Тұғыры биік туған жер
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, дос-жолдастары қаңдай ыстық болса, Отан да әрбір жанға сондай ыстық. Жер бетінде кез-келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар.
Отан деген-ол сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата-анаңның, өзге де саған етене жақын туыстарың мен достарыңның туған жері. Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
«Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып, жарты дүние әлемін»
Иә, ұлан байтақ менің елім, туған жерім, бұл менің-Қазақстаным.
Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Осындай ұлы елдің бір бөлшегі екенімді қай елде, қандай мемлекетте жүрсем де айта аламын. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Себебі, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Мұнда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері тұрады. Ал бұл, қазақ халқы өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Ал табиғатына келер болсақ, ол өз алдына бөлек әңгіме. Басқа елдердің мақтаныш етіп көрсететін табиғатын біздің елімізден табуға болады. Мысалы, Көкшенің табиғаты-кіші Швейцария десек, Шарын шатқалы-АҚШтың Гранд каньонынан кем түспейді. Шөлді, құмды жер керек болса-ол да бар. Ал, өзен, көлдеріміз өз алдына бөлек әңгіме. Биік мұзарт шың керек болса Алатауға кел. Бұлар-жер бетінің сұлулығы мен байлығы. Адам көзінен жасырын жер қойнауының байлығы бір күн айтсаң да тауыса алмайтын әңгіме.
Қызылорда облысы, Қазалы өңірі-міне бұл менің кішігірім Отаным, үлкен мақтанышым. Табиғи байлығынан бөлек, адамдарының кең пейілдігі мен жомарттығын айтуға болады.
Иә, мен өзімнің даңқты жерлестеріммен мақтанамын. Жалынды жас-Ғани Мұратбаев. Қайталанбас күміс көмей әнші-Роза Бағланова мен қазақтың «ақбаяны» - Мәдина Ералиева.
Айта берсең өте көп, кез-келген салада елге танымал азаматтарды айтып тауыса алмайсың. Соның ішінде менің атам Мінажәдин Утеев бар. Облыстық маслихат депутаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. «Алтын сапа, «Іскер-2016» номинациясының иегері, «Агро саласының ақтаңгері» атағы берілген. Ең басты айта кететін жәйт, 2017 жылы атам Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды.
Отаным-Қазақстан, құт мекенім-Қазалы, менің мақтанышым. Осы елде, осы топырақта туғанымды мақтан етемін.
Қаңға жақын көрінетін қазағы,
Бұл қазақтың жетер тартқан азабы.
Көп болса екен қуаенышты күндерің,
Айналайын, қасиетті Қазалы.
Маралбек Аяжан Сәбитқызы.
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Оқушылар Үйінің «Терме» үйірмесінің мүшесі
Жетекшісі – Абилхан Асылзат
Достарыңызбен бөлісу: |