Қазақстан бойынша энергетикалық ресурстардың жағдайын болжау



Дата02.11.2022
өлшемі1,56 Mb.
#156182
түріҚұрамы
Байланысты:
8 семинар

Қазақстан бойынша энергетикалық ресурстардың жағдайын болжау(Қызылорда облысы мысалында)

Кіріспе

Кіріспе

Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан, шығысында Түркістан облысымен шектеседі.

Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 1 қала облыс орталығы — Қызылорда, 1 республикалық маңызы бар қала — Байқоңыр бар


Қызылорда облысында электр желілері әбден ескірген, энергия тапшылығы бар. Салдарынан жарық жиі сөнеді. Мамандар қаладағы жылу электр орталығын алпыс жылдан бері жөндеумен әлек.
Енді жаңасы салынатын болды. Ірі энергетикалық жобаға шетелден инвестиция тартылады. Жалпы құны 215 миллиард теңгеден асатын жаңа нысан 3,6 гектар аумаққа салынады.
Сыр елінде бұрын-соңды болмаған заманауи үлгідегі орталық сағатына 277 гекокалория жылу мен 240 мегаватт электр энергиясын өндірмек.
Қызылорда облысын толығымен жылу және электр энергиямен қамтамасыз етеді.
Бұл жобаның мерзімі 36 ай деп келісімшартта көрсетілген. Бұрын-соңды Қазақстанда жылу электр орталығын шетелдік инвестор көмегімен соғу әлі болмаған.
Жаңа жылу орталығын мазут, табиғи газ, жел генераторы мен су электр станцияларында қуат өндіруден әлемдік тәжірибесі мол түрік компаниясы салып шығады.
«Акса Энерджи» мекемесінің басшылығы мен энергетика министрлігі екіжақты келісімшартқа қол қойды. «Акса Энерджи» Африканың Гана, Мали, Мадагаскар, Конго елдерінде және Өзбекстан мен Түркияда жылу электр орталығын салды. Қызылордадағы жоба желтоқсан айында басталады.
Жалпы биыл облыс бойынша 23 әлеуметтік нысанның жылу қазандығы қайта жаңғыртылмақ. Бұл жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттен 676 миллион теңге бөлініп отыр.
Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, және өз құнын жүз пайыз ақтайтын тиімді қондырғы.
Оның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес.
Күн белсенділігі бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр. Облыста күн сәулесінің орташа жылдық ұзақтығы 3000 сағаттан асады.
Бүгінде өңірде британдық, француздық және болгариялық инвесторлардың қатысуымен үш энергетикалық жоба жүзеге асырылуда.
Шиелі ауданындағы аталмыш жобаның құны 23 млрд.теңге. Нысанның жалпы ауданы – 150 гектар.
Облыстың оңтүстік аудандары – Шиелі мен Жаңақорғанда экономиканың өнеркәсіптік секторының қарқынды өсуі атап өтілді. Бұл – уран өндірісінің артуы, күкірт қышқылы зауытының тұрақты жұмысы, Шалқия кенішінің жұмысын қалпына келтіру, жаңа ванадий және қиыршық тас кен орындарын игеру. Сондай-ақ, әк зауыты іске қосылып, цемент зауытының құрылысы басталады, оның іске қосылуы биылғы көктемге жоспарланған. Мұның бәрі қосымша энергия көздерін қажет етеді. Сондықтан биыл жоспарланған жобалардың ішіндегі ең маңыздысы – Жаңақорған өңірінде әрқайсысы 50 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосу жоспарлануда
Биыл облыстан республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жалпы құны 225 млрд теңгеден астам 7 жоба жіберілді. Оның ішінде Жаңақорған ауданында қуаты 75 МВт жел электр станциясы мен қуаты 24,94 МВт жел және күн станциясының құрылысы бар.
    • Күн сәулесінен өндірілетін энергия лагерьге және кәсіпорынның әкімшілік-тұрмыстық кешеніне беріледі. Сондай-ақ, Қаратаудың бөктерінде орналасқан «Тоқтамыс» шаруа қожалығының шопандары күн электр стансасын орнатып, оның энергиясы үйлерде үнемі жарық, жылу, су көтергіш насостардың жұмыс істеуіне жеткілікті. Шиелі ауданында «Уранэнерго» ЖШС алаңында күн стансасы, жел турбиналары мен жылу сорғыш қондырғылары орнатылды. Бұл біріктірілген алаң Шиелі кентіндегі «Уранэнерго» ЖШС-нің ірі әкімшілік-тұрмыстық кешенін электр және жылумен толық қамтамасыз етіп отыр.

Бұл аймақта күннен алынған энергия бірнеше жыл бұрын қолданыла бастады. «SKZ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытында өнеркәсіптік ауқымдағы күн электр станциясы орнатылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет