2 АПТА
Тақырып 2. Бизнестегі жоспарлау
1. Бизнесті жоспарлау үрдісі: мәні және оны жүзеге асыру сатылары.
2. Бизнесті жоспарлау үрдісінің ұйымдастырушылық факторлары.
3. Бизнесті жоспарлау түрлері.
4. Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жоспары. Бизнес-жоспарды құру әдістемесі және жасап шығарылуы.
Нарықтық экономиканың қызмет ету жағдайында мінез құлық іс-әрекеттер стилін Кәсіпкерлік сипаттайды. Бұдан Кәсіпкерлік қызметтің жоспарлаумен көп ортақтығы жоқ сияқты болып көрінеді.
Көпшілігі жоспарлау нарыққа, ал нарық жоспарлауға қарама-қайшы деп ойлайды.
Бұл ұғым дұрыс, егер ғміршілдік-әкімшілдік басқару әдістерін нақтылы көрстетін, шаруашылық қызмет еркіндігін тежейтін директивті жоспарлау түрі болса, Мұндай жоспарлау, әрине, нарықпен мүлде байланыссыз.
Бірақ нарық жағдайында Кәсіпкерлік қызметке қолданы-
латын шаруашылық ұйым деңгейінде еркін жоспарлау қажет және болмай қоймайды.
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ойдың негізіне жасаудың және қалаулы нәтижені алу сенімділігінің міндетті шарты екен-
дігін шетел тғжірибесі мен логикасы мақұлдайды.
Егер кәсіпкер өз алдына, мысалы өз фирмасын құру, жаңа өнім шығару немесе мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру міндетін қойса, алдымен ол оны қалай жасайтынын мұқият жос-
парлау қажет. Табыстың ең маңызды шарттарының бірі осында, сғтсіздіктің алдын алу және тәуекелді төмендету.
Жаңа Кәсіпкерліктің басым бөлігі күйретуге ұшырайтынын әлемдік тғжірибе көрсетеді.
Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 600 мың кәсіпкер өз ісін бастайды, олардың ішінен тек жартысы 1,5 жыл тұра алады және текбесеуінің ішінен біреуінің ғана 10 жыл ішінде күйретуге ұшырамау қолынан келеді.
Бұл нарық жағдайында жоспарлау қажеттігін көрсетеді. Нарық көшті болған сайын, жоспар маңызды.
Кәсіпкерлік бизнеспен тең құқылы теңестірілуіне байла-
нысты, Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру жоспары шетелде бизнес-жоспар деген ат алды, соңғы уақытта отандық тғжірибеде қолда-
ныла бастады.
Бизнес жоспар дегенді қалай түсінуге болады.
Бизнес-жоспар-бұл қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, шаралар мен әрекеттердің мақсаттары мен ресурстарына сғйкес, уақытта және кеңестікте байланысқан жүйесі.
Бизнес-жоспардың міндеті кәсіпкерге келесі сұрақтарды шешуге көмектесу:
1. өткізу нарығының болашақтағы даму перспективаларын және сыйымдылығын зерттеу;
2. нарыққа қажетті өнімдерді өндіру мен өткізу үшін қажетті шығындарды бағалау, кәсіпорынның пайдалығын анықтау мақса-
тында оны сатуға болатын олардың бағаларын салыстыру;
3. Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде пайда болуы мүмкін қиындықтарды анықтау;
4. істің жағдайын тұрақты анықтауға көмектесетін көрсет-
кіштерді бөліп көрсету.
Бизнес-жоспар инвестицияның негізін салу, инвесторларды тарту және қаржылардың әр түрлі түрлерін қолдану үшін негізгі құжат ретінде қолдануы мүмікн.
Егер сыртқы қаржыландыру талап етілсе, шебер және мұқият құрастырылған бизнес-жоспар, жобаны объективті бағалауға қызығушы адамдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Оны көптеген кредиторларды қанағаттандыратын қаржы өтінішіне тез айналдыруға болады.
Бизнес - жоспардың құндылығы. Ол:
бәсеке жағдайында болашақ кәсіпорының өмір сүруін анықтау мүмкіндігін береді;
кәсіпорынды құрукезеңінде бизнесмен сғйкес әрекет ететін бағыттарды көрсетеді;
сыртқы инвесторлардан қаржылық көмек алудың маңыз-
ды құралы.
Нақты және шынайы бизнес-жоспарды жасаудың алдын-ала қажетті шарты тхнико-экономикалық негіздеме құрамына келесілерді кіргізу ұсынылды:
1. өндіруге жоспарланған өнімге, тауарға немесе қызмет көрсетулерге сұранымды талдау;
2. өндірістік көрсеткіштері;
2.1. Конструкторлық, технологиялық және басқа талап етілген құжаттардың болуы;
2.2. өндірістік бағдарлама;
2.3. Бағдарламаны орындау үшін қажет машиналардың, жабдықтардың, құралдардың, негізі өндірістік қорлардың басқа элементтерінің, сонымен қатар шикізат пен материалдардың болуы;
2.4. өндірістік қуат немесе олардың жасау жобасының болуы;
2.5. Қолда бар жабдықтар мен басқа негізгі өндірістік элемен-
тер;
2.6. Жекеленген өнім немесе қызмет көрсету түрлерінің рентабельдігі;
2.7. Амортизациялық уадаррым шамасы;
3. Қаржы көрсеткіштері;
3.1.өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түсетін ойдағы түсім;
3.2. Материалдық және басқа оған теңестірілген шығындар мөлшері;
3.3. Ұйғарылған бюджетке аударымдар;
3.4. Таза пайда;
3.5. Еңбек ақы қоры;
3.6. Жасалатын басқа қорлар мөлшері;
4. Ғулеметтік көрсеткіштер;
4.1. Қызметкерлердің ұйғарылған саны;
4.2. Күтілген еңбек істеушіге орташа сатулар;
4.3. Бір жұмысістеушіге орташа сатулар;
4.4. Мүгедектер мен зейнеткерлер еңбегін пайдалану мүмкіндігі.
Бизнес-жоспардың негізгі элементері: мұқаба, кіріспе білім (жобаның түйіні), аналитикалық білім, мазмұныды білім (жобаның мәні) және фирма ішіндегі жоспарлау білімдері болып табылады.
Бизнес-жоспарлаудың негізі кезеңі - бұл жобаны бастауышы-
ның бағалауы:
өнім (қызмет көрсету) мүмкіндігі, қажеттігі және көлемі;
әлеуетті тұтынушылар;
сыртқы және ішкі нарықтағы өнімнің бәсекелестік қабі-
леті;
өз нарық сегменті;
тиімділіктің (коммерциялық, аимақтық, бюджеттік) әр түрлерінің көрсеткіштері;
бизнес идеяны бастаушыда капиталдың және қаржылан-
дырудың мүмкіндік көздерінің жеткіліктілігі.
Сонымен, бизнес-жоспар бұл:
жобаның тиімділігі инвестордың көзін жеткізетін дғлелдер жүйесін бағалау;
кәсіпорының өмір сүру қабілетінің деңгейін және болашақта тұрақтылығын анықтау;
кәсіпкер қызметтің тәуекелін көру білу;
дамудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесі түрінде бизнес болаШағын нақтылау;
жоспарлаудың бағалы тғжірибесін алу жолымен ұйымдас-
тыруға және оның жұмысортасына болашақтық (стратегиялық көзқарасты дамыту).
Бизнес - жоспарды құрастыру алдында бизнес-идеяның болаШағына көз жеткізу қажет.
Ең кішкентай бизнес-жоспарды жасау, қажетті құжаттарды жинау, ресімдеу екі апта шамасынды көш салып жұмысістеуді, ал орта және ірі бизнес-жоспар ай және одан көп уақытты алады.
Салмақты инвесторлар бизнес-жоспарды кәсіпорын басшасы жеке өзі ұсынуын, тіпті оны сырттан жасаушылар тартылған жағдайда бизнес жоспарды жасауға оның белсенді қатысуын талап етеді.
Кәсіпорын құрамында бизнес-жоспарды жасаған және оны жүзеге асыруға дайын адамдар болса, әріптестер мен инвесторлар-
ды іздеуде мүмкіндіктер көбейеді.
Бизнес - жоспарды жасауды тікелей өнімді (қызмет көрсетуді) сипаттаудан бәсекелестік қабілетке және патентік - лицензиялық сұрақтарға ерекше назар аударудан бастау қажет.
Әрі қарай маркетинг және сату білімі, нарық пен өткізу көлемі анықталып жасалады. Бұл білімдер негізі болып табылады - өнімді өткізу сұрағын шешусіз басқа қалған білімді жасаудың мәні жоқ.
Ақпараттарды алғашқы жинау мен талдауға уақыт аямау керек, өйткені сізге әр түрлі инвесторлар үшін бизнес-жоспардың бірнеше нұсқасын құруға тура келуі мүмкін.
Жобаны жүзеге асыру тиімділігіне, тәуекел мүмкіндігін мен инвестицияны қайтару кепілдемесіне ерекше назар аудару қажет. Жобаға қысқаша атау беру өте маңызды, кейін кәсіпорынның сыртқы маңдайшасында, жарнама материалдарында және т.б. көрініп, бизнеспен бірге өмір сүреді.
Жақсы атау сіздің айналысатын ісіңізге сғйкес келуі, сіздің бизнессіңіз немесе орналасқан орынын көрсетуі, бизнес-жоспар-
дыңмұқабасында, көзге түсетін жердің бәрінде сіздің бастамаңыз-
дың тағдырына ықпал өте алатын адам көзіне жағымды әсер тудыруы қажет.
Бизнес - жоспардың құрылымы мен мазмұныы қатаң белгілен-
беген.
Горфинкель В.Я., Поляк Г.Б., Швандар В. А., көз қарасы бойынша құрамына жеті білім енетін бизнес-жоспар ең жақсы болып саналады.
Білім 1. "Кәсіпкерлік келісім мақсаттары және міндеттері".
Кәсіпкерлік бизнестің басты мақсаты - пайда алу. Ойдағы келісімді жоспарланғанда, алдымен қандай сомадағы алуға бола-
тынын анықтап, жобаның қалаулы пайда әкелу қабілетіне көз жеткізу керек.
Білім 2. "Бизнес-жоспардың жалпылама түйіні, негізгі пара-
метрлері және көрсеткіштері жиынтық болып табылады және жоспардың негізгі идеяларын және мазмұныын кішігірім түрде ұсынады".
Білім 3. "Кәсіпкердің тұтынушыға ұсынатын өнім, тауар, қызмет көрсету сипаттамасы".
Білім 4. "өткізу нарығының конъюктурасын, сұранымды, сату көлемін талдау және бағалау" - қажеттілікті зерттеу және бағаны болжаудың тікелей жалғасы.
Білім 5. "Әрекеттер жоспары (бағдарламасы) және ұйым-
дастырушы шаралары" көбінесе Кәсіпкерлік қызмет (өндірістік, коммерциялық, қаржылық) түріне байланысты.
Білім 6. "Келісімді ресурспен қамтамасыз ету" Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру үшін қажет ресурс түрлері мен көлемдері туралы, ресурстарды алу көздері мен әдістері туралы туралы мәліметтер болады.
Білім 7. "Келісім тиімділігі" бизнес-жоспарды аяқтайтын білім. Кәсіпкерлік келісім тиімділігінің жиынтық сипаттамасы келтіріледі. Тиімділіктің жиынтық көрсеткішінді - алдымен келісімнің пайда және рентабельдік көрсеткіштері. Одан басқа әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік (жаңа ғылыми нәтижелерді алу) ескеріледі. Бұл білімде Кәсіпкерлік келісімінің ұзақ мерзімді әсерін талдау орынды.
Мамыров Н. К. және басқалар (1997 ж.) бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұныы қатаң реттелимеген, бірақ белгілі білімде-
р енуі керек деп санайды:
1. түйіні (резюме);
2. тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар немесе қызмет көрсету сипаттамасы;
3. өткізу нарығын бағалау;
4. бәсеке;
5. маркетинг стратегиясы;
6. өндіріс жоспары;
7. ұйымдастыру жоспары;
8. заң жоспары;
9. тғукелді бағалау мен сақтандыру;
10. қаржы жоспары.
1. Резюме (түйін).
Бизнес жоспар соңымен басталады, ғғни түйінен (оның көлемі машинамен басылған 4 беттен көп болмауы тиіс). Онда негізгі идеялар және жоспардың мазмұныың кішігірім түрде ұсынылады. Көбінесе бұл білімде болады:
жобаның басты мақсаты;
Кәсіпкерлік өнімнің қысқаша сипаттамасы, бәсекелестер-
дің өнімдерін өндіріске ұсынылатын өнімнің жаңашылдығы және ерекшелігі;
жобаны жүзеге асыру мерзімі;
іске салынған салым рентабелдігінің деңгейі;
ұсынылатын сату көлемдері туралы мәліметтер;
жобаны жүзеге асыруға шығындар;
күтілетін тиімділік және нәтижелік (түсім, пайда, рента-
бельдік).
Бизнес-жоспардың таныстыру бөлігі ретінде түйінді анық, сендіретін жасау керек. Қысқа, жинақталған бизнес-жоспардың шебер құрастырылуы барлық жоспардың тартымдылығының маңызды шарты.
2. Бизнес-жоспардың негізгі бөлігі болашақ тұтынушыларға ұсынылатын өнімді, тауарды немесе қызмет көрсетуді сипаттайтын білімнен басталады. Бұл білім нақтылықтың жоғары деңгейінде мұқият дғйектеуді талап етеді. өнімді (жұмысты, қызмет көрсету) сипаттау кезінде тұтынушылық қасиеттері, бәсекелестердің тауарларынан негізгі ерекшеліктері, патентермен және авторлық куғліктермен қорғау дейгейі көрсетіледі, тауардың ойлап шығары-
луы беріледі. Бұл білімде өндірісте талап етілетін шығындар мен бағалардың болжамы берілуі тиіс. Республикада нарықтық эконо-
миканың қалыптасуына және инфляцияның жоғары деңгейіне байланыстыКәсіпкерлік өнімнің бағаларын болжау бизнес-жоспарды құрастырудың ең қиын элементі.
3. өткізу нарығы бағалау - бизнес-жоспардың маңызды бөлігі. Ол нарықты жинау мен өндеуді талап етеді. Білім көлемі әдетте 5-6 бетті құрайды. Оның негізгі мақсаты - тауарды немесе қызмет көрсетудің жоспарланған өндірісіне тұтынушының табатын (нишаны) тауашаны анықтау және негіздеу, нарықтық конъюк-
тура туралы толық ұғымды бейнелеу.
4. "Бәсеке" білімінің мақсаты - бәсекелестік күресте қолданы-
латын тактиканы таңдауды жеңілдетуге және қателіктерден сақ-
тандыру. Бұл білімде ұқсас өнімдерді ірі өндіруші-бәсекелестерді олардың сату көлемдерін қалай дғлірек бағалауға болатынын, табысты, жаңа үлгілерді енгізу болаШағын, негізгі сипаттаманы, негізгі өнімнің сапа деңгейін және дизайнын анықтау қажет.
5. Алдыңғы екі білім негізінде бизнес-жоспарды құрастыру-
шылар келесі білім-"Маркетинг стратегиясы" жасалады.
Маркетинг жоспарының негізі элементтеріне жатады:
1. Сіздің тауарыңызды тарату сызбасы: дербес, көтерме ұйымдар арқылы, дүкендер арқылы
2. Баға жасау
3. Жарнама
4. Тұтынушыларды ынталандыру әдістері
5. Клиенттерге сатудан кейінгі қызмет көрсетуді (техникалық тауар үшін) ұйымдастыру.
6. Сіздің бизнесіңіз туралы жақсы көзқарас қалыптастыру және ұстау
Егер тауарды шетелген өткізу болжанса, тауардың патентік тазалығы туралы айта кету керек.
6-ші білім "өндіріс жоспары" өндіріспен айналысатын кәсіп-
керлер жасайды. Есептеулер алдыңғы 2-3 жылға жүргізіледі. Білімнің негізі сұрағы-өнім (қызмет көрсету) өндірісінің шығында-
рын бағалау және олардың болашақтығы өзгерістері.
Басты міндет-кәсіпорын сапамен қежетті мерзімде, қажетті тауар санын шынайы өндіру жағдайында екенін есептеулермен мақұлдау.
7-ші білім "Ұйымдастыру жоспары" сіз өз ісіңізді кіммен ұйыдастырасыз және үздіксіз, табысты қызмет етуді қалай жоспарлайсыз сол туралы сөз болады.
Бұл білімде кәсіпорын білімшелерінің ұйымдастыру құры-
лымы қалыптасады, құрылатын жұмыстардың мазмұныы, маман-
дарға білікті талаптар анықталады. Мамандарды тұрақты жұмыс-
қа тарту көздері мен әдістері, олардың еңбек ақы шамасы көрсеті-
леді.
8-ші білім "Заң жоспары". Одан меншік көзқарасы тұрғысы-
нан кәсіпорының ұйымдастыру нысаны анықталады, ол өз кезегін-
де оның құқықтық мәртебесін анықтайды. Қабылданған шешімге сғйкес әрі қарай кәсіпорының болашақ қызметін реттейтін негізгі құжаттар жасалады.
9-шы білім. - "Тәуекелді бағалау және сақтандыру". Кәсіпкер-
лік қызмет тәуекелмен байланысты. Мемлекет Кәсіпкерлік қызмет нәтижелеріне жауапкершілік алмайды, сондықтан кәсіпорын құрукезінде тәуекелді мұқият есептеу жүргізу қажет. Негізгі міндет - кездесетін барлық тәуекел түрлерін, бұл көздерін, және олардың пайда болу кезеңдерін, бұл шығындарын азайту шаралары және пайда болуы мүмкін жоғалтуларды мүмкіндігінше азайту жаса-
лады.
10-шы білім "Қаржы жоспары". Алдыңғы білімдерінің жалпылама материалы құндық түрде ұсынылуы тиіс. Оған:
a) өткізу көлемін болжау;
b) ақша шығындарының және түсуінің балансы;
c) табыс және шығын кестесі;
d) кәсіпорын активатерімен пассивтерінің жиынтық балансы;
e) зиянсыздық нүктесін есептеу.
өткізу көлемін болжау шығарылатын өнім қамтитын нарық үлесі туралы ұғым береді. әдетте, болжам 3 жылға құрастырылады, бірінші жыл үшін мәліметтер ай бойынша, екінші жыл үшін-тоқсан бойынша, үшінші жыл - сатудың жылдық сомасында келтіріледі.
Ақша шығындарының және түсулерінің балансы-кәсіпорын-
ды ұйымдастырудың бастап уақыттар бойынша бөлінген, өндіріске салынған қаржыландырудың әрбір уақыт кезеңінде жеткілікті-
лігін анықтау. Олардың жетіспеу жағдайында қосымша инвести-
ция көздері қарастырылуы қажет.
Табыс және шығын кестесі келісілерді көрсетеді:
тауарларды сатудан табыстар;
тауарларды өндіру шығындары;
сатудын түскен жиынтық пайда;
жалпы өндірістік шығындар;
таза пайда.
Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің жиынтық балансы жыл басына және аяғына құрастырылады. Ол кәсіпорын мүлігінің құрылымын және оны қаржыландыру көздерінбағалау үшін негіз болады.
Активтерге келесі баптар кіреді:
касса немесе (қолда бар ақша);
есеп айырысу шоты;
банктегі басқа шоттар;
құнды қағаздар;
тауар-материал сақтаулы қоры (запас);
негізгі капитал;
материалды емес активтер.
Баланстың пассиві екі бөліктен тұрады келесі баптар кіреді:
1. Қарыз қаржылары:
қысқа мерзімді қарыздар;
қысқа мерзімді берешектің басқа баптары;
ұзақ мерзімді қарыз капитал;
2. Меншікті қаржылары:
акционерлік капитал;
резервтер мен қорлар;
жинақталған пайда.
Осы білімнің қортысында зиянсыздық нүктесін есептеу мен талдау жүргізу қажет, яғни кәсіпорын нөлдік нәтиже алатын: пайда да, шығында жоқ, тек өзінің барлық шығындарын жабатын нүкте. Залалсыздық нүктесі келесі формула бойынша анықталуы мүмкін:
ТБ=Упз/Ц – Уппз,
Мұндағы:ТБ-зиянсыздық нүктесі немесе зиянсыздыққа жетуге болатын өндірілетін тауарлар саны, дана (бірлік);
Упз- шартты тұрақты шығындар сомасы (қарыздар сомасы, олар бойынша пайыздар төлеу, үстеме шығындар сомасы, амортизациялық аударымдар), теңге;
Уппз- өнім бірлігін дайындау үшін қажет шартты-ауыспалы шығындар сомасы (бұл шикізат, материал, энергия, өндірістік персоналдардың еңбек ақы шығындары), теңге;
Ц-өнім бірлігінің бағасы, теңге.
Егер кәсіпорын бірнеше өнім түрлерін шығаратын болса, онда зиянсыздықты қамтамасыз ететін, өндіріс көлемін (ІІ) есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
П= Упз /(Ц1-Уппз1)*К1+(Ц2-Уппз2)*К2+…+(Цn-Уппзn)*Кn
Мұндағы: Ц және Уппз әрбір өнім түрі үшін сғйкес баға және тұрақты–ауыспалы шығындар;
К1,2...n – кәсіпорынның барлық өнімдерін өткізуден жалпы түсімдегі 1,2–ші өндірілген өнім түрін өткізуден түскен түсім үлесі.
П–ні сғйкес К шамасына көбейтіп, өнім шығарудың осы құрылымындағы зиянсыздыққа жететін өнім бірлігінің санын аламыз.
Жоғарыда берілген–жоспардың құрылымын сипаттау болашақ кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін жан–жақты, кең, жеткілікті қамтиды.
Бірақ бизнес–жоспары бөлшектеу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан бизнес–жоспар бірнеше түрлендірумен құрастырылуы мүмкін, бірақ белгілі талаптарға сғйкес.
Төменде бизнес-жоспардың екі үлгісі келтіріледі.
АҚ "Сұңқар" Ет өңдеу кешенін құрудың
Бизнес-жоспары
Мазмұныы
1. Түйін (резюме)
2. Компанияны жалпы сипаттау
3. өнімдер және қызмет көрсетулер
4. Маркентинг-жоспар
4.1. Нарықты талдау
4.2. Бәсекелестік талдау
4.3. Маркетинг стратегиясы және тұтынушылар сипаттамасы
4.4. өндірістік шикізат базасы
5. өндірістік жоспар
6. Жұмыстарды орындау графигі
7. Басқару және ұйымдастыру құрылымы
8. Капитал және компанияның заңды нысаны
9. Қаржы жоспары
9.1. Қарыз көлемін есептеу
9.2. Табыстарды есептеу
9.3. Шығындарды есептеу
Бизнес-жоспар
1. Түйін.
Бизнес-жоспар технологиялық жабдық алуға шығындарды несиелендіру үшін инвесторларды тарту мақсатымен "Сұнқар" өндіру кешенін ұйымдастыру тиімділігін негіздеуге арналған.
1. Түйін құрамы:
шығарылатын өнім ассортименті;
өндіріс технологиясы;
қолданыстағы өндірістік қуат;
дайын өнім шығарудың жоспарланған көлемі;
өнімді сату нарығы;
жалпы құн;
фирма персоналы;
фирманың бәсекелестік қабілеті;
несие қаржыларының ақталу мерзімі
2. Компанияны жалпы сипаттау
Бұл білімде көрсетеді:
тағам өнімдерін және ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі және өткізу;
осы өнімдерді өндіру бойынша әртүрлі кешендерді және кәсіпорынды ұйымдастыру және құрылыс;
компания құрамы;
кәсіпорын штаты;
ауылшаруашылық өнімдері;
тағам өнеркғсібі өнімдері;
өнеркәсіптік өнім;
АөК қысқаша сипаттама.
3. өнімді сипаттау:
шығарылатын өнім ассортиментінің құрылымы;
өнімнің дғмдік сапасы;
қорап сапасы және тартымдылығы;
арзан баға.
4. Маркетинг - жоспар:
4.1. Нарықты талдау-нарық сұранымы және өнім өндірісі;
4.2. Бәсекелестік талдау-өнім сапасы, қорап сапасы, сату көлемі, баға деңгейі, сату тұрақтылығы бойынша бәсекелестік-
терді салыстырмалы талдау;
4.3. Маркетинг стратегиясы және тұтынушыларды сипаттау;
дайын өнімге бағалар:
тауарларды орналастыру сызбасы;
өнім тұтынушыларының сипаттамасы;
дайын өнімнің сату көлемін болжамды бағалау
4.4. өндірістің шикізат базасы:
меншікті база;
тартылатын шикізат ресурстары;
шикізат пен материалдарға қажеттілікті есептеу;
5. өндірістік жоспар:
ет өңдеу цехының технологиялық жабдықтарын сатып алу және жөндеу:
максималды жобалық қуат;
дайын өнім ассортименті;
зауыттың есепті өнімділігі;
жоспарланған сату көлемі.
6. Жұмыстардың орындалу графигі:
жұмыстың барлық түрлерін айлар, тоқсан және жыл бойынша орындалының толық күнтізбелік жоспары
7. Басқару және ұйымдастыру құрылымы:
мүдірлер кеңесі;
басқару құрылымы;
басқару персоналы.
8. Компанияның капиталы және заңдық нысаны:
кәсіпорынның ұйымдастыру нысаны;
меншік нысаны;
кәсіпорын құрылтайшылары;
кәсіпорынның орналасқан орны және заңдық мекен-жайы.
9. Қаржы жоспары:
9.1. Несие көлемін есептеу:
сатып алынатын технологиялық құрал кешенінің құны;
несие сомасы;
несиені қолданған үшін пайыздық мөлшерлемесі.
9.2. Табысты есептеу:
өнім түрлері бойынша болжанатын сату көлемі;
өнім бірлігіне баға;
сатудан түскен түсім.
9.3. Шығындарды есептеу:
өнімнің өзіндік құнын есептеу;
пайда бойынша бюджет;
жобаның қаржы жоспары;
жобаның жиынтық табыстары мен шығындарын талдау.
"Науқан" шаруа шаруашылығының
Бизнес - жоспары
Тараулар
Атауы
1. Бизнес жоспардың түйіні
2. Кәсіпорын
3. Кәсіпорынды басқару
4. Маркетингтік шаралар
5. өндірістік жоспар
6. Кәсіпорын мақсаттары
7. Тәуекелді бағалау және сақтандыру
8. Қаржы жоспары
9. Заңдық жоспар.
1. Түйін:
кәсіпорын қызметінің тарихы және басқару;
қазіргі уақыттағы кәсіпорын қызметі және оның нәтижелері;
шығарылатын өнімді немесе ұсынылатын қызметті сипаттау;
болашақ жоспарлар: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
өз жоспарын жүзеге асыру кезіндегі әріптеске, қаржыға немесе кеңестік көмектерге қажеттілік;
Сізді табыс күтіп тұрғанын дғлелдеу.
2. Кәсіпорын
тарихы;
қазіргі уақыттағы қызметі;
жер;
материалдық-техникалық ресурстар;
су, алу көзі;
электр көзі;
жұмыскөші;
көлік және тарату жүйесі;
байланыс жүйесі;
жергілікті жағдайлар;
басқа кәсіби қызметтер;
кәсіпорын мақсаттары;
кәсіпорын жоспарлары;
болашақ тұтынушылар;
стратегия.
3. Кәсіпорынды басқару:
басқарушы қызметкерлер: жасы, білімі, жұмыстғжіри-
бесі;
кәсіпорын иесі;
басқарудың ұйымдастыру құрылымы;
қаржы сұрақтарына жауапты;
кәсіпорын қызметіне жауапты.
4. Маркетингтік шаралар:
нарық стратегиясы;
салаларды талдау;
нарық және сатып алушылар;
өткізу жүйесі;
жарнама, жеке сауда;
бағаларды анықтау;
бәсеке;
өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
нарықты зерттеу.
5. өндірістік жоспар:
қажетті материалдарды жеткізу;
жеткізілетін материалдардың сапасы;
жабдықтаушылардың сенімділігі;
жеткізу шығындары;
материалдарға ақы төлеу шарттары;
өндірістік процесс сипаты;
кәсіпорынның өндірістік жабдығы;
өндіріс процесін техникамен жарақтандыру;
өнім шығарудың өндірістік процесі;
дайын өнімді пайдалану;
өнім шығарудың маусымдылығы;
өнімді сақтау;
өнім сапасын жақсарту мүмкіндігін;
өндірістік шығындар;
қайта өңдеушілер;
делдалдар;
кеңес берушілер;
6. Кәсіпорын мақсаттары:
Бұл білімде жоспарларды және күтілетін нәтижелерді жинақ-
тап қрытып, оларды сандық материалдармен мақұлдау қажет.
Мақсаттарды қысқа мерзімді (1-2 жыл ішінде орындалатын); орта мерзімді (2-5 жыл ішінде орындалатын); ұзақ мерзімді (6-10 жыл ішінде орындалатын) деп бөлген жөн.
7. Тәуекелді бағалау және сақтандыру
Келесі мүмкін тәуекелдерді бағалау керек:
капиталды ұсыну аумағын таңдауға байланысты тәуекел;
ресурстарды ұтымсыз қолдану тәуекелі;
нарық конъюктурасының өзгерісіне байланысты тәуекел;
көлік тәуекелі;
энергетикалық тәуекел;
коммерциялық тәуекел;
қаржы тәуекелі;
әріптестердің адал болмау тәуекелі;
өз персоналдарының тәртіпсіздік тәуекелі;
табиғи апаттар тәуекелі;
бар үкімет актілерінің жетілмеуінен болған тәуекел.
8. Қаржы жоспары
Бұл білімде көрсетіледі:
пайда және шығын туралы есеп беру;
кәсіпорын балансы;
ақша айналымы туралы есеп беру;
өндірістің негізгі құралдар мерзімі;
қаржы қызметін талдау.
9. Заңдық жоспар
Бұл білімде көрсетіледі:
кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
шаруашылықтың жарғылық қоры;
тіркеуге ұсынылатын құжаттар тізімі, ал нақты;
тіркеу туралы өтініш;
бекітілгентәртіппен сендірілген құрылтайшылық жина-
лыс хаттамасы;
құрылтайшылық шарт;
құрылтайшылардың төлқұжаттарының көшірмесі;
статистика ұйымдары беретін статистикалық карточка;
заңды тұлғаның орналасқан орнын мақұлдайтын құжат;
тіркеу алымын төлегені туралы төлем тапсырмасының түбіртегі немесе көшірмесі.
Бизнес - жоспар бастаушы кәсіптерге өмір сүрудің бірінші, ең қиын жылында анық бағыт беру үшін құрастырылады.
Кәсіпкерге оған енгізілген көрсеткіштерді салыстыра отырып, бәрі ойлағандай болды ма екендігін көре алады, қажет жағдайда жағдайды жөндеу шараларын қолданады.
Көптеген бастаушы кәсіпкерлер жоспарлауды елемейді, өз бетімен жоспарлауды құрай алмайды және жоспарлаудан қорқа-
ды.
Жоспарлау кез келген шаруашылық қызмет табысының маңызды құраушы бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге өте қымбатқа түсуі мүмкін. өйткені онымен фирма ісі бойынша байланысты-
лардың барлығында: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсеке-
лестер, банктер-өз жоспарлары бар. Кәсіпкер оларды есепке алуға. өз қызметін жоспарлауға міндетті.
Жоспар - қызметкерлер фирма мақсаты және міндеттері туралы, жекелей оларға қойылатын талаптар туралы анық ұғы-
нуы үшін қажет.
Бизнес-жоспар - бұл ресми құжат. Оны жазуға үлкен сұрақтар шеңбері бойынша біршама сенімді ақпараттар жинау керек. Бұл ақпараттардың көлемі сіздің бизнеске кіру шамасы мен оның дамуы бойынша үнемі өседі. Сондықтан бір бизнес-жоспардың екі түрі болған орынды.
Бизнес - жоспардың бірінші түрі - ресми қысқа (50 бетке дейін) болады. Онда қағазда сіздің бизнесіңіздің өткені, қазіргісі және болашағы баяндалады. Ол жалпы мақсат болу үшін фирма бола-
шақ әріптестеріне, инвесторларына, менеджерлеріне және акцио-
нерлеріне қажет. Онда әдетте есептеулердің үш нұсқасы: опти-
мистік, пессимистік және шынайы (қолайлы) бар.
Бизнес - жоспардың екінші түрі кәсіпорының бірінші тұлғасы үшін жоспарды жасаушылар және кеңес берушілер үшін күнделікті жұмысқұжаты. Онда жұмысақпараттық материал жиналады. Ол жұмысбизнес-жоспары деп аталады және мүмкіндік береді:
ресми бизнес-жоспардың маңыздылығын көтеруге;
жаңа іс шынайы басталғанға дейін әрекеттер бағдарлама-
сын құруға;
пайда болатын мәселелерді шешудің мүмкін нұсқаларын бөлшектеп қарау осылайша сіз оларды болашақта жеңе алатын жағдайда боласыз, ресми бизнес-жоспардағы қателіктерден құтылуүшін, дұрыс шешім қабылдауға дайын боласыз;
алдын -ала бизнестегі екі негізгі тәуекел түрін танып баға-
лауға: ішкі тәуекел (персонал, материалдардың сақтандыру қоры) оны сіз бақылай аласыз және сыртқы тәуекел (экономика, жаңа заңдылық) , яғни сіз оны өзгерте алмайсыз;
мониторинг негізінде сыртқы және ішкі ортадағы тұрақты өзгерістерді есепке алып, істің жағдайын мұқият бақылауды жүзеге асыруға;
қажет шамада ресми бизнес-жоспарды жетілдіру, түзету кезінде анықтама ретінде қызмет етуге.
Осылайша, жұмысбизнес-жоспары-бұл кең кеңістік немесе сіздің ойыныңыздың іскерлік алаңы, оның барысында ойланған ресми бизнес-жоспарды құрастыру ережесі жасалды.
Жұмысбизнес-жоспары құжаттарының бір бөлігін ресми жоспарға қосымша ретінде немесе әріптестер және жасаушылар командасының мүшелерінің сұраулары бойынша ұсынуға пайда-
лануға болады.
Банкирлерге басқаларға қарағанда, банкроттықтың ең кең таралған себебі-ақшаның жетіспеуінен емес, кәсіпкердің өз қызметін дұрыс жоспарлай алмауында екендігі белгілі.
Бизнес -жоспардың табысты жүзеге асуына жоспардың орындалуын бағалауға бақылау жүйесін құружәне оған уақтылы өзгеріс енгізу ықпал етеді.
Бақылау жүйесі қарапайым болуы қажет, сонымен қатар шешуші шешім қабылдаушы адамдардың барлығын, ауытқу пайда болған жағдайда, олар уақтылы түзету шараларын қабыл-
дайтындай дер кезінде ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Төменде бақылау жүйесінің әрбір аталған элементіне қысқаша сипаттама беріледі.
Сақтандыру қорын (запасты) бақылау. Сақтандыру қорының деңгейін фирма бақылай отырып, тек өзі туралы ғана емес, тұтыну-
шылар туралы да ойлайды. Қоймадағы шикізатқа, материалға және дайын өнімге салынған ақша тез ақталатын болса, оны қайтадан іске тез салуға болады. Одан фирма өз клиенттеріне тауарлар мен қызмет көрсетулердің көп санын ұсына алады.
өндірістік бақылау. Бақылаудың бұл түрі жоспарда жазылған шығындар деңгейін есепті сандармен салыстырып болжайды, станоктар мен жабдықтардың пайдалы тиелуі, істелген адам-сағат саны, өндірістік цикл ұзақтығы, күту уақыты, тоқтап тұру уақыты сияқты көрсеткіштерге ерекше назар аудару керек.
Сананы бақылау. өндіріс түріне біршама мөлшерде байла-
нысты. Бірақ оның мақсаты барлығы біреу-өндірілетін тауардан бас тартпау жұмысын қамтамасыз ету
Сатуды бақылау. Сату көлемі туралы, (натуральды және құндық көрсеткіштерде) бір сатып алудың орташа құны туралы ақпараттар, жеткізу мерзімін, қарызға сатылған тауарлар санын қадағалау, фирмадағы істің қалай жүруі туралы дұрыс ұғым құрас-
тыру үшін өте пайдалы.
Мерзімі ұзарған есеп айырусылардан және сенімсіз қарыздар-
дан қашу үшін, төлемдердің түсуіне сенімді бақылау жүйесін құруөте маңызды.
Шығындарды бақылау, әрбір жаңа кәсіпорын үшін қандай мақсаттарға және қанша ақша төленгенін қадағалау маңызды.
Тіпті ең жақсы бизнес-жоспар да, егер жағдай өзгерсе ескіреді.
Сыртқы факторлар: елдгі экономикалық жағдай, тұтынушы-
лардың жаңа талаптар, жаңа технологияның пайда болуы, бәсеке-
лестер саясатының өзгеруі, сонымен қатар кәсіпорынның ішкі өміріндегі жағдайлар, соның ішінде басқару құрамындағы өзге-
рістер-бизнес-жоспарды қайта қарастыру қажеттігін тудырады. Бизнес мен фирманың ішкі өміріндегі, саладағы нарықтық конъюнктурадағы жаңа тенденцияларды тез қабылдап, бизнес-жоспарға сғйкес түзетулер енгізе білуі тиіс.
Жоспарды түзету, мақсатты өзгертпей оларға жету жолдарын өзгертіп, кәсіпорынның табысқа жету мүмкіндігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |