Қазақстан физикалық географиясы курсының міндеттері мен мазмұны


Жерасты суларының қалыптасуы. Жерасты суларының типтері



бет2/3
Дата15.12.2021
өлшемі53,22 Kb.
#101494
1   2   3
Байланысты:
61-66

Жерасты суларының қалыптасуы. Жерасты суларының типтері

Қазақстанның су қорында жер асты суларының үлкен маңызы

бар. Жергілікті халық ерте заманнан-ақ жер асты суын пайдаланған.

Көшпелі елде ауыз су үшін де, мал суару үшін де құдық суы бірден-бір су көзі болып келген. Құдықтарды шегендеп, көшкенде

жауып кетіп отырған. Сондай күтіп ұсталған, сақталған құдықтар

Бетпақдала, Маңғыстау, Арал бойларында, Арқа өңірінде, тағы басқа

жерлерде əлі кездеседі. Қазір жер асты суын, оның мөлшерін зерттеп, техникамен артезиан құдықтарын қазу ісі қолға алынған. Бұл

саладағы зерттеу Қазақстан жерінің əр өлкесінде мол жер асты сулары барын дəлелдеп, оны халық шаруашылығы үшін пайдаланудың

жолдарын іске асырып отыр. Мысалы, Мойынқұм бойында 300-

500 м тереңдікте 50 мың км³ алып жатқан жер асты “теңізі” табылды. Қызылқұм Арал маңында да мол су қорлары ашылды. Тың

жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде де жергілікті халыққа ауыз

су қорын жер астынан алды. Алматымен Талдықорған қалалары,

олардың маңындағы аудандар да жер асты суын пайдаланады. Республика бойынша жер асты суы жайылымдарды суландыруға,

егістік жерлерді суаруға кең пайдаланыла бастады. Жер асты сулары таралу ерекшеліктеріне, су жиналған қабаттардың, жыныстар

мен шөгінділердің құрамының өзгешелігіне қарай, палеозой жəне

одан арғы дəуірлердегі жыныстарда жиналған жарықшақтық жəне

жарықшақтық-қабатаралық сулар, мезозой жəне үштік дəуірдің

шөгінділерінде жиналған сулар, төрттік дəуірдің жыныстарындағы

еспе сулар болып үш типке бөлінеді.

Жарықшақтық сулар əдетте жер жыныстарының

жарықшақтарында кездеседі. Бұлар Қазақстанның оңтүстігінде,

оңтүстік-шығысында, орталық бөлігінде сақталған. Бұл жер асты

суының ең кең тараған түрі жəне ол тым алыс тереңдікте жатпайды.

Сондықтан олар климаттың əсеріне қарай азайып, көбейіп тұрады.

Қар еріген, ылғал көп түскен кездерде молаяды да, құрғақшылықта азаяды.

Жарықшақтық-қабатаралық сулар, негізінен палеозой

əктастары қабатында, карстылық қуыстар мен жарықшақтарда жиналады жəне сол қуыстар арқылы тереңге жиналады. Олардың қоры

мол болады, сыртқа шыққанда да мол ағады. Жер асты көлдерін

құрайды. Қабатаралық сулар, негізінен, шөгінді жыныстардың

қабаттарда болады. Бұл Қазақстанда кең тараған жер асты суының

типі. Негізінен, үштік, бор, юражəне триас дəуіріндегіжыныстардың

шөгінділерінде жатады. Триас тау жынысындағы қабатаралық сулар Маңғыстауда, юра тау жынысындағы су Қазақстанның орталық

жəне оңтүстік бөлігінде, бор дəуірі жыныстарының суы Шу, Талас,

Жем, Елек, Сайрам, Келес өзендері бойында, үштік дəуірдің суы

Торғай қолатында, солтүстік Аралда, Бетпақдаланың батыс жағында сақталған.

Еспе сулар төрттік дəуірдің борпылдақ жыныстарында жиналады. Бұл да кең тараған су көзі. Ол тау алқаптарында (Тянь-Шань,

Алтай, Сауыр-Тарбағатай), құмды шөлдер мен шөлейт аймақтарда

(оңтүстік Балқаш құмы, Мойынқұм, Арал Қарақұмы, Қызылқұм,

Нарын, т.б.), батпақты шөлейт аудандарда (солтүстік Каспий, Арал,

Арал-Ембі) кездеседі. Жер астынан алынатын сулар құрамы жағынан

əртүрлі. Олардың ішінде емдік қасиеті бар ыстық, яғни жылы сулар,

минералды, тұзды сулар да мол. Ыстық суларды өнеркəсіпке, қыста

жеміс өсіру шаруашылығына, тұрғын үйлерді жылыту мақсатына

пайдалану да іске аса бастады. Емдік минералды суларды емге пайдалану қолданылуда. Қазір сондай су көздері Сарыағаш, ҚапалАрасан, Барлық-Арасан, Алма-Арасан, Жаркент-Арасан сияқты курорттар салынған.

Жер асты суларының типтері: Қазақстан жерінің

орографиялық, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық

жағдайлары əр түрлі. Аталған жағдайлардың əр түрлілігі жер асты

суларының қалыптасуына, таралуына, қорының жиылуына, пайдалану жолдарына жəне шығу тегі типтеріне əсер еткен. Жатыс

жағдайлары мен су сіңіруші жыныстардың сипатына қарай жер асты

сулары жарықшақтық, жарықшақтық-пластық, пластық типтерге

ажыратылады.

Жарықшақтық типті жер асты сулары Қазақстанның оңтүстігі

мен шығысындағы таулы жəне ұсақ шоқылы аудандарда.

Сарыарқада, ішінара оның батысында (Орал-Мұғалжар таулары)

тараған. Бұл сулар кембрийге дейін палеозойдың түрлі құрамды

интрузиялық, эффузиялық, жанартаулық, метаморфтық жыныстарынан орын алған. Бұл жыныстардың суы жер бетіне таяу тайыздан

шығады, көбіне бұлақтар түрінде де кездеседі, минералдығы 0,1-

0,5 г/л (кейде 0,7-1,0 г/л). Жыныстардың су сыйымдылығы төмен,

өнімі (девиті) аз, жеке су көздерінің өнімі əдетте 1-2 л/сек шамасында келеді. Тектоникалық жарылыстар зоналарының бойында,

петрографиялық құрамы мен генезисі əр түрлі тау жыныстарының

жапсарларында, үгітілу зоналарында орналасқан бұлақтардың, тайыз скважиналардың өнімі ғана 5-7 (кейде 10-15) л/сек-қа дейін жетеді. Жаңбыр, қар суларының шамасына байланысты бір жылдың не

бірнеше жылдардың жыл маусымдары ішінде су өнімі күрт ауытқып

отырады. Жер асты суларының бұл типі Қазақстанның оңтүстігі мен

шығысындағы биік таулы өңірде жер бетіне ағып шығып көптеген

жылғалар мен тау өзендерін қоректендіреді.

Жарықшақтық-пластық типті жер асты сулар негізінен Таулы Маңғыстаудың, Сарыарқаның кейбір аудандарында, ішінара

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы əр түрлі жарылыстармен тілініп цементтелген палеозойдың, мезозойдың терригендік,

карбонаттық жыныстарынан орын алған. Тұщы жəне ашқылтым

(минералдылығы 0,2-3,0 г/л) грунттық, субартезиандық сулар бірнеше м-ден, бірнеше жүз м-ге дейінгі тереңдіктерде қалыптасқан.

Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы таулы аудандарда, Сарыарқаның ұсақ шоқылары аумағындағы құм тастарда, конгломераттарда, туфогендік жыныстарда бұл типті сулар бұлақтар түрінде

кездеседі немесе өнімі 0,1-1,0 л/сек келген скважиналардан шығады,

ал карбонатты жыныстар мен тектоникалық үгітілу зоналарындағы

бұлақтар мен скважиналардың су өнімі 10-35 л/сек. Қоректену

жағдайлары қолайлы, карсты əк тастар тараған кейбір орындарда

су өнімі 100-300 л/сек-қа жететін бұлақтар да (Семей облысындағы

Георгиевка ауылының маңы, Шығыс Қазақстан облысында Мөлдір

бұлақтың маңы, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы

Кіші Қаратау мен Үлкен Қаратаудың біраз орындары т.б.) кездеседі. Осы аталған орындардан басқа Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі

скважиналар мен кен қазбаларына да су мол жыйналады. Үлкен

Қаратаудағы кейбір кендердің (Мырғалымсай, Келтемашат т.б.)

жарықтарына су мол жыйналады. Састөбе станциясының маңы, Бадам, Сайрам өзендерінің су айрығындағы бұлақтардың өнімі 1000-3000 л/сек-қа дейін жетеді.

Жарықшақтық-пластық сулардың ең аз қорыТаулы Маңғыстауда.

Мұнда жеке бұлақтардың өнімі 0,3-0,5 л/сек-тан аспайды, тек

тектоникалық жарылыстар зоналары бойында ғана 5-15 л/сек-қа

жетеді. Бұл аймақта жер асты суының қоры жаздың өте ыссы болуынан, құрғақшылық жылдарда түсетін ылғалдың тапшылығынан,

ұзақ уақыт үздіксіз пайдаланудан су өнім қоры күрт төмендейді. Таулы жəне ұсақ шоқылы аудандарда жарықшақтық, жарықшақтықпластық сулар қалыптасады. Қоректену жағдайларының қолайлы,

су жинақтаушы жыныстардың фильтрациялық жəне коллекторлық

қасиеттерінің жақсы болуынан бұл аймақтарда қарқынды жер асты

ағыны пайда болады жəне судың табиғи мол қоры жиылады. Сулы

жыныстардың 1 км2 ауданына келетін жер асты ағыны модулінің

орташа мөлшері Орал-Мұғалжарда, Шу-Іле тауларында, Қаратауда,

Сарыарқаның ұсақ шоқыларында 0,1-0,5 л/сек-қа, Жоңғар-ТяньШань, Алтай-Тарбағатай тау жүйелерінің орта жəне биік таулы аудандарында 1,5-15 л/сек-қажетеді. Бұл сулардың табиғи қорларының жалпы көлемі 800 м3/сек, яғни 25 млрд м3/жыл. Мұның 10 млрд м3/жылы Шығыс Қазақстан, 8,5 млрд м3/жылы Оңтүстік Қазақстан, 5,9 млрд м3/жылы Сарыарқа, 0,6 м3/жылы Батыс Қазақстан тауларының үлесіне тиеді.

Пластық типті жер асты сулары жазықты аудандардың, тау іші

ойыстарының, өзен аңғарларының (оның ішінде таулы аймақтардыңда) тектоникалық жарылыстар əсері тимеген палеозойдан антропогенге дейінгі цементтелмеген, не баяу цементтелген терригендік жəне карбонаттық жыныстарында кеңінен тараған. Бұл

жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше м-ге, тау

алды жəне тау іші жазықтарында, Сарыарқаның солтүстік-шығысы,

солтүстік-батысы шеттерінде 0,5-1,5 км-ге, Шу-Сарысуда, Арал

маңының солтүстігі мен шығысында, Маңғыстау, Үстіртінде 3-6

км-ге, Каспий маңы ойысында 10-19 км-ге дейін жетеді. Осыған

сəйкес əр түрлі сулы горизонттардағы жер асты суларының жатыс тереңдігі əр түрлі. Горизонттардың жоғарғыларында арынсыз

(грунттық), төменгілерінде күшті арынды (артезиан) сулар жатыр. Минералдылығы түрліше келеді. Минералдылығы 0,2-3 г/л

шамасындағы тұщы, сəл ашқылтым сулар Каспий маңы ойысының

шығыс бөлігі, Солтүстік Арал маңы, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария,

Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойыстарындағы өзен аңғарларында,

эол құмдарының массивтерінде, суайрықтар аумағындағы

құмды шөгінділерде, тау алды жəне тау іші ойпаңдарында, бор

шөгінділерінің сулы горизонттарында, бұларға қоса пермь, триас, юра, палеоген шөгінділері дамыған кейбір алаңдарда бірнеше

м-ден 500-800 м-ге дейінгі тереңдіктерде (Іле ойысында 2700 м-ге

дейін) кездеседі. Минералдылығы 50-400 г/л не одан да жоғарырақ

тұздық түріндегі жер асты сулары Каспий маңы, Шу-Сарысу, ТеңізҚорғалжын, Торғай ойыстарының, Маңғыстау мен Үстірттің едəуір

бөлігінде жəне Солтүстік Қазақстанның сулы горизонттарында орналасқан. Ашқылтым, кермек татитын жəне тұзды сулар да кеңінен таралған.

Əр түрлі сулы горизонттар мен аудандарындағы пластық жер

асты суларының өнімділігі тым əркелкі. Қазақстанның оңтүстігі

мен шығысындағы тау алды жəне тау іші ойпаңдарын толтырған,

қалыңдығы 200-500 м ірі кесекті шөгінділерде су мол. Бұл жыныстар

қабатынан бұрғыланған жеке скважиналардың өнімі 50-70 л/сек-қа

(кейде 100-120 л/сек) жетеді. Жоғарыда аталған аймақтардағы бор

жыныстарынан, Солүстік Арал маңының палеоген шөгінділерінен

өткізіле бұрғыланған скважиналардың өнімі 5-10 л/сек-тан 40-50 л/

сек-қа дейінгі шамада. Пластық типті жер асты суларын жыл сайын

толықтыратын табиғи қордың шамасы 600 м3/с-қа жуық немесе 19 млрд м3/жыл.

Қазақстан жерінің негізгі бөлігін шөл жəне шөлейт алып жатыр.

Бұл аймақтардағы беткі сулардың қорлары шағын жəне олардың

таралу аймақтары тым əр түрлі. Сондықтан республика үшін жер

асты суларының халық шаруашылығындағы мəні зор. Алматыны,

14 облыс орталығын, 150-ге жуық өндіріс, аудан орталықтарын,

қалаларды, 3500-ден астам ауылшаруашылық орындарын сумен

қамтамасыз етуге, 80 млн га-дай мал жайылымдарын суландыруға,

15 млн га-ға дейінгі егістік жерлерді суаруға жер асты сулары пайдаланып отыр. Суландыруға, ауыз сумен қамтамасыз етуге, жер

суаруға жарамды тұщы жəне сəл ашқылтым сулардың болашақта

пайдаланылатын қорлары шамамен 40 млрд м3

/жылдан астам, оның

13 млрд м3

/жылға жуығы барланған. Бұл келешекте жер асты суларын көрсетілген мақсаттар үшін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстанда жер асты минералды жəне термал сулар, өндірісте

пайдалануға жарамды тұзды сулар кеңінен тараған. Минералды шипалы жер асты сулары əр түрлі ауруларды емдеу үшін аса

тиімді түрде көптеген курорттарда (Алма-Арасан, Қапал-Арасан,

Сарыағаш, Барлық-Арасан, Жаркент-Арасан, т.б.) пайдаланылып

отыр. Соңғы жылдары əсері күшті радиоактивтік, көмірсутектік,

темірлі, азотты, сілтілі, т.б. типті жер асты минералды сулары табылды. Жер астының термал бұлақтарының сулары парник шаруашылықтарында, коммуналдық, қоғамдық жəне тұрғын

үйлерді жылытуға, жыл бойы жұмыс істейтін емдікалаптарында,

балық өсіретін жасанды су тоғандарында жыл сайын кеңінен пайдалануда. Мұндай сулар келешекте жаңа аудандарды жылумен

қамтамасыз етудің жəне энергетиканың көзі болмақ. Бірсыпыра

мұнайлы жəне тау-кен өнеркəсіпті аудандардағы жер асты негізгі

өнімге қоса өндірістік масштабта көптеген суы тыңайтқыш ретінде қолданылатын химиялық элементтерді (йод, бром, бор, калий,

стронций, литий, германий, цезий, мыс, қорғасын, т.б.) бөліп алуды

ұйымдастырудың мүмкіндігі бар.

Грунт (сыза) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су

өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы.

Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп

отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер бетінде егістік

жыртылса төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған.

Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең

қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе

суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында

негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық

шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай

су көздері де табылды, бұл-терең қабат аралық жер асты суы.

Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы

Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні

Францияның Артуа провинциясында 1126 жылы шыңырау құдық

қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл су өткізбейтін

қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тауаралық ойыстарда

кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды

жəне ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-

23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50

мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас жер асты теңізінің бар

екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды.

Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты суалабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан,

атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға

мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең

пайдаланылатын болады.

Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау

жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркəсіпте,

сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды жəне моншаларды

жылыту үшін пайдаланылады.

Минералдысулар. Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен

атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су

бұлақтары кездеседі. Олар температурасы жəне құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір жəне

т.б.) əр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық əсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар,

əсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды

ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар əлі игерілмеген.

Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп,

олардың əр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар

Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман

қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы

жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919

жылдан жұмыс істейді.


  1. Жер ресурстары. Тиімді пайдалану мәселелері.

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2015 жылдың 1 қарашасындағы жер балансының деректері бойынша 272,5 млн га құрайды. Ауыл шаруашылық алқаптары – 214,8 млн га оның ішінде, егістік жерлері – 24,8 млн га, көп жылдық екпелер – 0,2 млн га, шабындықтар – 4,9 млн га, шоғырлар – 5,0 млн га, жайылымдар – 179,9 млн га. Жерді жүйелі суландыруға 2,1 млн га жер жатады оның ішінде егістіктер 1,6 млн га, көлдете суландыру – 0,9 млн га, шабындылар – 0,7 млн га. Ел экономикасының аграрлы секторында қожалық етудің мемлекеттік емес нысандарына ауыл шаруашылыққа берілген жерлердің 100,9 млн га немесе 98,4 %-ы бекітілген. Республика бойынша 219 мың шаруа және фермерлік қожалықтар, 1,5 мың ауыл шаруашылық өндіру кооперативтері, 7,6 мың шаруашылық секіктестіктері мен ақционерлік қоғам есептелген.

2016 жылғы 1 қарашадағы жер балансының деректеріне байланысты су қоры жерінің ауданы республиканың жер қорының 4 128,5 мың га немесе 1,6%-ын құрайды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы аймақтарының біршама кең көлемін қызғылт қара қоңырлы және қызғылт қоңырлы топырақтың құрғақ далалы аймақтар алып жатыр. Құрғақ далалы аймақтың жалпы ауданы 62,4 млн га немесе республика аймағының 22,9%-ын құрайды.
Ашық қызғылт топырақтың шөлді далалы аймағы қызғылт топырақты аймақтың ең оңтүстік бөлігінен – шығысында Алтай мен Тарбағатай тау бөктерлеріне дейін батысында Каспий маңы ойпатының шегінен солтүстік шөлде сұр-қоңыр топырақпен ауысып ұласуда.
Шөлейтті аймақтың ақшыл-қызыл топырағының жалпы ауданы 31,2 млн га құрайды. Ауыл шаруашылығына белгіленген жерлердің құрамында ашық-қызғылт топырақ 10,0 млн га (32,1% аймақ) құрайды.
Ашық-қызғылт топырақтың шөлді далалы аймағы ауыл шаруалығының қосалқы шаруашылығы мал шаруашылығына (негізінен жем-шөп дақылдарын өндіруге арналған) бейімделген. Барлығы 49,0 мың га оның ішінде, 8,5 мың га суармалы егістіктер бар.
Қоңыр және сұр-қоңыр шөлді аймақтар топырағы Қазақстанның кең биоклиматтық аймақтарының оңтүстік кезеңі болып табылады. Ол батыстан шығысқа қарай кең көлеммен 2800 км және 850 км дейін созылып жатыр. Бұл ауданы бойынша республика аумағының 112,1 млн га немесе 41,1%-ын алып жатқан ең көлемді табиғи аумақ болып табылады.
Ауыл шаруашылық санатына берілген жерлердің 86%-ы барлық қара топыраққа ауыл шаруашылыққы қатысты біршама құнды қызғылт қара қоңырлы топыраққа – 76% және қызғылт қоңырлы топыраққа – 58%. Республиканың 85%-дан жоғары бөлігі егістік жері орманды далалы, далалы және қуаң далалы аймақтарда орналасқан. Егістік жер аймақтарының бір пайыздан астамын орман далалы, шөл және шөлейт жерлері құрайды.
2016 жылдың соңына қарай бүлінген құрылыс барысында өндірістік объектілерді желілік құрылыстарды және басқа да кәсіпорындарды, кен орындарын игеру кезінде пайдалы қазбаларды өндіру, оларды өңдеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 247,7 мың га жер бүлінген деп есептеледі.
Аймақтық тұрғыда ең көп бүлінген жерлер саны үш облыста орналасқан, Маңғыстау облысында 78,4 мың га және қалпына келтірілген 3,6 мың га, Қарағанды облысында 45,1 мың га және 10,6 мың га тиісінше және Қостанай облысында 37,8 мың га және 13,7 мың га тиісінше қалпына келтірілген. Жалпы республика аумағында бүлінген жерлері бар өндірістер мен ұйымдардың 3527-сі есептелінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет