Қaзaқстaн энеpгетикaсы


Электр үнемдегіш шам сынған жағдайда қолданылатын сақтану шаралары



бет4/4
Дата18.04.2023
өлшемі25,72 Kb.
#174784
1   2   3   4
Байланысты:
ғылыми жоба 2023
С РА тар жауабы, 1178 aza 1179 stan tarikhy TEST SPETsIFIKATsIYaSY, БӨЖДЕР-1, Ішкі энергия (1)
Электр үнемдегіш шам сынған жағдайда қолданылатын сақтану шаралары:
- aдaмдapды шaм сынғaн аймaқтaн қaуыпciз жepгe көшipу кepeк
- aca кaтты жeлдi дaуыл тұрғызбaй,бөлмeнiң iшiн жaйлaп жeлдeткeнiңiз жөн
- coдaн coң қoлыңызғa рeзeңкe қoлғaп киiп,бeтiңiзгe бeтпeрдe киiп,сынғaн шaмның қaлдығын пaкeткe caлыңыз (пaкeттiң aузын мықтaп бaйлaңыз) нeмece бaнкaғa caлғaныңыз дұрыc
- дeзинфeкция жacaу aмaлдaры: шaм cынғaн oрынды, 0,2% қocылғaн мaргaнцoвка ерiтiндiсiмeн нeмeсe coдa қocылғaн сaбынды көбiкпeн (1л суғa 30 г coдa жәнe 40 г caбын), жaқсылaп сүрту кepeк.
- оралған пакетті(немесе нығыздалып жабылған банканы)арнайы утилизациялайтын орынға міндетті түрде апарып тапсырыңыз,әйтпесе өзіңізге де қоршаған ортағада зияныңызды тигізесіз
- бұл тапсырмалардан соң өзіңіздің денсаулығыңызға кері әсер әкелмес үшін аздап тынығып,көбірек сұйықтық ішкеніңіз пайдалы және көкөніс,жеміс-жидек жеп,сорпа ішкеніңіз дұрыс.
Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың зияны
Соңғы уақытта электр энергиясын үнемдейтін шамдар әлемнің көптеген елдерінде қолданысқа еніп жатыр. Осы орайда оның денсаулыққа тигізетін әсері туралы түрлі пікірталас туып жүр. Экономикалық жағынан тиімді болып табылатын бұл шамдардың зиянды жағы да аз емес. Құрамы қауіпті химиялық сынаптан тұратын шамның бұл түрі шағылар болса, өмірге қауіп төндіреді. Ендеше, электр энергиясын үнемдеуге арналған люминесцентті шамның зиянды жақтарына нақтырақ тоқталып өтсек:
Энергия үнемдегіш шамдар қыздыру шамдарына қарағанда қысқа толқынды, әрі көк компоненттерге толы болып келеді. Бұл қысқа толқындар көздің торлы қабығының рецепторын зақымдайды, сонымен қатар, көздің көру қабілетінің төмендеуіне алып келеді.
Шамның жоғарғы қуатпен жарқырауы көру мүшесі арқылы орталық жүйке жүйесіне артық салмақ түсіреді. Өкінішке орай, энергия үнемдегіш материалдарды қолдану барысында мұндай жарқыраулардан құтылу мүмкін емес. Сол себепті басы жиі ауыратын адамдар үшін мұндай шамдар тиімсіз, әрі ол бас ауруының жиілігін одан сайын күшейте түседі.
Шамнан түсетін көк жарықтың құрамындағы гипофиз бен мелатонин иммундық және эндокриндік жүйенің бұзылуына алып келеді.
Люминесцентті шамдар жарықты бірқалыпты таратпайды. Сондықтан да бөлме ішіндегі дискомфорт бұзылып, адам өзін жайсыз сезінеді. Оны күнделікті тұрмыста өзіміз де байқап жүрміз. Люминесцентті шамдармен жарықтандырылған бөлмелерде ұзақ отырған кезде адамның ұйқысы келіп, басы ауыра бастайды.
Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың құрамында өте қауіпті химиялық сынап болады. Бұл элемент шам сынған кезде ауаға таралып, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян әкеледі. Нәтижесінде адамның жүрегі айнып, басы айналады.
Шыны шамдардың орнын басқан люминесцентті шамдардан келер зиян аз емес екенін көрдік. Әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда бұл шамдарды қолдану біздің елімізде тиімсіздеу болып келеді. Себебі, бұл шамнан келетін басты қауіп − сынапты залалсыздандыру жұмыстары Қазақстанда мүлде қолға алынбаған. Жарамай қалған мұндай шамдарды халық бізде ашық қоқыс жәшігіне лақтыра салады. Оның ішіндегі сынап қоршаған ортаға оңай шығады. Шет елдерде люминесцентті шамдарды тастауға арналған арнайы жәшіктер кез келген жерден табуға болады және мұндай қоқыс жәшіктерін тазартуға арналған арнайы машиналар да жұмыс жасайды.

Гипофиз (hypophysis, грек, hypo — асты, phyo — құрылым — жануарлар организмдегі көптеген ішкі секреция бездері қызметтерін реттеуге қатысатын эндокринді мүшелер жүйесінің орталық безі.


Гипофиз — адам мен жануарлар бассүйегінің сынаша сүйегінің түрік ершігі сайында орналасқан, аралық ми құрамына кіретін пішіні жұмыртқа тәрізді, орташа салмағы 0,5-0,6 г без. Гипофиз эпителиальды және нейроглиальды бастамалардан дамитын екі бөлімнен: аденогипофизден және нейрогипофизден тұрады.
Гипофиз — адам мен жануарлар организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады.
Эпифиз серотонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. Безде күңдіз серотониннің, түңде мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бұл заттар терінің пигменттік торшаларына әсер етеді.
Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың пайдасы
Люминесцентті энергия үнемдейтін шамдардыңәдеттегі қолданылып жүрген шамдарға қарағанда үлкен айырмашылықтары бар. Біріншіден, тоқ көзін 5 есе үнемді жұмсайды, екіншіден жұмыс істеу уақыты 20 есе ұзақ.Егер бұл шамдарды ұқыпты пайдаланар болса 1-1,5 жылға дейін жарап қалуы мүмкін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет