Ассамблея қызметінің қағидаттары: Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
Халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;
Нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына қарамастан немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;
Ассамблея мүшелерінің оның құрамындағы қызметі үшін тең құқылығы және дербес жауапкершілігі;
Жариялылық.
Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары:
Мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу; мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
Этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін елде және шет елдерде насихаттау;
Этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;
Этносаралық қатынастардың, оның ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласындағы жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру;
Мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысу;
Шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланысын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;
Этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, жанжалды жағдайларға жол бермеу және оларды шешуге қатысу бойынша ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру; этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;
Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;
Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Қазақстанның басқа этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
Этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет.
Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблеяның, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының аппараты