1. Берілген сұрау есімдіктерін қолданып, мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның
көзқарасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.
Сұрау есімдіктері
Талқылау сұрақтары
Қалай?
Не cебепті?
Қандай?
Не үшін?
2. «...Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды...» деген ойды жалғастырып, автор көтерген мәселеге баға беріңіз.
Тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз.
2-мәтін
Бүгінгі жастардың тіл мәдениеті соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде.Сөйлеу мәдениетіне үлкен мән берген халқымыз «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді»дейді.
Кез келген халықтың тарихына үңілсеңіз де, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыз. Шешендік өнерге биік парасат, жоғары мәдениеттілік керек. Ал мәдениеттілік тілмен тығыз байланысты.
Мәселен, бүгінгі таңдағы жастарымыз мүлдем батыстанып бара жатқан тәрізді. Олар қазақ халқының сөз кестелерін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келе ме, шетелдің жаргон сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Қазақ халқы қашан да сөзге шешен, суырыпсалма, дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарып отырған емес пе?! Бүгінгі жастардың сөйлеу мәдениеті мүлде өзгеше дәрежеде, жастарымыздың бір ауыз сөздің өзін кібіртіктеп, тұтығып барып әрең жеткізетініне бәріміз де куә болып жүрміз. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар.
Кейбір жастарымыз үйде, көшеде,қоғамдық орындарда бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Тіл ерекшелігі, сөйлей білу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз – ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж.Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деген. Ендеше, түкке тұрғысыз сөздерді түбімен жоймасақ та, аз да болса дұрысырақ сөйлеп үйренейік.
2. 2-мәтіндегі автор көзқарасын танытатын негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазыңыз. Орфографиялық нормаларды сақтаңыз. Сөз көлемі – 100-130