Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Жоба
Тақырыбы:«Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағыттары»
Орындаған:1 курс студенті
ОП-6В055102 Биотехнология
Дайындаған:Жалғасбаева Д.
Тексерген:Хибина З.Н.
2022-2023 ж.
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4.Әдебиеттер
5.Қосымша
Кіріспе:
Ұлы жібек жолы- ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Қытай мен Жерорта теңізі арасындағы ұланғайыр кеңістіктің мәдени орталықтарын байланыстырған керуен жолдарының жүиесі. Терминді 1877 ж. Неміс географи және геологы Вильгельм Рихтгофен енгізді. Жол б.з.б. 2ғ. Пайда болды. Оның жалпы ұзындығы 7 мың километрге жуық. Керуенмен Жерорта теңізінен Ұлы Қытай қабырғасына үш жылда жетуге болатын еді. Жолда алуан түрлі тауарлар сатылады. Бірақ, солардың ішіндегі ең бастысы жібек болатын. Батыс елдерінде жібекке сұраныс өте жоғары болды. Сауда жолына соның аты берілді.
Орта ғасырларда қытайда жібек өндіру ісі құпия сақталды. Соған қарамастан, Жапония мен Оңт. Кавказда жібек өндіру жолға қойылды. Соғдианада жібек өндірісінің дамығаны соншалықты, ол жібек сатуда Қытаймен бәсекелес болды.
6-11 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениетінің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб,Құлан,Мерке,Тараз,Отырар,Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Тек Іле өзенінің бойында елу шақты қалардың болғаны белгілі.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ.Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі – Исфиджаб болды.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер - суы - шығыста Талас - Шуға дейін, солтүстік - батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты. Қазіргі кезде орналасқан жері Сайрам ауылының оңтүстік - батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде .Зерттеу жұмыстарын 1923 жылы П.П.Иванов, 1925 жылы М.Е.Массон, 1947 жылы А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Қазба жұмысының барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған көлемі 28 га жерді алып жатқан қаланың орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған . Оңтүстік Қазақстанға арналған тарихи-географиялық ортағасырлық әдебиеттерде Арыс пен Талас арасындағы аудан маңызды орынға ие болғандығы жайлы айтылды. Ерте орта ғасырда экономикалық және стратегиялық жағынан ерекше маңыздылығы шығыс авторларының бұл ауданның тарихи топографиясына деген қызығушылығын тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: |