Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы туралы ақпарат



Дата26.06.2018
өлшемі15,42 Kb.
#44224
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы туралы ақпарат
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 2014 жылғы 28 сәуірде құрылды. Кафедра меңгерушісі - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гривенная Людмила Александровна.

2014 жылдың 4 сәуірінде кафедраның салтанатты түрде тұсаукесері болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының негізгі мақсаты қоғамның одан ары бірігуі, этноконфессионалдық қатынастарды үйлестіру, этносаралық келісімді нығайту болып табылады.

Кафедраның қызметі университеттің оқытушылық-профессорлық құрамының зияткерлік әлеуетін мемлекеттік, білім беру мекемелерінің және этносаралық қарым-қатынастар мәселелері бойынша облыстағы этномәдени қоғамдық ұйымдар қызметінің тәжірибесімен ұштастыруға бағытталған.

Университет ұжымы деректер банкін құрастыруда, этнодемография, этнолингвистика, этнопедагогика, этнопоэтика, этнология, этнополитика, фольклористика, дінтану, өлкетану, патриотизмді қалыптастыру, ұлттық спорт түрлері және т.б. бойынша ғылыми еңбектер және ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеуде.

Кафедра университеттің оқыту және тәрбиелеу үдерістеріндегі ғылыми-әдістемелік қолдауды жүзеге асырып, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктеріне консультативтік-әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.

Кафедра қызметкерлері барлық мамандықтағы студенттерге Қазақстан аумағындағы студенттердің тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси аспектілердегі үдерістер мен құбылыстар туралы түсінігін қалыптастыруға үндейтін «Этноконфессионалдық келісімнің қазақстандық үлгісі» арнайы курсын өткізеді, бұл жас ұрпақтың заманауи әлемде дұрыс бағдар алуына, толеранттылықты сақтауға, қазақстандық қоғамдағы рухани келісімге, Қазақстан халқының бірігу үдерісіне белсене қатысуына және азаматтық қоғамдастықтың қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Кафедрада республикалық гранттар бойынша қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін ғылыми жобалар жасалады.

Кафедра қызметкерлері студенттік ғылыми қоғам қызметінің шеңберінде жұмыс жасайды. Студенттер оқытушылардың басшылық етуімен студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстарына, халықаралық, республикалық және діни ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп ҚХА кафедрасының қызметкерлері мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері этномәдени бірлестіктер жұмысымен танысу және оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс аудандарына шығып "Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы" Мега-жобасының 2-кезеңіне қатысады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы облыстық ассамблеяға, ғылыми-эксперттік топқа, этномәдени орталықтарға, № 17 ұлттық-өркендеу мектеп-кешеніне және Петропавл қ. мен Солтүстік Қазақстан облысының басқа оқу мекемелеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді.

ҚХА кафедрасы Қазақстан және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Кафедра қызметкерлері этносаясат мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең аудиторияға танымал етеді.

Кафедра діни сауаттылық деңгейін жоғарылатуға, жастардың радикалды секталарға тартылуының алдын алуға, рухани-адамгершілікті дамытуға, патриоттық тәрбиеге, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға баса назар аударады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне байланысты, қала мен облыс қоғамдастығының кең байланысына қатысты ғылыми әзірлемелер жасауға ықпал етуді үндейді.



Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары - бұл этносаралық келісімді, мәдениетаралық диалог пен Қазақстан халқының ары қарай бірігуін сақтаудағы жоғары ғылыми әлеуетке ие, келешегі зор құрылым.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет