Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.
Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.
Археологиялық ең маңызды міндеттерінің бірін ескерткіштер жасын анықтау құрайды. Мерзімді анықталған ескерткіштердің,мәдени қабаттардың және бұйымдарды өзара салыстыру қажет болған жағдайда синхрондау міндеті пайда болады.
Археологиялық нысандардың жасын анықтау 3 топқа бөлуге болады.
1.Тарихи-филологиялық
2.Археологиялық
3.Жаратылыстану
Тарихи -филологиялық
Археологиялық
Жаратылыстану
Ескі шығармалар,ежелгі жазулар,теңгелер,бұйымдар,сурет бейнелері негізгі көркемдік ерекшеліктер
Стратиграфиялық,типологиялық
Археомогнетизм,дендрохронология,радиоизтоптар,термолюминесцени яжәне т.б.
Салыстырмалы мерзімдеу Археологияда жас анықтаудың екі жүйесі пайдаланылады: салыстырмалы және абсолютті болып табылады. Салыстырмалы мерзімдер көмегімен мәдени қабаттардың, құрылыстардың және құбылыстардың өзара бір-біріне қатынасты орыны анықталады, олардың уақыт ішіндегі ізбе-ізділігі немесе бір мезгілділігі орнатылады. Яғни ол нақты бір аймақтағы археологиялық мәдениеттердің қайсысы біршама ежелгі, ал қайсы бірі жасырақ, белгілі бір есірткіштегі мәдени қабаттардың немесе ғимараттардың қайсы бірінің жасы үлкен, ал қайсысының жасы кіші екендігін көрсетеді. Салыстырмалы мерзімдеу үшін стратиграфиялық ізбе-ізділіктермен қатар артефактілердің пішініндегі және басқа ерекшеліктеріндегі өзгерістердің типологиялық ізбе-ізділіктері қолданылады.

Абсолюттік мерзімдеу
Абсолюттік мерзімдеу
Егер археологиялық кешенде мәдени қабаттан табылған уақыты анық заттар (мысалы, теңге, эпиграфикалық олжа және т.б.) болса, олардың негізінде кешеннің абсолюттік мерзімі анықталуы мүмкін. Мысалы, б.з.д. ІІ мың жылдық немесе ХІІІ ғ. басы және т.б. Алғашқы археологияда тұрақтардың абсолюттік жасын анықтау үшін геологиялық, палеоботаникалық және палеонтологиялық мәліметтер пайдаланылады. Жоқ болып кеткен жануарлардың сүйектері мен топырақтан алынған ежелгі өсімдіктердің тозаңы бойынша, кейбір жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік еткен геологиялық уақытын біле отырып, ескерткіштің немесе кешеннің хронологиясын анықтауға болады.
Радиокарбондық, немесе радиокөміртектік әдіспен ағаш, күйген ағаш көмірі, сүйек және т.б. органикалық заттардың, сонымен қатар, темірдің абсолютті жасын анықтауға болады. Бұл әдіс С14 көміртегі (14 атомдық салмаққа ие) изотопының жартылай ыдырау уақытын пайдаланады. Өсімдіктер мен жануарлар сүйектерінде 14 атомдық салмаққа ие көміртегі жиналады. Организмдегі тіршілік тоқтаған кезден бастап олардың құрамындағы көміртегі концентрациясы бірте-бірте азая бастайды. Оның құрамындағы С14-тің сақталған көлеміне қарап, сол организмдегі тіршіліктің тоқтаған уақыты анықталады. С14 изотопының жартылай ыдырау уақыты 40 жылдық қатемен 5730 жылға тең.
Дендрохронологиялық шкала бойынша ағаштан жасалған құрылыстардың б.з.д. 5150 ж. бастап осы уақытқа дейінгі (7000 жылдан астам) хронологиялық уақытын аса дәлдікпен анықтауға болады. Ресей ғалымдары дендрохронологиялық әдісті қолдана отырып, ортағасырлык Новгород, Псков, Смоленск және т.б. қалалардағы ағаш құрылыстардың салынған уақытын және оларда жүргізілген жөндеу жұмыстары мен қайта құрылған үйлердің, көпірлердің және жолдардың жасын анықтады.Дендрохронологиялық шкала арқылы ағаштан салынған құрылыстардың абсолюттік жасымен бірге бірқатар археологиялық ескерткіштердің салыстырмалы хронологиясы да анықталды. Мысалы, Пазырық обаларының, Швейцариядағы тіреуге салынған құрылыстардың салыстырмалы хронологиясы белгілі.Дегенмен, бұл әдіс дендрохронологиялық шкаласы жасалған аймақтар мен ағаш құрылыстар кең тараған жерлердегі ескерткіштердің абсолютті хронологиясын анықтауда ғана тиімді.
Пайдаланған әдебиеттер
Авизова А Қ Археология
А.И. Мартынов, Я.А. Шер — Методы археологического исследования