Банк депозиттері - банкке ақша салымы, банк пассивтерінің бөлігі.
Банкнота - банк билеттері, орталық эмиссиялық банк айналысқа шығарған қағаз, ақша белгілері, банкир векселі, банктің борышқорлық міндеттемесі.
Банк пайызы (несие пайызы) - коммерциялық іс-әрекеттерді ынталандырушы ретінде қолданылатын несиенің бағасы.
Бәсеке - тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық , тауарларды өндіру мен ткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда табу.
Бәсеке іс-әрекеттердің - қандай болмасын салада ұнамды нәтижелерге жету үшін жүретін экономикалық сайыс, тауар өндірушілердің ұтымды шаруашылық жүргізудің шарттары үшін, нақты тапсырма алу үшін сайыс.
Биржа - көтерме сауда нарығының тұрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек т.б. биржасы болып екіге бөлінеді.
Биржа дүрлікпесі - тауарлар бағасының және кейбір қағаздардың бағамының қысқа мерзімде күрт өсіп кетуі.
Болжанбаған инфляция - экономикалық қатынастардың субъектілерінің күтімінен, инфляцияның деңгейінің жоғарылауының артық болуы
Бюджет- мемлекеттің(қаланың ,ауданның,мекеменің ), отбасының немесе жеке адамдардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылатын және мемлекеттік бюджетке енгізілмейтін мемлекеттік ақша құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: |