Қазақстан физикалық географиясы курсының міндеттері мен мазмұны



бет1/3
Дата15.12.2021
өлшемі53,22 Kb.
#101494
  1   2   3
Байланысты:
61-66


  1. Қазақстан физикалық географиясы курсының міндеттері мен мазмұны

  2. Қазақстанның жер бедері. Жер бедерінің геологиялық-тектоникалық құрылыммен байланысы.

  3. Қазақстандық Алтай таулы аймағы. Табиғат компоненттеріне сипаттама.Номенклатура.

  4. Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекаралары, жер көлемі.

  5. Қазақстанның пайдалы қазбалары.Пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары.

  6. Тұран жазығы. Табиғат компоненттеріне сипаттама. Номенклатура.

  7. Қазақстан табиғат жағдайларының зерттелу тарихы, негізгі кезеңдері.

  8. Қазақстанның климаты.Климатты қалыптастырушы факторлар.

  9. Сауыр-Тарбағатай. Табиғат компоненттеріне сипаттама. Номенклатура.

  10. 1. Қазақстанның зерттеу тарихындағы ежелгі заманнан ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі аралық.

  11. Қазақстанның ішкі сулары.

  12. Шығыс Еуропа елі. Табиғат компоненттеріне сипаттама. Номенклатура.

  13. Қазақстанның тектоникалық-геологиялық құрылымы. Қазақстанның даму этаптары.

  14. Жер асты сулары. Жер асты суларының классификациясы.

  15. Жоңғар Алатауы. Табиғат компоненттеріне сипаттама. Номенклатура.

  16. Қазақстанның зерттеу тарихындағы ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарынан ХІХ ғасырдың 60- жылдарына дейін аралық.

  17. Жер бедерінің генетикалық типтері.

  18. Оңтүстік Сібір мен Орал тауларына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама беру. Номенклатура.

  19. Қазақстанның зерттеу тарихындағы ХІХ ғасырдың 60- жылдарынан 1917 жылға дейінгі аралық.

  20. 2. Қазақстанның теңіздері мен көлдері. Көлдердің таралу ерекшеліктері және қазаншұңқырларының шығу тегі.

  21. Орталық Азия елі. Табиғат компоненттеріне сипаттама. Номенклатура.

  22. Қазақстанның қазіргі замандағы табиғатының қалыптасуындағы неоген -төрттік дәуірдің ролі.

  23. Қазақстан топырағы. Топырақтың негізгі генетикалық типтері.

  24. Оңтүстік Орал тауы аймағы . Табиғат компоненттеріне сипаттама. Номенклатура.

  25. Қазақстан өзен торларының қалыптасуына физикалық географиялық жағдайдың әсері.

  26. Қазақстанның өсімдік жамылғысы.

  27. Қазақтың қатпарлы даласы. Табиғат компоненттеріне сипаттама. Номенклатура.

  28. Қазақстанның территориясын кеңес үкіметі жылдарындағы зерттеулер.

  29. Ендік бойындағы зоналық пен биіктік белдеулеріндегі климат жағдайлары.

  30. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайы. Номенклатура.

  31. Топырақтың таралу заңдылығы.

  32. Қазақстанның жануарлар дүниесі. Жануарлар дүниесінің қалыптасу, таралу ерекшелігі.

  33. Қазақстан шөлдері. Номенклатура.

  34. Қазақстанның физикалық географиялық аудандастырылуы.

  35. Кәсіптік маңызы бар, эндемик жануарлар.

  36. Қазақстан көлдері. Номенклатура.

  37. Өсімдіктердің таралу ерекшеліктері мен заңдылықтары.

  38. Қазақстың қатпарлы даласының климаты. Климат ерекшеліктері. Гидрографиялық торы.

  39. Солтүстік Қазақ жазығы (Батыс Сібір жазығы). Географиялық орны, ерекшеліктері. Номенклатура.

  40. Қазақстанның физикалық географиялық елдері мен провинцияларының сипаттамасы.

  41. Қазақстан шөлдері. Номенклатура.

  42. Қазақстандағы экологиялық мәселелер, шешу жолдары.

  43. Жер беті суларының қалыптасуы және олардың ресурстары.

  44. Қазақстан аумағының палеозой кезеңінде даму ерекшеліктері.

  45. Қазақстанның теңіздері, бұғаздары, аралдары, шығанақтары. Номенклатура.

  46. Қазақстан территориясының кайназой кезеңіндегі даму ерекшеліктері.

  47. Қазақстанның табиғат зоналары. Номенклатура.

  48. Қызыл кітапқа енген жануарлар.

  49. Өсімдік жамылғысы және таралу заңдылықтары.

  50. Жер асты суларының қалыптасу факторлары және оларға талдау жасау.

  51. Шөл зонасы, физико-географиялық сипаттама. Номенклатура.

  52. Негізгі тектоникалық құрылымдардың дамуы.

  53. Ішкі су таралуындағы жалпы заңдылықтар. Ірі өзендерге сипаттама. Номенклатура.

  54. Қазақстанның дала зоналары және оларға физико-географиялық сипаттама.

  55. Қазақстанның қазіргі заманғы мұздану үрдісі және оларға сипаттама.

  56. Топырақ жамылғысының ролі.

  57. Шөлейт зонасы, физико-географиялық сипаттама. Номенклатура.

  58. Таулы және жазық жерлердің, жаз-қыс айларының климат ерешеліктері. Климаттың негізгі элементтерінің сипаттамасы.

  59. Өзен торының тығыздығы. Негізгі өзендердің экологиялық жағдайы.Номенклатура

  60. Таулы аймақта биіктік белдеулік зоналардың қалыптасу заңдылығы, ерекшелігі.

  61. Физикалық географиялық аудандастыру тарихы.

Физикалық-географиялық аудандастыру мəселесі – географияның

əлі де жеткілікті деңгейде талданып, зерттелмеген ең күрделі

мəселелерінің бірі. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру мəселелеріне əдеби жəне картографиялық көптеген материалдар арналған. Еліміздің аумағын алғаш рет табиғи салалық

жəне кешенді физикалық-географиялық аудандастыру мəселесімен

Л.С.Берг (1913), И. М. Крашенинников (1925), Н. Г. Рыбин (1948),

М.М.Өтемағамбетов (1956) шұғылданды. Қазақстанның табиғи

жағдайларын зерттеу жұмыстары негізінен кеңестік кезеңде

жүргізілді. Қазақстанның қазіргі аумағын физикалық-географиялық

аудандастырудың алғашқы схемасын жасауда Л. С. Бергтің «Сібір мен

Түркістанды ландшафтылық жəне морфологиялық облыстарға бөлу

тəжірибесі» («Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области», 1913) еңбегі маңыздырөл атқарды.

Зоналық жəне провинциялық факторларды қосып қарастыру

принципі 1947 жылы СССР ҒА-ның Өндіргіш күштерді зерттеу

кеңесі жасап шығарған «СССР-ді табиғи-тарихи аудандастыру»

(«Естественно-историческое районирование СССР» СОПса АН

СССР») схемасында тұңғыш рет қолданылған. Бұл схема бойынша

Қазақстан аумағы 5 табиғи-тарихи зонаға, 3 табиғи-тарихи өлкеге

жəне 9 провинцияға ажыратылады. 1969 жылыбасылған «Қазақстан»

(«СССР-дің табиғат жағдайлары жəне табиғи ресурстары» сериясынан) монографиясында [«Казахстан» (из серии природные условия и естественные ресурсы СССР] Б.А.Федорович басшылық еткен авторлар ұжымы республика аумағын 8 өлкеге, 25 провинцияға

жəне 70 облысқа бөледі. Аумақты өлке жəне провинцияларға бөлу

геологиялық-геоморфологиялық факторларға (яғни, геотектура,

морфоқұрылымға), облыстарға бөлу өтпелі зоналарға бөлуге негізделіп жүргізілді. 1968 жылы Москва мемлекеттік университетінің

ғалымдары шығарған «СССР-ді физикалық-географиялық аудандастыру» («Физико-географическое районирование СССР») монографиясында Қазақстан аумағының барлық табиғат жағдайларын

(зоналық жəне азоналық) қамтитын кешендік принцип негізінде

физикалық-географиялық аудандастыру ісі жүргізілген. Биік таулы

365


аумақтарда азоналық факторлар мен тау ландшафтысының биіктік

зоналық құрылымдары жіктелген. Бұл еңбекте Қазақстан аумағы 7

өлкеге, 14 облысқа жəне 43 провинцияға бөлінген.

Н. А. Гвоздецкий мен В. А. Николаев [(«Қазақстан», «Табиғат

очерктері» сериясы, 1971)] – («Казахстан», серия «Очерки природы», 1971)] республика аумағын аудандастыруды бұрынғылар

қолданып келген схемамен жүргізген. Дегенмен аудандастырудың

негізгі бірлігі – физикалық-географиялық провинцияның санын

46-ға жеткізген. Физикалық-географиялық өлкелердің орнына,

мұнда ірі 4 бөлік ажыратылған. Олар: Солтүстік-батыс Қазақстан,

Солтүстік жəне Орталық Қазақстан, Оңтүстік-батыс жəне Оңтүстік

Қазақстан, Шығыс жəне Оңтүстік-шығыс Қазақстан. Бұлардың

шекарасын ажыратып алу қиын жəне оларды Қазақстанның бөлігі

ретінде қарастыру əлі анық емес. Торғай үстіртін Қазақтың ұсақ

шоқысы (Сарыарқа) өлкесіне қосып қарастыру геологиялықгеоморфологиялық тұрғыдан əлі негізделмеген. Соңғы жылдары

жарық көрген ғылыми əдебиеттерде физикалық-географиялық аудандастыру мəселесі əр түрлі теориялық негіздерде құрылған. Сонымен қатар табиғи-аумақтық бірліктер мен оның бөлшектері де əр

түрлі талданады.

Қазақстанның жеке бөліктеріне де бірқатар физикалықгеографиялық схемалар арналған. СССР ҒА-ның Өндіргіш күштерді

зерттеу кеңесінің тың жəне тыңайған жерлерде жүргізген кешенді

зерттеу экспедициясының жұмысы негізінде даярланып, 1960 жылы

жарық көрген «Солтүстік Қазақстанды табиғи аудандастыру» («Природное районирование Северного Казахстана») монографиясының

зор маңызы бар. Бұл еңбек ауыл шаруашылық өндірісінің мүддесіне

орай табиғат жағдайларына кешенді сипаттама беруге негізделген.

Міне, осы мақсаттарға орай биоклиматтық көрсеткіштер бойынша

зона жəне зона аралықтары, геологиялық-геоморфологиялық негізде

облыстар – аудандар – аудан аралықтары ажыратылады. Б.А.Федоровичтің 1963 жылы жарық көрген «Орта Азия мен Қазақстан

шөлдерінің табиғи облыстары жəне бұларды игеру мүмкіндіктері»

(«Природные области пустынь Средней Азии и Казахстана и возможности их освоения») еңбегінде Оңтүстік Қазақстан аумағы 1

зонаға, 2 зона аралығына, 2 провинцияға, 8 округқа жəне 15 табиғи



облысқа бөлінеді.

  1. Қазақстан тектоникалық құрылымы

Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін бірнеше рет су басып,кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған.Осының нәтижесінде,теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.
Палеозойға дейін,яғни архей және протерозой эраларында,республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды.Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа платформасының шағын аймағы қалыптасты.Палеозойдың басынан бастап платформаның бұл аймағы біртіндеп түсіп,оның бетін теңіз суы басты.Теңіз түбіне жиналған шөгінді жыныстар жамылғысын құрайды.палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды.Бұл эрада дамыған геосинклиналды аймақтарда орын алған қатпарлықтар-каледон,герцин қатпарлықтары деп аталады.
Палеозойдың алғашқы жартысында каледондық тау түзілу кезінде қозғалмалы құрлықтар қалыптаса бастады.күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау жүйелері құрылған.теңіз бірте-бірте тартылып,құрлық көлемі ұлғая берген.ежелгі Шығыс Еуропа платформасыда көтерілуге ұшырады.Жанартаудың әрекетіне байланысты пайдалы кен қазба байлықтары пайда болған.
Палеозойдың аяғына таман жүзеге асқан герциндік тау түзілу процесі кезінде Алтай және Жетісу Алатауы,Сарыарқаның шығыс бөлігі және Мұғалжар өңірлері көтерілді. Бұл кезеңде Қазақстанның едәуір бөлігі жер қыртысының тұрақтаған бөлігіне айналып біршама көтерілген соң,оны екінші қайтара теңіз суы басқан жоқ.Осы кезеңде республиканың батысындағы Шығыс Еуропа платформасы мен Еуразияның солтүстік-шығысындағы сібір платформасы көтеріле бастады.
Мезозой эрасында теңіз тек батыс қазақстанды басып жатқан.Осы эраның аяғында көптеген шығанақтар пайда болып,теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтыған.онда өзендердің құрлықтардан ағызып алып келген шөгінділері жиналған.Мезозой эрасы жер қыртысының салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған,бұл кезде тектоникалық қозғалыстар баяу болған,бірде бір тау жүйесі түзілмеген.Палеозойда құрылған тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліске ұшырап,мезозойдың аяқ шенінде қазақстан жері біршама тегіс аймаққа айналған.
Кайназой эрасының басында мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол қалпында сақталған.Бірақ неогеннің аяғында әлденеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен альпілік таулар түзілген.Альпілік тау түзілу кезеңінде жер қыртысында жарықтар пайда болып,бұрынан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп,екіншісі көтерілген.Осы қозғалыстардың нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан.Алтай,Тарбағатай,Жетісу Алатауы және Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған.Бұл тау жүйелеріндегі көтеріңкі,аймақтар мен тегістелген жерлер және жоталар бойымен созылған тауаралық ойыстар тау көшірілу нәтижесінде түзілген.
Жер қыртысының қозғалысы мен өзгерісін тектоника ғылымы зерттейді.Қазақстанда төмендегідей негізгі геотектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады-платформалар және қатпарлы облыстар.
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі.Республика аумағына көне платформаның оңтүстік шығыс бөлігі ғана кіреді.Бұл Қазақстанның ежелгі бөлігі,ол архей және ерте протерозойда қалыптасқан.платформа ауқымында Каспий маңы ойпаты мен орал алды үстірті орналасқан.платформа екі қабаттан тұрады.Платформаның төменгі қабатын құрайтын кристалдық қатты жыныстардан тұрса,оның үстінде палеозой,мезозой және кайназой шөгінді жыныстары жауып жатыр,оның қалыңдығы 22 км-ден асады.
Жас платформалар.Қазақстанда ежелгі платформалардан басқа жас пратформалар да бар.Палеозой,бұрынғы жазықтардың орнында таулар пайда болған.Ол таулар үгіліп,шайылып,тау жыныстарын басқа жаққа тасымалданып,ойыстарды толтырып жазыққа айналған.Осының нәтижесінде жас платформалар қалыптасады.Палеозойдың көне жыныстары жас платформалардың іргетасын құрайды.Оның бетін кейінгі мезозой мен кайназойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр.
Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерініңқалыңдығы 200-1000 м ғана.Тұран плитасының құрылысы күрделірек.Оның кейбір жерлерінде шөгінді қабаттардың қалыңдығы 4 км-ге жетеді,ал енді бір жерлерде шөгінді қабаттарының қалыңдығы 4 км-ге жетеді,ал енді бір жерлерде жер бетіне өте жақын орналасқан.
Палеозой қатпарлығының аймақтары.алғашқы кезде бұл аймақтардың даму дәрежесі ұзақ уақыт бір деңгеиде болып,теңіз суы басып жатқан.Кейін ұлан байтақ теңіз орнында таулар пайда бола бастады.
Каледон қатпарлығы аймағы Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстік бөлігін қамтыған.Герцин қатпарлығы аймағында Мұғалжар,Сарыарқаның шығыс бөлігі,Тянь-Шаньның батыс жоталары,Жетісу Алатауы,Сауыр менАлтай таулары кірген.
Бұл аймақтардың негізін құрайтын тау жыныстары көп жерлерде жер бетіне шығып жатады,ал ойыс жерлері мезозой және кайназойдың борпылдақ жыныстары жауып жатыр.
Кайназойлық құрылымдар.Кайназой эрасында,яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты.олар палеоген,неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде түзілген шөгінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған.Кейін болған тауқұрулар тау рельефін «жасартуға» үлкен әсерін тигізді.каледон және герцин қатпарлықтарындағы көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді.Неоген мен антропогенде дүркін-дүркін жүрген күшті жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай,Тарбағатай,Жетісу Алатауы,Тянь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды.Тау жасалу қозғалыстары қазір де жүріп жатыр.


  1. Орманды дала зонасына сипаттама. Номенклатура.

Орманды дала ландшафт зонасы Солтүстік Қазақстан,

Қостанай жəне Ақмола облыстарының аумағының шағын бөлігін

қамтыған, яғни республика аумағының 7%-тей жерін алып жатыр.

Бұл зона қоңыржай континенталды климатпен сипатталады. 10°-

тан жоғары оң мəнді (жылы) температураның жылдық қосындысы

1950°-2200°, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350

мм, ылғалдану коэффициенті 0,77-0,56, вегетациялық кезеңнің

ұзақтығы 120-125 күн, қуаңшылық жылдардың қайталанушылығы

20-30%. Мұнда Батыс Сібір типтес жайпақ ойдымды, шоқ қайыңды

орманды дала ландшафтысы басым келеді. Бұл ландшафт грунттың

тым ылғалдануы жағдайында жаралу тегі бір-біріне жалғасқан көне

көлдік жəне көлдік-өзендік жазықтарда қалыптасқан. Ылғалдану

коэффициентінің біркелкі еместігіне байланысты екізона аралығына

бөлінеді.

Петропавл қаласынан солтүстікте (солтүстік ендіктің 55°-нан

солтүстікке қарай) орманды далаға тəн ылғалды-қоңыржай зона

аралығы орналасқан. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Рельеф пен

топырақ түзуші жыныстардың литологиялық құрамы мен аймақтық

көріністерімен ландшафтық құрылымының əр тектілігін анықтайды.

Жақсы айқындалған саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің

жоғарғы бөліктерін құнары шайылған қара топырақты қабатты

астық тұқымдас түрлі шөпті тоғайлы дала алып жатыр. Құмды

жəне құмдақты өңірдің ормандық сұр топырағында көктеректіқайыңды орман өседі. Сортаңды саздақты қызыл миялы ормандық

сұр топырағында көктеректі-қайыңды шағын тоғай, шоқ қайыңдар

өскен.

Қосымша ылғалдану жағдайларында (грунттық немесе жер



бетілік) саздақты жайпақ жазықтың шалғынды қара топырағында

астық тұқымдас түрлі шөпті дала қалыптасқан. Бұлар ылғал мен

қоректік заттар мол сіңген ірі массивтерді құрайды. Сапасы жағынан

құнарлы жерге жататындықтан, толық дерлік жыртылмаған. Тұзды

жəне карбонатты саздан құралған жайпақ ылдилардың сортаңды,

қызыл миялы жəне карбонатты топырағын астық тұқымдас түрлі

340

шөпті тоғайлы дала алған. Субдоминанттық ландшафт ретінде кəдімгі шалғынды далаға мыналар тəн: шалғындық-далалық



жəне далалық сортаңдар, аллювийлік, жайылмалық, шалғындық

топырақтағы жайылмалық, шалғындық топырақтағы биік шөпті

жайылмалық шалғын, шымтезекті, батпақты топырақтағы қоғалықұрақты шалғындық, батпақты терең ылдилар, қазан шұңқырлыөзекті көлдер.

Петропавлдан оңтүстікке қарай (55° солтүстік ендіктен

оңтүстікке қарай) орманды далаға тəн емес зона аралығы жатыр.

Климаты да орманды дала сипатында емес, ылғалдану коэффициенті төмен (0,63-0,56). Ландшафтысында сазды көне көлдік жəне

құмдақты-саздақты жалды көне эолдық жазықтар мен кəдімгі қара

топырақты түрлі шөпті қызыл бозды дала басым, сортаңданған

сазды бидайықты ойыстардың сортаңды немесе соры мол қара

топырағында жусанды-бетегелі-бозды дала, саздақты аллювийліккөлді жалды жазықтардың оңтүстіктегі сортаңды қара топырағында

түрлі шөпті қызыл бозды дала, қызыл миялы жерлерінде көктеректіқайыңды жəне талды қайыңдар өскен сазды жерлер басым. Ландшафт кешендерінде шалғындық-далалық жəне далалық сортаңдар,

тоғайлық сорлар, қоғалы-құрақты батпақтар жəне қазаншұңқырлыөзекті көлдері жиі кездеседі. Орманды дала ландшафт зонасы

(аймақтың 30%-дан 70%-ға дейінгі үлесі) дəнді дақылдар егісі үшін

толық пайдаланылады. Жеке бөліктері – жайылым жəне шабындық

үшін тиімді болып табылады


  1. Қазақстандағы аймақтық және зоналық жануарлар әлемінің таралу ерекшеліктері.

Қазақстан аумағы аумағы Голарктикалық зоогеографиялық

облыстың Палеоарктикалық бөлімінің құрамына кіреді. Шөлі мен

шөлейті, дала зонасы мен таулы аймағы Орталық Азиялық облыс тармағына жатады. Көптеген зоогеографтар Қазақстанның

оңтүстігіндегі жазық жері бөлігін Орталық Азиялық облыс

тармағына жатқызады.

Қазақстанның қазіргі кездегі фаунасының тарихи даму тегінің арғы тармағы неоген дəуіріне дейін барады, бірақ оның құрылымы мен

таралу ерекшеліктерінің негізі плейстоцен дəуірінде, əсіресе жалпы

мұз дəуірінде жəне бұдан кейінгі климат жағдайының өзгеруіне бай-

330

ланысты қалыптасқан. Республика аумағында сүтқоректілердің 158,



құстардың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтардың 150 түрі жəне омыртқасыз жануарлардың

мыңдаған түрлері тіршілік етеді (38-сурет).

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан

Палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуымен қалыптасуыөсімдікжамылғысының

даму тарихымен ұқсас. неоген дəуірінде Қазақстанды тропиктік

жəне субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан жəне Африка жануарларының түрлерімен байланысты болған. Ал, мұз басу

дəуірінде жылылық сүйгіш жануарлардың кей түрлері жойылып

кеткен де, біразы жылы жаққа ауған. Олардың кейбір түрлері

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта сақталған.

Олар мұз басу дəуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Жайра, жолбарыс, қабан, марал, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері

осы топты құрайды.

Мұз басу дəуірінде Қазақстанға солтүстіктен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда əлі де

тундра кекілігі, шіл, т.б. жатады. Мұз дəуірінен кейін Қазақстанға

Орталық Азия жануарлары өткен. Олар ішін құр, тоқылдақ, самырсын құс, ақ қоян мекендеген. Кейін олар дала жəне шөл зоналарына

ауысқан.

Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық

аудандарға бөлінеді. Олар орманды дала жəне дала (Солтүстік

Қазақстан, Павлодар, Ертіс бойы), шөлді дала (Каспийдің солтүстігі,

Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт, Зайсан), таулы аудандар (Алтай,

Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау,

Қалба), Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы ауданы (зоналары мен

зонааралық омыртқасыздар мекендейтін су бөгенді аймақтарында).

Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі

де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар

мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тəн. Даланы тышқан, ала

қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады.

Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың əр түрі (қараторғай,

бозторғай, шымшық торғай, қарлығаш) кездеседі.

Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қояндар, су

тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі

331

38-сурет. Қазақстанның жануарлар дүниесі



332

кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды

қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Ашық

алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде

жылан аз кездеседі, кесірткенің түрлері ұшырасады. Шөл даланың

жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың

біразы күндіз терең қазылған ін ішінде жатып, түнде жорыққа

шығады. Күндіз жүретін аңдар тым ерте жəне кешкі мезгілде ғана

далада болады. Күндіз көлеңкеде, бұта түбінде жатады. Шөл жануарлары жүйрік келеді, алыс жерлерден су ішіп қайтады, құстары

да қонбай алысқа ұша алады. Көбі шөлге шыдамды келеді. Олар

ылғалы мол өсімдіктермен қоректенеді, соны қанағат тұтады (суыр,

құм тышқандары, торғайдың кей түрлері). Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы ыстыққа ұйықтайтын

да жануарлар бар. Сарышұнақ осылай тіршілік етеді. Олар маусым

айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді. Дала тасбақасы одан да ертерек

бастайды.

Шөлдің де түрлері көп. Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлысорлы болып келеді. Жануарлар да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне қарай дамыған. Құмды шөл далаларда əртүрлі бұталы

өсімдіктердің, сексеуілдің, ақ гүлді қарағанның өсуіне байланысты,

оны соларды қорек ететін хайуандар мекендейді. Ала жертесерлер,

сарышұнақтың, құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны,

құстардан сексеуіл жорға торғайы кездеседі. Жылан, кесіртке сияқты бауырымен жорғалаушылар шөлді далаларда көп. Құстар сексеуіл бұтақтарына ұя салады. Олардың ішінде дала бүркіті, бөктергі,

ақ құйрық сауысқан бар.

Даланың аңдарыбір зонадан бір зонаға ауысып, кейде солжерлерді мекендеп қалады. Жайық өзені бойы мен Каспийдің солтүстігінде

Еуропадан ауысқан орман сусары, торғай бұғысы, Үстіртте оңтүстік

жəне батыс облыстарға тəн үстірт қойы, сілеусін, т.б. аң түрлері

ұшырасады.

Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тəн жануарлары

бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жоңғар, Тянь-Шань жəне

Орталық Қазақстанның аласа таулары кіреді. Оларды мекендейтін

жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен жəне

оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауысқан аңдар көбірек

кездеседі. Таулы аудандардың жапырақты, қылқан жапырақты

ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын пісте, бадам же-

333

містерін жейтін аңдар (бұлғын, тиін, тоқал бұғы, ақ сары тышқан,



саңырау құр, қара бауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері,

т.б.) мол.

Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары

кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей Тянь-Шань,

Тарбағатай шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай

ұларын, күшігенді, байғызды атауға болады. Жоңғар, Күнгей Алатауы бойын марал, сілеусін, шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан,

шымшық торғай, Батыс Тянь-Шаньды мензбир сарышұнағы, ұзын

құйрық тышқан, жайра, көк қарға, ұзын құйрық, суық торғай, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық

Тянь-Шаньда алтай суыры, имек тұмсық балықшы, қызыл мойын

бұлбұл ұшырасады.

Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпі шалғынында,

мəңгі қар жататын тау басында өсіп өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алма, өрік, долана, шетен, т.б. бұталыжемістер

алқабында кеміргіштер мен құстардың əр түрлері қоныстанған.

Шыршалы орманда марал, сілеусін, елік, альпі шалғынында тау

ешкі, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да əр түрі ұшырасады.

Қазақстанның өзенді, көлді аймақтарын, тоғайлы, бұталы жерлерін мекендейтін жануарлар түрі де əр алуан. Оларда құстар ұя

салады. Тоғай ішінде тотықұс, бүркіт тұқымдас қарақұс, қырғи,

бөктергі, ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық кездеседі. Қырларда

дала мысығы, Сырдария бойының тоғайларында шие бөрі, тоғай

бұғысы жүреді. Өзенді алқаптар мен бұталы өзектерді қабан, елік,

ақ тышқан мекендейді. Өзен көлдер бойы құсқа бай, теңіздер мен су

қоймаларында балық түрлері де мол. Аралда балықтың 40, Каспийде 50 түрі, итбалық бар.

Қазақстан далаларында омыртқасыздар да көп кездеседі.

Олардың ішінде зияндылары да аз емес. Шегіртке егін алқабымен

шабындық шөптерді жейді. Қарақұрт, бүйі, шаян, жылан,кененің

түрлері адам өміріне қауіп туғызады. Көбелек құрттары ағаштар мен

жеміс-жидекті сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса

ұрық таратады.

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне,

халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек жəне жоғалуға таяу

334

аз түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға



алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 31 түрі (қарақұйрық,

құлан, арқар, қабылан, қар барысы, тянь-шань қоңыр аюы, шағыл

мысығы, күзен, т.б.), құстардың 49 түрі (қоқиқаз, бұйражəне қызғылт

бірқазан, қара жəне ақ лəйлек, қиқулағыш аққу, дала бүркіті, сұңқар,

дуадақ, қырғауыл, ұлар, т.б.), бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі,

қос мекенділер мен балықтың түрлері бар.

Елімізде бұрын көп болған құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты

аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан əкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатра, Алтай тауларында қара күзен мен бұлғын, Каспий жағалауында ит тəріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер

мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде. Қазақстан

табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында Ұлттық

саябақтар (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет