Қарасай ауданы — Алматы облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1929 ж. құрылған. Алғашында Ленин, кейіннен (1935 ж. дейін) Калинин, 1935 жылдан Қаскелең, 1998 ж. қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің аумағы 2,1 мың км². Тұрғын халқының саны 159,1 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 67 елді мекен 1 қалалық әкімшілікке және 12 ауылыдық әкімшілік округке біріктірілген.
Мазмұны
1 Географиясы
2 Халқы
3 Өнеркәсіп орындары
4 Ауыл шаруашылығы
5 Ауылдық округтер
6 Дереккөздер
Географиясы[өңдеу]
оңтүстік, оңтүстікбатыс бөлігі таулы (іле Алатауының биік шыңды сілемдері), орталық бөлігі сай-жыралармен тілімделген жазық. Ауданның ең биік жері — Іле Алатауы баурайынан Ақсай өзені бастау алатын Айдатау шыңы (4029 м). Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан. Таулы шың қырғыз елі шекарасы тұсыңда орналаскан. Іле Алатауының осы батыс бөлігінде биіктігі 3000 м-ден асатын бірнеше таулар мен асулар (Тікқия, Үшқоңыр, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе, Емеген, құмбел, Қаскелең, да 1000 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзенідері ағып өтеді. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері одан басқа орыс (27%), түріктер (6%), әзірбайжандар (3,2%), ұйғырлар (2,6%), немістер (1,7%), татарлар (1,3%), күрдтер (1,3%), украиндер (1,2%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халық негізінен ауданның жазық бөлігінде қоныстанған. Оның орташа тығызд. 1 км²-қа шаққанда бар. Негізінен халық тығыз қоныстанған әрі шаруашылық тұрғыдан жақсы игерілген өңірі теңіз деңтейінен 800-1100 м биіктікті қамтыған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ьгстық. Қаңтардың жылдық орташа жұмсақсы — -6-9°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 300-500 мм, таукездеседі. Биік таулы белдеуде алмұрт, шие, алма, өрік, долана, арша, шырша, альпілік, субальпілік шалғын, жазық өңірде бетеге, жусан, ебелек, т.б. астық тұқымдас шөптесін өседі. Жануарлардан: арқар, таутеке, қасқыр, түлкі, қоян, борсық; құстардан: ұлар, кептер, бүркіт, сұңқар, т.б. мекендейді.
Халқы[өңдеу]
Ауданның халқы көп ұлтты. Негізгі халқы қазақтар (51%), 65,3 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш республика көрсеткіштен 11 есе көп. Тұрғын халықтың 24% қалалы елді мекендерде тұрады. ірі елді мекендері: Қаскелең қсы (36,6 мың адам), Шамалған (10,5), Шамалған станциясысы (9,1), Алатау (7,2), Каменка (6,8), Қарағайлы (6,0), Көксай (5,1), Абай (4,4), іргелі (4,5), Жалпақсай (4,1) және Ақжар (3,9) ауылдары.
Өнеркәсіп орындары[өңдеу]
Ауданда 1997 ж. етті-сүтті мал, құс, көкөніс, картоп, жеміс - жидек өсіруге мамандандырылған 20 шаруашылык, 4 ҒЗИ, ауыл шаруашылығы машиналарын сынау, құс есіру, тәжірибе станциясылары болған. Олардың негізінде 1997 жылдан 14 өндірістік кооператив, 2 ЖШС, 3088 шаруа қожалығы құрылды. Сондай-ақ, 1 асыл тұқымды, 2 тәжірибе шаруашылығы, 1 акц. қоғамға біріктірілді. Олар жеке меншік, шетел инвестициясына өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыс істеуде. "Хамле" ЖШС төтті тоқаштар өндіру, "Синтекс — 396 Қазақстан" ЖШС-і темекі өнімдерін, "Либелла-Ботлерс-Алматы" ЖШС-і алкогольсіз сусындар өндіреді.
Ауыл шаруашылығы[өңдеу]
Ауыл шаруашылығы саласында да ірі өзгерістер бар. 2002 ж. 1 қаңтарындағы есеп бойынша, аудан аумағында 3019 шаруа қожалығы құрылған. 2001 ж. Жаңа Шамалған темір жол стансасында (Шамалған стансасы) 15,2 мың т жүгері, картоп өнімдерін қайта өндейтін зауыт салынды. Жандосов ауылында асыл тұқымды бәйге аттарын күтіп-баптау, ат спортын жан-дандыру бағытындағы ипподром іске қосылды. Қарасай ауылының ауылыш-на жарамды жер 512,3 мың га, оның ішінде 49,3 мың га егістік, 22,1 мың га жайылым, 1,4 мың га шабындық бар. Аудан аумағында бірнеше ірі республика және облыс бағыныстағы көсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Олар: "Арал" сауықтыру-емдеу акц. қоғамы (Райымбек ауылы), облыс қан беру орталығы (Қаскелең қ.), ішімдікке құмарларды емдеу мекемесі (Ерменсай ауылы), Ақсай балалар клиникалық ауруханасы (Ақсай ауылы), 2 әскери бөлім (Ақжар және Шамалған ауылыдары), іле-Алатау ұлттық демалыс аймағы (Таусамал ауылы), Қаскелең аң аулау орман ш-ғы (Шамалған темір жолы. стансасы), Бірінші Май тәжірибе ш-ғы (Әшекеев ауылы), Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Қазақстан республика академиялық аграрлық зерттеулер Орталығының қазыналық көсіпорыны, Мемл. қазыналық асыл тұқымды мал зауыты (Каменка ауылы), Қаскелең қ-лық баспаханасы, мемлекеттік "Водоканал" коммуналдық кәсіпорыны (Қаскелең қ.), Қазақ мал шаруашылығы ҒЗИ (Каменка ауылы), Қазақ көкөніс және картоп өсіру ҒЗИ (Қайнар ауылы), Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ (Қарғалы ауылы), ҚР ауыл шаруашылығы мин-гі Қ. ауылы бойынша аумақтық комитеті (Қаскелең к ), Вильяме атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ (Алмалыбақ ауылы), Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің Еңбекші ауыл шаруашылығы өндірістік көсіпорны (Еңбекші ауылы), Қазақ құс өсіру ҒЗИ (Алма-лыбақ ауылы), Республикалық оқу-сауықтыру "Бөбек" орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мемлекеттік кәсіпорын департаменті "Жер астын зерттеу институты" көсіпорнының филиалы (Қаскелең қ.). Қ. ауданында мәдени және білім беру мекемелерінен 53 кітапхана, 1 музей, 7 мәдениет үйі, 1 колледж, 3 көсіптік-техн. мектеп, 46 жалпы білім беру орны, 2 балабақша тіркелген. Емдеу мекемелерінен "Сарыарқа", "Алма-Арасан", "Қарғалы", емдеу-сауықтыру орындары, "Орленок", "Электрон" оқушылар лагерлері, "Энергетик" демалыс үйі мен оқушылар лагерлері, сонымен бірге Қаскелең қалалық орталық ауруханасы, Шамалған ауылы мен Шамалған темір жолы станциясыларындағы ауылыдық ауруханалар елге қызмет көрсетеді. Басқа елді мекендерде 30 ауылыдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшеракушерлік пункттер бар. Аудан жерімен халықаралық маңызы бар Алматы-Қарағанды-Астана және Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы транзиттік автомобиль жолдары өтеді. [3]
Ауылдық округтер[өңдеу]
Қаскелең қаласы
Іргелі ауылдық округі
Щамалған ауылдық округі
Ұмтыл ауылдық округі
Жандосов ауылдық округі
Бірінші Май ауылдық округі
Райымбек ауылдық округі
Жаңашамалған ауылдық округі
Ельтай ауылдық округі
Әйтей ауылдық округі
Жамбыл ауылдық округі
Достарыңызбен бөлісу: |