Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. Исфиджао ірі қала, деп жазды сицоның раоады (қүзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасында Пуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Щахраны қакпасы Бухара қакпасы, әр какпаның жанында пабады бар".
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған.ХШ ғ. Жібек жолының бір бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген,
Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ыкпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийлі Батыс түрік кағаны Дизабул осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан таразды (далаесы) шеңбері 80-90лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. Олар көпестер қаласы деп аталған.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолындағы ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлұқ, оғыз, тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған.Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Төменгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бұл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі кала Сығанақ. Казакстаның солтүстік мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Супақ-ата жұрты бар.
Одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жеткен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған.
■Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т. б. шығарылып, Қытайдан жібек, фар-фор, керамика әкелінген. Шеттен әкелінген бұйымдар меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар табылды.
• қалалардың өсуі, өркендеуі, сауданъщ дамуы, шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
ІХ-ХІІ ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді екінші саласы Құйрық төбе, Алтын тебе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау баурайларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тар-тылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылыш, гүлдеп тұрған.
Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра хосаушылардың, шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа,
сүйек-ке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына жоғары баға беріп арқа сүиеиді.
Феодаддық тәуелді ("қара халық", "қараша") деп аталды. Олар түрлі борыш, міндеттерді, оның ішінде ең бастысы, әскери міндеті ("Қан салығы") өтеуге тиісті болды. Төуелді тайпалар қағанға алым-салық төлеп тұрды. Үй немесе семья құлдары болды. Батыс түрік қағандығындағы ішкі қырқыс оның әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың аяғында Жетісуда қағаздықташ түркештер (шулық) мен қара түркештер (желілелік) оқшау шықты. Қаған тағына қара түркештердің өкілі отырды. 756 ж. Түркеш қағаңдығы VIII ғасырдың 2-жартысының басында Алтайдан Жетісуға қоныс аударған түркі тілдес қарлұқ тайпаларының шабуылынан соң құлады. Қарлұқ қағандығына (766-940) Жетісу мен Оңгүстік Қазақстан тайпалары кірді. Олардың құрамындағы түркі тілдес тайпалардың ішінде: тухси, шігіл және азкиш, халадж, чарук, арғу, барсқан, оғыз, үйғырлардың бір бөлігі. Жетісу соғдылары болды. Қарлұқ қағандығының шекарасы Жетісу мен Қашғадариядан Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға дейін созылды. Қарлұқтар Ұйғыр қағандығымен соғыс жүргізді. Ұйғыр қаған-дығы қырғыздардың шабуылынан 840 ж. құлағаннан кейін қарлұқ тайпалар бірлестігінің көсемі ябғу түріктердің жоғарғы билеушісінің лауазымы - қаған атағын алғысы келді. VIII-IX ғасырдың басында қарлұқтар түркештердің соңын ала бере арабтардың Оңтүсгік Қазақстанның жеріне жылжуын тоқтатты. Араб халифатының құрамъна Оңтүсгік Қазақстанның бір бөлігі ғана кірді. Исфиджаб көшпелі түріктердің арасына исламды таратушы орталыққа айналды. VIII ғасырдың ортасында Жетісуды мекендеуші халық 748 ж. Суябты басып алып талқандаған, ал 751 ж. Арабтар мен қарлұқтардан күйрей жеңілген қытай өскерінің басқьшшылық әрекеттеріне тойтарыс берді. ІХ-Х ғасырлардың аяғында Қарлұқ қағандығының Солтүстік-Батысында, Сырдарияның орта және төменгі ағысыңда, Арал маңы, Каспийдің Солтүстік жағында, Батыс Қазақстан даласында оғыздардың ертедегі феодалдық мемлекеті Батыс Қазақстанның ежелден келе жатқан жергілікті тұрғындары (алан, асса т.б.) мен Жетісудан көшіп келген түркі тілдес тайпалардың (ерте оғыздық Жетісулық топ, қарлұқ, халадж, т.б.) бір бөлігі қосылуы нәтижесінде қалыптасты. X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент болды.
Алайда, XI ғасырдың ортасында оғыз мекендеген қыпшақтар қиратты. XІІІ-ХІ ғасырларда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарын қимақтар мен қыпшақтардың түркі тайпалары қоныстанды. ХІІІ-ІХ ғасырларда қьпшақтар Қимақ тайпалар одағаның ал IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Қимақ мемлекетінің қарамағында болды. Оның құрамына қыпшақтардан басқа эймур, қимақ, татар, байандур т.б. тайпалар кірді. Олардың біразы Орта Азиядан Ертістің жоғарғы ағысы бойына қоныстанды. Қимақтар самани әулеттері, оғыздар, қарлұқтар қырғыздар мемлекетімен сауда қатынасын жасап тұрды. Бұл қатынастар ара-тұра әскери қақтығыстарға байланысты кей кездері тоқтап та қалды. Қимақ билеушісінде алғашқыда "яғбу" лауазымы бар болса, IX ғасырдың аяғынан бастап түріктің жоғарғы атағымен "хақан" деп аталды. Қимақ хақанының билігі атадан балаға мирасқа қалып отырды. Хақан ел басқару ісінде әскери-тайпа шонжарларына арқа сүйеді (олардың саны 11). Оларға басқаруға жер бөліп берді. Иелік жерлердің билеушілері бекініс қамал салып, әскер ұстады. Ішкі әлеуметтік және саяси қайшылықтар, сондай-ақ XI ғасырдың 1-жартысында Орта Азиядан көшпелі тайпалар — Қыпшақтардың қоныс аударуы, түптеп келгенде Қимақ мемлекетінің құлауына әкелді. Қазақстан жеріндегі ертедегі феодалдық мемлекеттік экономикасы отырықшы егіншілікпен тығыз байланыстырылған көшпелі және жартылай кошпелі мал шаруашылығына негізделді. Маусымдық жайылымдарға баратын жолдар белгіленіп, үй малының құрамы (жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр) анықталды. Халықтың отырықшы және жартылай отырықшы топтары егіншілікпен (тары, бидай, арпа, суармалы жерлерде күріш екті, оңтүстік аудандарда бау, жүзімдік, бақша өсірді) айналысты. Көшпенділерде бірігіп аңға шығу тек шаруашылық мақсатты ғана көздеген жоқ, әскери жаттығу орнына да жүрді. Мал шаруашылық өнімдерін өңдеуге қатысты кәсіби істер дамыды. Темір, күміс, мыс, алтын өндірілді.
Кәсіби орталықтар, егіншілік алқаптар мен көшпелілер даласын байланыстыратын сауда орталықтары шығыс пен батысты байланыстыратын. ¥лы Жібек жолындағы керуен жолдарының; торабы саналған Сырдария, Талас, Іле және Шу алқаптарында Исфиджаб, Отырар, Тараз, Янгикент, Баласағұн, Суяб, Қаялық, Ики оғыз, Мирки Нузкет, Құлан сияқты қалалар болды.
Казакстанның ұланбатыр жерінде ежелгі замандардан бірі отырыкшылық. ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі.Солардың бірі Оңтүстік Казақстан мен Жетісу болады. Оңтүстік Қазақстан яғни Сырдария өңіріндегі географиялық уәлаят солтүстігінде — Орталық Қазақстан даласымен, оңтүстігінде — Талас Алатауымен, Шығысында — Жуалы қыраттарымен, Батысында — Кызылқұм шөлімен шектеледі.
Оңтүстік Казақстан жерінде Сырдария алқабы айрықша орын алады. Сырдарияның ежелгі атын фектер Яқсарт деп жазып қалдырыпты да, ол VII гғ. дейін сақталады. Сосын ол Сойқан, Қаңтар, Гул-Зариун, Иинчу-Оғыз деп "аталады, тек XVI г. бастап оның әу бастағы аты — Сыр қайтадан көпшілікке тарайды.
Жетісуда екі тарихи-мәдени аудан айрықша көңіл аударады. Оңтүстік-Батыс Жетісу, оған Шу мен Талас алқаптары, Терістік-Шығыс Жетісуы, оған Іле алқабы енеді.
Ғылымда тарихтың ең бір күрделі мәселесіне — отырықшы және көшпелі тайпалар мен халықтар, дала мен қала проблемасына зор көңіл бөлінеді. Ғылымда еуроорталық бағыты деген ағым бар, онда көшпелілер өркениетті қарама-қарсы, жабайы тағылар ретінде көрсетіледі.
V Соңғы жылдары бу мәселеге жаңа көзқарас пайда болды, көшпелілерді белгілі дорежеде әсірелей отырып, зерттеушілер олардың үлкенді құрмсттеу, меймандостық, бауырласу, еркіндікті сүю сияқты әдет-гұрыптары мен қадыр-қасиеттерін атап өтеді. Алайда «көшпелілер әлсмін» олардың өздерімен көрші отырықшылардан, қала турғындарынан оқшаулап, бөліп қарауға ешкімнің де құқы жоқ, өйткені олардың арасында қадым замандардан бері этникалық, экономикалық және мәдени салаларда өте тығыз байланыс жасалып, ол ұдайы дамып отырған. Мал Өнімдеріне сұраным және онымен сауда жасау мал шаруашылығы басты себептерінің бірі болған. Қолөнер кейбір Бұйымдарымен, ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзара сауда жасасып, сатып алу, өткізу болған.
Әлбетте, көшпелілер мен егіншілердің арақатынасы ұдайы тыныш болып отырмаған. Көшпеліердің барған жерін құлазытып —кететін мен басқыншылықтары туралы толып жатқан тарихи фактілер бар, сонымен бірге отырықшы халықтар билеушілерінің жасаған қатыгез қаталдығы жағынан әлгіден еш кей түспейтін жортуыл-жорықтары жөніндегі мәліметтер де аз емес. Ал, кәрі тарих кешпелілер мен қала тұрғындарының облыс мұсылман мәдсниетінің ықпалына туседі, ол мәдсниет қала халқы арасына тарайды.
Осы айтылып отырған кезде қала санының көбейгені деректердс өз ізін қалдырған.
Кейбір деректерге қарасақ, Талас Алатауының баурайларында Джуммшлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы орналасқан Кеңжидс вкурігі құртады; Отырар коғамы аймағында. Кедер, Весидж бен Шаргар өңірінде — Яссы, Шағылжан, Қарнақ, Карашоқ, Сауран; Сырдарияның төменгі бойында — Сығанақ, Жент, Асанас, теріскей жоталтарда — Баладж бен Берукет қалалары пайда болады. Булардың бірқатары бұрын да болған еді, бірақ шағын-шағын мекендср
мен қалашықтар еді, ал IX ғ. — XII ғ. бас кезінде олар қалалық орталықтар қатарына қосылады.
Жетісудың оңтүстік-батысындағы жаңа қалалар саны да өседі. Талас алкабында — бұл Балу, Шелжі, Текабкет, Кен-жек қалалары. Шу алқабында Баласағун бас қалаға айналады.
IX ғ. XIII ғ. бас кезінде Жетісудың солтүстік-батысыңда қала мәденистінің жаңа ауданы құрылды. Орта ғасыр деректері Толхир, Лабан. Екі оғыз, Каялық қалаларын айтады. Осы кезенде отырықшылық және кала тірлігі Орталық Казақстанға да жайылады. Қалалар мен мсксн жайлар Жезді, Кеңгір, Сарысу алқаптары. Ұлытау баурайынан қоныс тебеді.
Сол сияқты калалар Шығыс Казақстанда да, Ертіс бойында да пайда болады. Деректер қалалардың қимақтар меншігінде болғанын жазады. Олардың ішіндегі ең ірісі — хан (қаған) сарайы Имақия болған. Астанадан басқа Дамурия, Сарауыс, Банджар, Дахлан, Астур сияқты қалалар аталады.
Қосынды-ордалы қалалар Батыс Казақстанда, Жайық алқабынан салынады. Олар оғыз-түріктер меншігі саналған.
Қазба жұмыстары, өткен кезеңмсн салыстырғанда, оларды сату ісінде болған өзгерістер жайын көрсетеді.
Сырдария бойындағы Құйрықтөбе қала жұртының оңтүстік-шығыс жағындағы XI ғ. мен XII ғ. бас кезінде жататын бірнеше иримның қабағы ашылғанды. Олардың арқасында 8—10 үй бар екен. Қазылған бір ирамның көсілтік мәні бар болып шықты: онда құмырашылар тұрған екен. Жетісудың теріскей-батысындағы.
Талғар қала жұртын қазғанда, қала оның орам-орам салынғаны анықталды. оның аумағы Құйрық төбедегіден екен.
Жетісудың оңтүстік-батысындағы қалаларда тұрғын үйлердің, жаңа түрлері туады. Олардың ортақ сипаты — өстес-кіндіктес жоспар, мұнда тұрғынжай мен қоражайлар ауланың не залдың айналасына топтастырыла салынады. Ондай жоба қатардағы және бай үйлерге тән.
Жстісудың солтүстік-шығысының XI—XII ғғ. қалалық тұрғын үйлері бізге Талғар қаласы қазбаларынан белгілі. Мұндағы үйлер бір типтес. Олар 44-6 тұрғынжай мен қора-қопсылардан, ауладан тұрған. Үйдің іргесі қойтастардан қаланған. Құрылыста пахса, қам-кесектер, қыш, ағаш қолданылған.
Аулалар бітеу тас дуалдармен қоршалған. Олардың ішіндс қоралары, әрбір аттың бөлек тұрағы бар атқоралар болған. Талғардың кейбір үйлері аулаларында киіз үй тігетін де орын әзірленеді екен. Тұрғынжайлар мен мал қора-қопсысының, киіз үйлердің болуы Теріскей-шығыс Жетісу қалалары тұрғындарының өмірінде көшпелі мал өсіру дәстүрлсрінің сақталып қалғанынан хабар береді.
Керамика қолөнерінде де ілгері басқандық байқалады. Ерте ортағасыр кезеңімен салыстырғанда, қолмен жапсырып, сылап-сипап жасайтын ыдыс-аяқтар үлесі күрт төмендейді. Құйма керамика пайда болады. Қазақстан қалаларында шыны бұйымдар жасау ісі IX ғ. жатады, ал алардың жаппай таралуы X—XI ғғ. жүзеге асады. Мұндай бұйымдардың кең жайылған түрі — графиндер, қумыралар, кеселер, зерендер, сапты аяқтар, шөлмектер еді. Шыныдан терезе әйнектері де жасалады.
Каладағы аса маңызды кәсіптің бірі — темірші-ұста ісі болады. Темір бұйымдардың көптеп табылуы — осынау кәсіптің дамуынан, оның техникалық мүмкіндіктерінен хабар береді. Мыстан мүліктер жасайтын орындар қалалардың бәрінде де болған, өйткені мысты полиметаллар Қаратаудағы, Кырғыз, Талас, Іле, Жоңғар Алатау беткейлері болған.
Достарыңызбен бөлісу: |