Қазақстан білім және ғылым министрлігі



бет114/126
Дата07.02.2022
өлшемі363,12 Kb.
#97329
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126
Байланысты:
бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)

Экономикалық факторлар - бұл бағаның өзгеру тенденцияларын сипаттайды, соның ішінде жинақтарды, салымдарды, несие ресурстарының қолайлығын, жұмыссыздықты қарастырады.
Саяси - құқықтық факторлар - бұл саяси тенденцияларды анықтайды, бизнеске мүмкіндікті қарастырады, Кәсіпкерліктің құқықтық ортасында, монополияға қарсы заңдарда,салық саясатында көрінеді.
Экологиялық факторлар - табиғи ресурстардың өндірісі үшін тиімділікті қарастырады, Кәсіпкерлік үшін экологиялық кедергілерді, кәсіпорын өнімдеріне экологиялық талапты қарастырады.
Әлеуметтік мәдени факторлар - бұл тұтынушылар қатына
сының өнімдерге өзгеруінде пайда болады, тұтынушылардың жекелеген санаттарының өмірлік қырларының өзгерістерінде көрінеді.
Демографиялық факторлар -бұл жеке тұлғалардың объек
тивті түрлерінен пайда болады, тұтынушының жасы, білімі, жынысы, отбасылық жағдайы бойынша сипаттау.
Бизнестің сыртқы қоршауын талдау әдісінің бірі болып РЕSТ-талдауы табылады. Соның ішінде факторлардың негізгі тобын саралауға мүмкіндік беретін: саяси-құқықтық, экономикалық, әлеуметтік – мәдени, технологиялық кіреді.
Қоршаудың кейбір факторлары сандық түрдегі баға алуы мүмкін (жұмыссыздық деңгейі, капиталға пайыз мөлшері, көпшілік кірісінің деңгейі және т.б.).
Кәсіпкерліктің қоршауын талдау әдісінің бірі болып, SWОТ- талдауы саналады, яғни кәсіпорынның әлсіз, әлді жақтары, мүмкіндіктері, қауіптері бағаланады.
Бәсекелестік орта талдауы толық және тура түрдегі бәсекелестердің ішкі мінез себептерін құрауға қызмет етеді.
Тәжірибеде көрсетілгендей, бәсекелестік белсенділігінің күштілігі, бәсекелес фирмалардың нарықтық үлес деңгейлерінің жақындығынан туады.
Саладағы талдау әдісінің бірі болып, «5 Р» тұжырымдамасы саналады (өнім, баға, өткізу арналары, нарықтағы қозғалыс, кадрлар).
Тауар мен қызмет көрсету бәсекелестік қабілеттілігі нарықтағы ең басты жетістіктерінің құрамы болып табылады.
Тауардың бәсекелестік қабілеттілігі бұл - коммерциялық жетістікті қамтамасыз ету мүмкіндігі, соның ішінде нарық шартына тауарлардың сәйкес келетіндігін білдіру, тұтынушылардың сапа, техникалық жағдайы, экономикалық, эстетикалық, мінез ерекшеліктері бойынша сұранымдарынан көрінеді. Сонымен қатар, таратудың әдістеріне қатысты болады ( сервис, баға, жарнама, мерзім).
Кез келген нысанды басқару барысында ең алдымен оның алғашқы жағдайын білу қажет. Алдағы кезеңдегі нысанның қызметі жөніндегі толық, жеткілікті, нақты ақпаратты алып, болашақ кезеңге даму бағдарламасын жасауға және дұрыс басқару шешімін қорытындылауға, жоспар жасауға да болады.
Кешенді талдау әдетте төмендегідей бағытта жүргізіледі:
 қаржылық тұрақтылық пен кәсіпорынның төлем қабі-
леттілігі;
 капиталдың қарқынды қолданылуы;
 қаржыландырудың көздері;
 инвестицияны пайдаланудың жолдары мен тәсілдері.
Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін, оның тиімділігінін жоғарылау резерві мен босатылған пайданың жалпы көрсеткіші анықталынады. Бұл әдіс тізбекті қойылым әдісі ретінде танымал.
Кәсіпорының шаруашылық қаражаты қызметінің талдауы есептеме негізінде жүргізіледі.
Есептеме – бұл шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижесінің жазбасы. Кәсіпорынның экономикалық нәтижесі шаруашылық қызметіндегі қорытынды ретінде, белгіленген уақыт кезеңі үшін шығындар мен пайдалар бойынша есептеме көрінеді. Жоспар кезеңінің соңында (жыл) қорытынды есептеме құрылады, соның ішінде пайда мен шығын есебі бойынша баланс құрылады.
Баланс дегеніміз – бұл кәсіпорын мүліктерінің белгіленген ақшалай түрдегі және есептеме кезеңінің соңындағы оның қара-
жаттандыру көздерінің есебі.
Активтер – бұл кәсіпорынның шаруашылық қаражаты соның ішінде оның капиталдық сомасы.
Негізгі капитал – бұл активтер түрі – соның ішінде бір жылға жақын уақытта немесе ұзақ кезең уақыт ағымындағы түрде кәсіпорындарға пайдалануға есептелінген активтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет