына байланысты ресми және бейресми газет-журналдар
деп жіктеуге де
болады. Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты»
басылымдары
жатады. Өйткені бұл газеттер патша үкіметінің ресми органы еді. Оған дәлел
бұл басылымдарда барлық
патшалық губерниялық газеттердегідей ресми және ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде үкімет және
әкімшілік органдардың жаңалықтарымен қатар,
олардың жарлықтары
, түрлі нұсқаулары мен бұйрықтары
басылып отырған. Сонымен бірге «ақ патшаға» арналған немесе оған деген адал
берілгендікті білдіретін
мақалалар да жарияланған.Бейресми бағыт ұстанған мерзімді басылымдар «Үш жүз», «Тіршілік»
тәрізді
газеттер болды. Бұл басылымдардың барлығы да жалпы халыққа өз заманының саяси ахуалы, әлеуметтік-
экономикалық дамуы, оқу- ағарту жайлы мағлұматтар беріп отырды. Сонымен бірге қазақтың жазба әдеби
тілінің дамуына үлкен ықпалын тигізді.Аттары аталған мерзімді
басылымдардың беттерінде жарияланған материалдар әр түрлі тақырыптарды қамтыған. Ендеше газет
беттеріне жарияланған мақалалардың авторлары кім болды екен? деген сұрақ туындайды. Оған жауап беру
үшін осы мерзімді басылымдарды қарастырып шығу керек.Отандық ғалымдардың ерен еңбектерінің
арқасында «Дала уалаятының газеті» (1994), «Қазақ» газеті (1998) және «Айқап» журналы (1995) жеке-жеке
жинақ болып құрастырылып шыққан болатын. Ал 2014 ж. Орал қаласында «Ұран газеті. 1917–1918 жыл»
жинағы бысылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: