Қорытынды:
«Жібек жолы» бағдарламасы
Ұлы Жібек жолына тармақтары өткен Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары Ұлы Жібек жолын әлемдік мұра тізіміне енгізуге ЮНЕСКО-ға ұсыныс енгізді. Ұлы Жібек жолының өркениет тарихындағы орасан зор рөлін ескере келіп, ЮНЕСКО халықаралық ұйымы «Жібек жолы» бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты — Ұлы Жібек жолы бағыттарымен жүзжылдықтар бойы елдер мен халықтар арасында байланыстың, сауда қатынастары мен өзара мәдени ықпалдастықтың болғанын ашып көрсету. Бағдарламаның іске асырылуын түрлі мамандардан құралған халықаралық ұйымдар қадағалап отырады. Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы Парижде ұйымдастырылды. Онда үлкен көрме ашылды. Көрмеде Орталық Азия халықтарының бірегей мәдени жетістіктері көрсетілді.
ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған құнды мұраны зерттеумен қатар, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне «Ұлы Жібек жолының» 30-дан астам тарихи және археологиялық ескерткіштерін енгізді. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан Батыс Еуропа — Батыс Қытай жолының Қазақстан жері арқылы өтетін бөлігі мыңдаған шақырымды құрайды. Ұлы Жібек жолы XXI ғасырда да бүкіл адамзат назарын өзіне аударуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы Жұмақаева Бақыт Дәулетханқызы Алматы 2010
Қазақстан тарихы Әминова Т.М. “Эверо” баспасы Алматы 2014
Қазақстан тарихы Таблицалар мен схема түрінде Қайырбекова Р.Р. Пак О.Ю. Ульянов Д.В. Алматы 2015
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
Қосымша:
Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары
Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен оснау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мұсқат жаңғағы, женьшень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, боялар мен минералдық шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен кораллдар, пілсүйегі мен «балық сояулары», құйма мен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсеп мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен сауда салу үшін Ферғананың атақты «тері қан болып шығатын» сәйгіліктері мен араб арғымақтарын, түйелері мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықты, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген. Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкіністер мен жемістер, түрлі көктер әлемгі таратылған.
Дегенмен сауданың басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық алюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.
Керуен жолымен тасылатын жіек пен басқада тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар - соның айғағы. Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады екен. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шар-тараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістанндағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан – Қырымның, кішіазиялықтан – Сиваси, Кония, Тебриздің, Қазақстаннан – Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез – ХІІІ ғ.
60-жж. Екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар.
Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген тап бола қалса, кеңінен тарп кетеді екен.
Достарыңызбен бөлісу: |